Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»


Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары



бет420/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
Өңеш (пищевод) — oesophagus — жұтқыншақты қарынмен жалғастырып, жұтылған азықты ауыз куысынан қарынға жеткізетін, ұзын түтікше мүше. Денедегі орналасу орындарына байланысты ол үш бөліктен: мойын бөлігінен (pars cervicalis), көкірек бөлігінен (pars thoracica) және құрсақ бөлігінен (pars abdominis) тұрады. Түтікше мүше ретінде өңештің қабырғасында үш қабық ажыратылады. Олар: ішкі кілегейлі қабық, ортаңғы етті қабық және сыртқы мойын бөлігінде адвентиция қабығы, ал көкірек пен құрсақ бөліктерінде сірлі қабық.
Қарын болімдерінің санына байланысты түрлері: бір болімді және көп болімді қарын болып екі топқа, ал кілегейлі қабығының құрылысына сәйкес: безсіз, безді және безсіз-безді немесе аралас қарын болып үш топқа болінеді.
№ 1 препарат. Өңеш.
Өңештің гистологиялық суретін салып, мына атауларды белгілеңіздер:
1.Кілегейлі қабық: көп қабатты мүйізделмейтін жалпақ эпителий, өзіндік пластинка, кілегейлі қабықтың етті қабаты кілегейлі асты қабаты, өңеш бездері.
2.Етті қабық: сақинаша қабат, ұзынша қабат.
3.Адвентиция.
№ 2 препарат. Безді қарын.
Препаратты кіші обьективпен қарап, кілегейлі қабықтың біркелкі боялған жерлерін табыңыздар да, қарын бездері жақсы көрінетін жерлерін қойыңыздар. Қарынның қабырғасындағы үш түрлі қабықты бір-бірінен ажыратыңыздар. Без өзектерінің қарын шұңқырларына ашылған жерлеріне көңіл бөліңіздер. Қарынның үш қабығын, бездерін қамти отырып, оның суретін салыңыздар.Суретте мынадай атауларды белгілеңіздер:
1.Кілегейлі қабық: бір қабатты призма тәрізді безді эпителий, қарын шұңқырлары, өзіндік пластинка, қарын түбінің өзіндік бездері: мукоциттер, негізгі жасушалар, париетальды жасушалар, етті қабат, кілегейлі асты қабат.
2. Етті қабық: ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабат.
3.Сірілі қабық: борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат және мезотелий.
№ 3 препарат. Мес қарын.
Суретте мына атауларды белгілеңіздер: 1. Кілегейлі қабық: көп қабатты мүйізделетін жалпақ эпителий, өзіндік пластинка, бүрлер, етті қабат, кілегейлі асты негіз. 2. Етті қабық: ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабаттар. 3. Сірілі қабық: борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат және мезотелий.
№ 1 препарат. Қойдың жұмыршақ қарны. Жұмыршақтың гистологиялық құрылысы суретін салып, мынадай атауларды белгілеңіздер: кілегейлі қабық: көп қабатты мүйізделетін жалпақ эпителий, өзіндік пластинка, етті қабат, кілегейлі асты қабаты, етті қабық: сақинаша және ұзынша қабаттар, сірілі қабық: борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат және мезотелий.
№ 2 препарат. Бұзаудың қатпаршақ қарны. Суретте мына атауларды белгілеңіздер: 1. Кілегейлі қабық: көп қабатты жалпақ эпителий, өзіндік пластинка, жапырақшалар, етті қабат, кілегейлі асты қабаты. 2. Етті қабық: ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабаттар. 3. Сірілі қабық: борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат және мезотелий.
№ 3 препарат. Ұлтабар. Ағзаның кілегейлі қабығының суретін салып, оның қабаттары мен безінің құрылысын белгілеңіздер: кілегейлі қабық, оның құрамында: қарын шұңқырлары, бір қабатты призма тәрізді эпителий, өзіндік пластинка, ұлтабардың - фундальды бездері, мукоциттер, негізгі гландулоциттер, париетальды гландулоциттер, аралық дәнекер ұлпасы, қан тамырлары, бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы пластинкасы, кілегейлі асты қабаты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет