Оқу курсының түрі: ТК (таңдау компоненті) «Химия тарихы» пәнінің мақсаты: болашақ мамандарды жалпы химияның және оның жеке бөлімдерінің дамуымен, химиялық білімнің жинақталу процесімен таныстыру. Сонымен қатар, студенттерге ғылымды - материалдық дүниені зерттеуде логикалық бірлікте, үздіксіз және белгілі бір заңдылықта дамитын білім жүйесі ретінде қалыптасатын процесс екенін ашып көрсету болып табылады.
«Химия тарихы» пәннің негізгі міндеттері: білім алушыларда білім беру бағдарламасындағы пәндік құзыреттіліктермен қатар пән бойынша оқыту нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады.