Бақылау сұрақтары 1. Бұлшық еттер жүйесіне сипаттама беріп,оларға тән қасиеттерді атаңыз.
2.Мүше ретіндегі бұлшық еттердің құрылысы және қызметі
3. Бұлшық еттер қандай топтарға жіктеледі? Оларға толық сипаттама беріңіз.
4.Жауырынды тұлға мен бас аумағына қандай бұлшық еттер бекітеді?Олардың басталатын және аяқталатын жерлерін, жануарлардың түрлеріне байланысты құрылыс ерекшеліктері мен қызметтерін қайталап пысықтаңыз.
5.Тоқпан жілікті тұлға мен бас аумағына қандай бұлшық еттер бекітеді?Олардың басталатын және аяқталатын жерлерін, жануарлардың түрлеріне байланысты құрылыс ерекшеліктері мен қызметтерін қайталап пысықтаңыз.
6. Омыртқа бағанының бұлшық еттері қандай топтарға жіктеледі?
7. Қандай бұлшық еттер омыртқа бағанының дорсальды бұлшық еттерін құрайды?
8.Қандай бұлшық еттер омыртқа бағанының вентральды бұлшық еттерін атап,олардың құрылысын және жануарлардағы ерекшеліктерін еске түсіріңіз
9.Тақырып мәтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып,оларды жаттаңыз