ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
«Инженерлі- технологиялар» институты
«Аграрлық технологиялар» кафедрасы
6В08171 (5B080100) «Агрономия» білім беру бағдарламасына арналған
«Топырақ қорғау егіншілігі» пәннің
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қызылорда қаласы
Пәннің оқу –әдістемелік кешенін дайындаған: аға оқытушы Демесінова А.А.
Оқу әдістемелік кешен 5В080100 «Агрономия» мамандығы арналған.
Оқу-әдістемелік кешен «Аграрлық технологиялар» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № ___ ''____'' ___________ 20 ж.
Кафедра меңгерушісі: С.Ж.Бекжанов
Ауыл шаруашылығы бағытындағы мамандықтар бойынша Академиялық кеңесінде қаралып, бекітілді.
Хаттама № ___ ''____'' ___________ 20___ж.
Кіріспе
Топырақ әртүрлі мөлшердегі бөлшектерден тұратын дисперсті табиғи дене, сол себепті оның физикалық қасиеттері тығыз денелердің қасиеттерінен айрықша. Топырақта барлық кеңістік қатты бөлшектермен толтырылмаған, олардың арасында су, ауа, микроағзалар болатын кеуектер бар.
Топырақтың органикалық заттарының алғашқы және басты көздеріне жоғарға және төменгі сатыдағы өсімдіктер жатады, олардың қоры тіршілік үрдісі барысында өсе береді.Ормандардағы жер бетінің органикалық заттар қоры әр гектарда 400-800 т аралығында болада.
Топырақтардың физикалық қасиеттері және онда жүретін физикалық үрдістер топырақтың түзілу үрдісіне, топырақтың құнарлығына, өсімдіктердің өсуіне және дамуына зор әсер етеді. Физикалық қасетттер барлық уақытта физикалық, химиялық, физика-химиялық және биологиялық үрдістердің әсер етуінен, сонымен бірге адамдар жүргізетін агротехникалық шаралар әсерінен өзгеріп отырады.
Топырақ физикасының негізін қалаушылар П.И.Костычев, А.А Измайльский, Г.Н.Высоцкий, В.Р.Вильямс және басқалар. Тоыпарқ физикасын дамытуда үлкен рөлді Н.А.Качинский, В.В.Квасников, А.Ф.Лебедев, А.А.Роде және т.б. атқарды.
Топырақтардың физикалық қасиеттері негізгі және функционалдық болып бөлінеді. Негізгі өз кезегінде – жалпы физикалық және физикалық-механикалыққа; ал функциональдық – сулық, жылулық, ауалық болып бөлінеді.
Ормандарда ағаш тектес өсімдіктер басым болады,онда жыл сайын,органикалық заттардың бір бөлігі ғана өледі.Олардың көп бөлігі жер бетінде қалып,аз бөлігі топыраққа түседі.Жыл сайын 2-5 т/ га қылқандар,жапырақтар және жаңқалар,12-15 т/га қураған ағаш тіндері және 2-3т/га тамырлар түседі.Жыл сайын өлетін өсімдіктер бөлігі 2-5т құрайды.
Органикалық заттардың біраз мөлшері топырақта өлетін микроағзалар мен жануалар қалдықтарынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |