Ұсынылатын дәріс сабақтары
№1-2. Дәріс
Тақырыбы: Топырақтың органикалық бөлігі
Мақсаты: Топырақтың органикалық заттары мен өсімдіктер қалдықтарының ыдырауы.
Негізгі сұрақтар:
1-2.1.Топырақтың органикалық заттарынның көздері
1-2.2.Орман төсеніші,оның құрылымы мен қасиеттрі
1-2.3.Топыраққа түсетін органикалық заттардың ыдырауы
Топырақтың органикалық заттары деп өсімдіктер, жануарлар,микроағзалардың ыдырауы мен шіруі деңгейлеріндегі олардың өлі қалдықтарын, сонымен бірге қарашірік қышқылдарымен олардың тұздарын атайды.
1-2.1.Топырақтың органикалық заттарының көздері. Топырақтың органикалық заттарының алғашқы және басты көздеріне жоғарға және төменгі сатыдағы өсімдіктер жатады, олардың қоры тіршілік үрдісі барысында өсе береді.ормандардағы жер бетінің органикалық заттар қоры әр гектарда 400-800 т аралығында болада.Ормандар жыл сайын гектарынан 5-10 т жасыл масса берсе,шалғындар 1 гектардан 2,5-7 т жасыл масса береді.Өсімдіктердің жер астындағы органикалық заттарының қоры да айтарлықтай көп.
Ормандағы ағаш тамырларының салмағы 10-нан 12 т-ға дейін барады, ал шалғындар 7-ден 18 т т-ға дейін жетеді.
Орман мен шалғындардағы өсімдіктердің жер асты және жер үсті бөліктерінің қатынасы әр түрлі.Орманда тамыр жүйелерінің салмағы шамамен 10-30%,шалғындарда 60-80%.Далалық жердің көптеген өсімдіктерінің тамыр жүйелері жер бетіндегі массасына қарағанда көп.
Ормандарда ағаш тектес өсімдіктер басым болады,онда жыл сайын,органикалық заттардың бір бөлігі ғана өледі.Олардың көп бөлігі жер бетінде қалып,аз бөлігі топыраққа түседі.Жыл сайын 2-5 т/ га қылқандар,жапырақтар және жаңқалар,12-15 т/га қураған ағаш тіндері және 2-3т/га тамырлар түседі.Жыл сайын өлетін өсімдіктер бөлігі 2-5т құрайды.Шалғындарды әсіресе біржылдық шөптесін өсімдіктердің, жер бетіндегі де,жер астындағы да бөліктері қурап,шіриді.
Органикалық заттардың біраз мөлшері топырақта өлетін микроағзалар мен жануалар қалдықтарынан тұрады.
Органикалық заттардың топыраққа түсу уақыты әр түрлі.Орманда органикалық заттардың түсуі жаздың екінші жартысынан бастап күздің аяғына дейін,суық түскенше түседі. Мүкті жамылғы қыста өледі. Шалғындық шөптер алғашққы суық түскеннен кейін,ал дала өсімдіктерінің көпшілігі-ыстық жаздың ортасында құрай бастайды.
Топыраққа түсетін органикалық қалдықтардың химиялық қүрамы әр түрлі.Олардың көп бөлігі келесі элементтерден тұрады:көміртегі-45%,оттегі-42%,сутегі-6,5%,азот-1,5% және басқа элементтер-2-10%. Органикалық заттар целлюлозадан, лигниннен, майлардан, ақуыздардан, эфирлерден, шайырлардан, қышқылдардан және табиғи әр түрлі ферменттерден тұрады (1-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |