Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет243/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Сабақтың мақсаты: Вегетативті жүйке жүйесі және оның симпатикалық, парасимпатикалық бөлімдерін білу.


Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
Вегетатнвті жүйке жүйесі жануарлар организмінде ішкі мүшелер және тамырлар жүйелерінің қызметтерін реттейді. Бұл жүйенің жоғары вегетативтік орталықтары аралық, ортаңғы және сопақша ми бөлімдеріндегі қыртысасты ядроларында орналасады, яғни олар үлкен ми қыртысы орталықтарымен тікелей байланыста болмайды. Олардың байланысы аралық байланыстырғыш нейроциттердің деңгейінде ғана жүреді. Вегетативті неироцнттердің көбі мүшелер қабырғаларында немесе олардың қабырғаларынан тыс жатқан жүйке ганлийлерінде (түйіңдерінде) орналасады. Олардан шығатын жүйке өсінділерінін көбі сомалық жүйке талшықтарына қарағаңда жіңішке миелинсіз жүйке талшықтарын түзеді және олар жүйке тітірркеністерін баяу өткізел: (0,5 - 2 м/с). Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық бөлікке (pars sympatica) және парасимпатикалық бөлікке (pars parasympatica) бөлінеді. Вегетативті жүйке жүйесінің аталған бөліктері орталық жүйке жүйесінің белгілі бір бөліктерінде орналасқан. Вегативті жүйке жүйесі төмеңдегідей белімдерден тұрады:
1) орталықтардан,
2) түйіналды (преганглиоңды) жүйке талшықтарынын, (миелинді)
3) жүйке түйіндерінен (ганглийлерден),
4) түйінсоңы (постганглионды) жүйке талшықтарынан (миелинсіз)
Симпатикалық жүйке жүйесінің орталыгы жұлынның сұр затында, оның көкірек-бел сегменттерінің латеральды мүйіздерінде біртұтас орналасады. Ол мультиполярлы нейроциттерден құралған. Нейро­циттер аксондары миелинді жүйке талшықтарын түзіп, вентральды жұлын түбіршіктері құрамында омыртқа бағаны өзегінен шығады да, ақбайланыстырғыш тармақтар ретінде жұлын жүйкелерінен бөленіп, симпатикалық жүйке түйіңдеріне (ганглийлерге) бағытталады. Бұларды түйіналды (преганглионды) миелинді жүйке талшықтары - деп атайды. Аталған жүйке талшықтары симпатиқалык жүйке түйіндеріңдегі мультиполярлы вегетативтік нейроциттерде синапс арқылы аякталады.
Симпатикалық жүйке жүйесінің ганглийлері жұп омыртқамаңы ганглийлері және тақ омыртқаалды ганглийлері болып екі топка бөлінеді
Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталықтары симпатикалық жүйке жүйесінің орталық тәрізді орталық жүйке жүйесі мүшелерінде біртұтас орналасады. Жүйке жүйесінің бұл бөлімінде барлығы алты өзіндік орталық болады. Олар ортаңғы мида, сопақша мида және жұлынның кұйымшақ бөлімінің сегменттері сұр затының латеральды мүйіздерінде орналасады.
Ортаңғы ми орталығы көз-қимыл жүйкесінің парасимпатикалық ядросыңда
Сопақша мида төрт орталық болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет