Білім беру бағдарламасы: В10102 «Әскери медицина» Курсы: Пән атауы: Қоғамдық денсаулық сақтау Пәннің коды : kds 3309



бет3/5
Дата09.10.2023
өлшемі49,64 Kb.
#184345
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 к ВМ ОЗ каз

4. Пререквизиттер: Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, Клиникаға кіріспе, Биостатистика.
Постреквизиттер: Дәлелді медицина, Ішкі аурулар, Балалар аурулары, Жалпы хирургия; Акушерия және гинекология, Жалпы дәрігерлік тәжірибе.


5. Сабақ жоспары:



Пән

Кредит
тер саны

Сағат

Оның ішінде

Қорытынды бақылау түрі

Д/ПС

БӨЖ

ОБӨЖ

Қоғамдық денсаулық сақтау

3

90

4/26

45

15

Межелік бақылау – ауызша;
Аралық бақылау – компьютерлік тестілеу.

6. Сабақтардың тақырыптық жоспары:
Дәрістердің тақырыптық жоспары № 1 үлгі





Дәрістер тақырыптары

Сағат саны

1

Қоғамдық денсаулық сақтау ғылым және пән ретінде. Тұрғындардың денсаулық көрсеткіштері.

1

2

Тұрғындар аурушаңдығы, оны зерттеу әдістері. Әлеуметтік маңызы бар аурулар.

1

3

Тұрғындар денсаулығына әсер етуші факторлар.

1

4

Денсаулық сақтауды жоспарлау және қаржыландыру сұрақтары. Міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру негіздері.

1




Барлығы:

4

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары № 2 үлгі







Сабақ тақырыбы және тақырыптың негізгі сұрақтары

Сағат саны

1

ТС: Қоғамдық денсаулық сақтауға кіріспе. Қоғамдық денсаулық сақтаудың зерттеу әдістемесі
1. Қоғамдық денсаулық сақтау, қоғамдық денсаулық анықтамалары.
2. Қоғамдық денсаулық сақтаудың бөлімдері.
3. Қоғамдық денсаулықты зерттеудің негізгі әдістері.

1

2

ТС: Статистика негіздері. Статистикалық жиынтық. Жалпы және таңдамалы жиынтық. Салыстырмалы шамалар.
1. Статистика ғылым ретінде; медициналық статистиканың маңызы.
2. Статистикалық жиынтық және оны сипаттайтын негізгі ұғымдар.
3. Статистикалық зерттеуді ұйымдастыру.
4. Статистикалық жиынтықтың түрлерін атаңыз.
5. Салыстырмалы шамалар (көрсеткіштер) түрлері және денсаулық сақтау ісінде қолданылуы.

1

3

ТС: Вариациялық қатарлар. Белгінің орта шамасы. Белгілердің әр түрлілігі критерийлері.
1. Вариациялық қатардың негізгі ұғымдары.
2. Орта шамалардың қолданылуы.
3. Орта шамаларды есептеу әдістері.
4. Белгілердің әртүрлілік критерийлерін есептеу әдістері.

1

4

ТС: Зерттеу нәтижелерінің нақтылығы. Белгілер арасындағы байланыс түрлері.
1. «Нақтылық» түсінігінің анықтамасы.
2. Корреляциялық коэффициент нақтылығын бағалау.
3. Зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын бағалау әдістері, олардың қолданылу шарттары.
4. Белгілер арасындағы байланыс түрлерін атаңыз.

1

5

ТС: Демография. Негізгі демографиялық көрсеткіштер.Оларды есептеу әдістемесі.
1. Медициналық демография, оның негізгі бөлімдері.
2. Тұрғындардың механикалық қозғалысы. Миграциялық процестерді зерттеудің денсаулық сақтау ұйымдары үшін маңызы.
3. Тұрғындардың табиғи қозғалысы. Оның негізгі көрсеткіштері.
4. Тұрғындардың туу және өлім көрсеткіштерін есептеу формулаларын келтіріңіз.
5. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес тірі және өлі туылу критерийлері.
6. Тұрғындардың жастық құрылымының типтері.

2

6

ТС: Тұрғындар аурушаңдығы. Тұрғындар денсаулығын кешенді бағалау. Аурушаңдық көрсеткіштері.
1. Аурушаңдықтың негізгі түрлері (біріншілік, жалпы және патологиялық зақымдану).
2. Аурушаңдықты зерттеудің мәлімет көздері: негізгі және қосымша.
3. Халықаралық аурулардың статистикалық жіктелісінің X-шы қаралымы. Маңызы және оны құрастырудың негізгі қағидаттары.

2

7

ТС: Тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастырудың принциптері. Қала тұрғындарына ауруханалық көмекті ұйымдастыру.
1. Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың негізгі қағидаттары.
2. Көпсалалы қалалық аурухананың құрылымы.
3. Реаниматологиялық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру.
4. Қалпына келтіру және медициналық оңалту бөлімшелері.
5. Госпитализациялау бюросы порталы және оның қызметі мен маңызы.
6. Ауруханалардың қызметін талдау үшін қандай көрсеткіштер қолданылады?

2

8

ТС: Қала тұрғындарына амбулаторлық-емханалық көмекті ұйымдастыру. МСАК –тағы цифрландыру.
1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуді ұйымдастырудың негізгі қағидаттары.
2. Қалалық емхананың негізгі құрылымдық бөлімдері.
3. Емханалық қызметтегі ақпараттық жүйелер. Кешенді медициналық ақпараттық жүйе (КМАЖ).
4. Электрондық тіркеу бөлімі. E-gov порталы. Дәрігер қабылдауына электрондық жазылу.
5. Амбулаториялық-емханалық мекемелердің қызметтік көрсеткіштері
Межелік бақылау – 1

2

9

ТС: Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру.
1. Ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесі жұмысындағы кезеңділік.
2. Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін медициналық мекемелер құрылымы.
3. Жүктілік пен босану кезіндегі медициналық көмек.
4. Әйелдерге гинекологиялық көмек көрсету.
5. "Жүкті және фертильді жастағы әйелдерді тіркеу"ақпараттық жүйесі.
6. Перзентхананың қызметі (акушерлік бөлімше)

2

10

ТС: Балаларға емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру.
1. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмекті ұйымдастырудың ерекшеліктері.
2. Балаларға стационарлық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптері.
3. Әр түрлі жастағы балаларды бақылаудың диспансерлік әдісі.
4. Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде балаларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
5. Балалардағы скрининг.

2

11

ТС: Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастыру.
1. Ауыл тұрғындарына медициналық көмек ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы.
2. Медициналық пункт, фельдшерлік-акушерлік пункт, ауылдық дәрігерлік аурухана. Негізгі міндеттері мен қызмет көлемі.
3. Орталық аудандық аурухана: оның міндеттері, құрылымы және қызметі.
4. Облыстық медициналық мекемелер. Облыстық аурухананың құрылымы мен қызмет көлемі.
5. Ауылдық денсаулық сақтаудың негізгі бағыттары (міндеттері)

2

12

ТС: Денсаулық сақтау мекемелерінде еңбекке жарамсыздық сараптамасын ұйымдастыру.
1. Уақытша еңбекке жарамсыздықтың түрлерін атаңыз.
2. Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасын беру ережелері.
3. Дәрігерлік кеңес комиссиясы (ДКК) құрамы және қызметі.

2

13

ТС: Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг.
1. Менеджменттің анықтамасы. Менеджменттің функциялары.
2. Басқару әдістері (әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық).
3. Басқару стильдері. Олардың салыстырмалы сипаттамалары.
4. Маркетингтегі 7P түсінігі.
5. Медициналық көмектің қызмет ретіндегі сипаттамасы.
6. Қызметтің өмірлік циклы түсінігі.
7. Тұтынушылық нарықты сегменттеу түрлері.

2

14

ТС: Денсаулық сақтаудағы сапаны бақылау.
1. Денсаулық сақтаудағы сапаны бағалаудың негізгі түсініктері.
2. Медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторларын атаңыз.
3. Медициналық қызмет сапасына сараптаманың негізгі қағидаттарын атаңыз.
4. Лицензиялау, аттестаттау және аккредитация – денсаулық сақтаудағы сапа бақылауының кезеңдері
5. Медициналық көмектің сапасын басқару саласындағы нормативтік-құқықтық актілер.

2

15

ТС: Ауруларды Басқару Бағдарламасы - адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Бағдарлама.
1.Бағдарламаның негізгі мақсаттарын атаңыз.
2. Созылмалы инфекциялық емес ауруларға
3. АББ-на қатысатын аурулар
4. Мультисалалық команда мүшелері
5. АББ-на қатысушы пациенттерді іріктеу
6. Бағдарламаның күтілетін нәтижелері
Межелік бақылау – 2

2






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет