Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет124/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Дәрістің қысқаша мазмұны:
1-сұрақ. Эндокринді бездер (ЭБ) биологиялық белсенді заттар – гормондарды жануарлар организмдерінің ішкі сұйық ортасына бөлу арқылы дене мүшелері мен жалпы организмдегі зат алмасу процесін, организм ұлпалары мен мүшелерінің дамуы мен сомалық өсу және көбею қызметтерін реттеуге қатысатын, құрылысы жағынан паренхималы мүшелер мен жекеленген клеткалар жүйесі. ЭБ микроайналым арнасы қан тамырларымен жоғары деңгейде жабдықталған. Бұлардың шығару өзектері болмайды. Организм мшелері мен мүшелер жүйелері қызметтерінің сұйық ұлпалар (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) арқылы реттелуін сұйықтық (гуморальды) реттелуі дейді. ЭБ - біріктіргіш (интеграциялық) мүшелер жүйелері тобына жатады. ЭБ-дің гуморальды реттелуі жүйке жүйесінің басқаруымен іс жүзіне асады. Бұларды біріктіріп, нейрогуморальды реттелу деп атайды. Нейросекреторлы нейроциттер нейрогормондар бөлу арқылы жүйке жүйесі мен ЭБ-дерді байланыстырып, аралық қызмет атқарады. ЭБ гормондары организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын (гомеостаз) және оның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді. Паренхималы мүше ретінде ЭБ – паренхимадан және стромадан тұрады. Без паренхимасын эпителий және жүйке ұлпасы құрайды. Безді эпителиоциттер қан капиллярларымен жанаса орналасатын көпіршіктерді, бағандарды, бауларды құрайды.
Химиялық құрамы жағынан гормондардың көпшілігі белоктарға (пептидтер, олигопептидтер, гликопептидтер, амин қышқылдарының туындылары) және стероидтарға (жыныс гормондары, бүйрекүсті без қыртысының гормондары – холестерин туындылары) жатады.
ЭБ – таза ЭБ (гипоталамус, гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, бүйрекүсті безі) және қосарлы ЭБ (тимус, ұйқы безі, ен, жұмыртқалық, бүйрек, плацента), ал қызметтеріне байланысты орталық ЭБ және шеткі ЭБ болып бөлінеді. Даму тегіне байланысты: 1) эпителиальдық Б (аденогипофиз, қалқанша Б, қалқаншамаңы Б, бүйрекүсті Б қыртысы, ұйқы Б аралшықтар, тимус), 2) жүйкелік Б (бүйрекүсті Б бозғылт заты, параганглийлер), 3) жүйкеглиальдық Б (нейрогипофиз, эпифиз) болып бөлінеді.
2 – сұрақ. Гипоталамус (Г) – ЭБ жүйесінің жоғары және негізгі орталық мүшесі. Ол аралық ми құрамына кіретін ми орталығы ретінде (3-ші ми қарыншасының төменгі қабырғасын және түбін құрайды), вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерінің жүйкелік және эндокриндік реттеулерін біріктіріп, нейроэндокринді жүйеге айналдырады, өзінен басқа ЭБ қызметтерін реттеуге қатысатын нейрогормондар бөледі. Г-тың сұр заттық орталықтары (ядролары) мультиполярлы нейроциттерден тұрады. Орналасу орындарына байланысты Г ядролары: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Г-тың алдыңғы бөлімін - ірі нейросекреторлы мультиполярлы нейроциттерден тұратын жұп супраоптикалық және паравентрикулалық ядролар құрайды. Нейросекреторлы нейроциттер эндоплазмалық торында табиғаты нонапептидтерге жататын нейрогормондар түзіледі. 1. Вазопрессин (антидиуреттік гормон) гормоны (супраоптикалық ядро нейроциттері түзеді) – қан тамырларының арнасын тарылтып, қанның қысымын арттырады, бүйрек нефрондары қабырғалары арқылы алғашқы зәр құрамындағы судың кері сорылуына ықпалын тигізіп, зәрдің мөлшерін азайтып, денедегі су алмасуын реттеуге қатысады. 2. Окситоцин гормоны – жатыр миометриумының жиырылуына және желіннен сүттің бөлінуіне ықпал етеді. Бұл екі гормонның қызметі парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне ұқсас (екеуі де бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінің жиырылуын қамтамасыз етеді). Г алдыңғы бөлімі ядроларының нейроциттерін холинергиялық нейроциттерге жатқызады. Бұл гормондар нейроциттер аксондарымен жылжи ағып, нейрогипофиздегі қан капиллярларымен жанаса орналасқан аксондардың соңғы ұсақ (Херринг) денешіктерінде жиналып, керекті мөлшерде денешіктерден қанға өтеді. Г-тың ортаңғы және артқы бөлімдеріндегі ішкінегіздік (медиобазальдық) және төмпектік (туберальдық) ядролары – қызметі симпатикалық жүйке жүйесі қызметіне ұқсас майда мультиполярлы нейроциттерден тұрады. Бұларды адренергиялық нейроциттерге жатқызады. Бұл нейроциттер бөлетін гормондар гипофиздің безді бөлігі – аденогипофиздің гормондар түзу қызметін реттеп отыратын гормондар (қарапайым молекулалы олигопептидті аденогипофизотропты гормондар) бөледі. Бұлар өз кезегінде либериндерге (аденогипофиздің қызметін күшейтеді) және статиндерге (аденогипофиздің қызметін баяулатады) бөлінеді. Г-тың гормондар бөлу қызметін мидың жоғары бөлімдері бөлетін нейроаминдер (дофамин, норадреналин, серотонин, ацетилхолин) мен гормондар (эндорфиндер, энкефалиндер) реттеп отырады.
Гипофиз (Гп) – көптеген ЭБ қызметтерін реттейтін гормондар бөлетін ЭБ жүйесінің орталық мүшесі. Аралық ми төмпекасты бөлігінің құрамына кіреді, аденогипофиз ауыз қуысы төбесіндегі гипофиз қалтасының эктодермалық эпителийінен, ал нейрогипофиз – ми қалтасы нейроглиясынан дамиды. Гп – сынаша сүйектің түрік ершігі шұңқырында орналасып, жүйке жүйесі мен ЭБ жүйесінің қызметтік байланысын қамтамасыз етеді. Гп – алдыңғы, аралық және төмпектік (туберальдық) бөліктерден тұрады. Алдыңғы, аралық және төмпектік бөліктер – аденогипофизді, артқы бөлігі – нейрогипофизді құрайды. Алдыңғы бөлікті – без паренхимасын жасайтын аденоциттер (эндокриноциттер) құрайды. Олар қойнауша капиллярлар аралығында орналасқан, капиллярлар қабырғаларымен жанасып тарамдалып жатқан клеткалар бағандарын түзеді. Бағандардың шеткі жағында қызыл, көкшіл түске айқын боялған аденциттер – хромофилді аденоциттер (қызыл түсті – ацидофилді аденоциттер – 30-35%, көкшіл түске боялған – базофилді аденоциттер – 5-10%), ал орта шеніндегі аденоциттер солғын боялған аденоциттер (камбиальды аденоциттер) – хромофобты аденоциттер – 60%.
Ацидофилді аденоциттер: 1)соматотропоциттер (дәнешелері – 350-400нм, соматроптық гормон - СТГ), 2)лактотропоциттер (дәншелер – 500-600нм, лактотроптық гормон – ЛТГ, немесе пролактин), 3)кортикоторпоциттер (тығызөзекті дәншелер – адренокортикотроптық гормон - АКТГ).
Базофилді аденоциттер - ең ірі эндокриноциттер: 1)гонадотропоциттер (гликопротеидті дәншелер – 200-300нм, ФЖГ және ЛГ). ФЖГ – жыныс бездеріндегі (ен, жұмырқалық) жыныс клеткаларының дамуын, аналық жыныс мүшелеріндегі – секрет бөлуді реттейді. Лг – жұмыртқалықтағы – сары дененің жетілуін, ендегі – паренхималық (интерстициялық) эндокриноциттердің дамуын реттейді. 2)тиретропоциттер (көкшіл бұрышты дәншелер -80-150нм, тиретроптық гормон – ТТГ- қалқанша бездің қызметіне ықпал етіп, реттеуге қатысады)
Аралық және төмпектік бөліктердің құрылысы бір-біріне ұқсас. Бұлар цитоплазмасы солғын боялған көпбұрышты аденоциттер (меланотропоциттер – гликопротоидті дәнешелер 200-300нм). Аралық бөлік аденоциттері пигменттік алмасуды реттейтін меланотроптық гормон – МТК және май алмасуына ықпал ететін липотроптық гормон – ЛТГ бөледі.
Аденогипофиздің қызметін гипоталамустың ортаңғы және артқы бөлімі нің нейроциттері бөлетін нейрогормондары реттейді. Тығыз қызметтік байланыста болғандықтан, бұларды гипоталамо-аденогипофиздік жүйе деп атайды.
Артқы бөлігі – нейрогипофиз. Бұны эпендимоциттерден дамып жетілген питуициттер (нейроглиоциттер – пішіні өсінділ немесе ұршық тәрізді) құрайды. Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларының нейроциттері бөлген вазопрессин және окситоцин гормондары херринг денешіктері арқылы қан капиллярларына өтеді. Нейрогипофиз бен гипоталамустың алдыңғы бөлігі тығыз қызметтік байланыста болғандықтан, бұларды гипоталамо-нейрогипофиздік жүйе депатайды.
Эпифиз (Э) – үлкен ми сыңарлары мен мишықтың аралығында, аралық ми төбесінің артқы жағында орналасып, аралық мидың эпиталамусы құрамына кіретін, пішіні шырша бүрі тәріздес тақ без. Ол оң және сол көру төмпектері мен төрт төмпек аралығындағы сайға жүгеншік арқылы жалғасып, көру төмпектерімен оң және сол аяқшалар арқылы байланысады. Э – 3-ші ми қарыншасының артқы қабырғасынан дамып жетіледі. Э- паренхималы мүше. Оның паренхимасы (пинеалоцитер, глиоциттер) эктодермалық жүйкелік глиядан, ал стромасы – мезенхимадан дамиды. Э – сыртынан ми қабығымен, оның астындағы дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан ішке қарай таралатын ДҰ перделіктер без паренхмасын бөлікшелерге бөледі. Гормон бөлетін пинеалоциттер – пішіні қатпарлы келген, ұштары шоқпар тәрізді өсінділі клеткалар бөлікшелердің орта шенінде орналасады. Пинеалоциттердің екі түрі: ақшыл және күңгірт (цитоплазмасында қызыл және көкшіл түске боялған дәншелер) түрлері ажыратылады. Гормондары: серотонин (қан тамырларының қабырғасын тарылтады, қанның қысымын артырады,ішек қабырғасының перистальтикалық қозғалысын күшейтеді), мелатонин (қарңғыда серотониннен түзіледі, аденогипофиздің меланотроптық және гонадотроптық гормондарына антогонист. Жыныс бездерінің қызметін тежейді.). Бұлардан басқа Э - қанның қысымын, су-тұз алмасуын, тамырлар қабырғаларының өткізгіштігін, дене қызуын реттейтін және қандағы К-дің деңгейін көтеретін гормондар бөледі.
Глиоциттер – бөлікшелердің шеткі жағында орналасады. Олар ұзынша ядролы, цитоплазмасы базофилді боялған өсінділі клеткалар. Бұлар пинеалоциттер үшін тіректік, трофикалық, шекаралық және оқшаулау қызметтерін атқарады.
3 – сұрақ. Қалқанша без (ҚБ) – көмекейден кеңірдектің басталатын жерінде (2-4 кеңірдектің шеміршек сақиналары) тұсының сыртқы екі қапталы мен төменгі бетінде орналасады. ҚБ - оң және сол бөліктен, оларды өзара байланыстыратын мойыншықтан тұрады. Ол 1-, 2- желбезек қалташалары аймағында, без паренхимасы жұтқыншақтың төменгі қабырғасындағы эктодермалық эпитедийден, фолликулдармаңы нейробласттардан, без стромасы – мезенхимадан дамып жетіледі. ҚБ қапшығынан ішке қарай таралатын ДҰ перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер паренхимасын - БДҰ аралықтармен байланысқан фолликулдар (аденомерлер – 0,02 – 0,9 мм), БДҰ аралықтарда орналасқан эпителиоциттер аралшықтары және фолликулдармаңы клеткалары (кальцитониноциттер – К клеткалар) құрайды. ҚБ стромасы – БДҰ (аденомерлераралық ДҰ) тұрады. Фолликулдардың қабырғалары мен аралшық эпителий фолликулалы эндокриноциттерден (тироциттерден) тұрады. Фолликулдар қуысында интрафолликулалық қоймалжың сұйық болады. Тироциттер – құрамында Йод элементі болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөледі. Гиперфукция: базед ауруы, гипофункция: миксидема, кретинизм. ҚБ қызметін аденогипофиздің тиретроптық гормоны реттейді. К клеткалар – тирециттерге қарағанда ақшыл келеді. Азотты қышқылмен өңдегенде күңгірт тартады. Бұлар кальцитонин гормонын (құрамында йод болмайды, қандағы кальцийдің деңгейін төмендетеді, оның сүйекке өтуіне әсер етеді) және соматостатин (дене өсуінің тұрақтылығын реттейді) бөледі. К клеткаларға гипофиз гормоны әсер етпейді.
Қалқаншамаңы бездер (ҚмБ) – пішіні өңгелек не сопақ келген, сары-қоңыр түсті майда денешіктер. Орналаасу орындарына байланысты ішкі және сыртқы ҚмБ болады. Сыртқы Қмб-і (3-ші жебезек қалташасы энтодермасынан дамиды) ҚБ-дің сыртқы алдыңғы жағында, ұйқы артериясының екіге ажыраған тұсында орналасады. Ішкі ҚмБ-і (4-ші жебезек қалташасы энтодермасынан дамиды) ҚБ-дің ішінде жатады. Стромасы мезенхимадан дамиды. ҚмБ-нің паренхимасын пішіні әр түрлі безді эпителий клеткалары (паратироциттер) бағандарының тармақтары, ал без стромасын - қан тамырлары мен жүйкелер өтетін тым жұқа БДҰ аралықтар құрайды. Бағандарда паратироциттердің екі түрі: базофилді паратироциттер (негізгі безді клеткалар – дәншелері – 150-200нм) және ацидофилді паратироциттер (ескірген клеткалар) болады. Базофилді паратироциттер паратирин гормонын (паратгормон – кальцийдің сүйектен қанға өтуіне әсер етеді).
Бүйрекүсті безі (БүБ) – шығу тегі мен құрылысы және қызметі әр түрлі қыртысты заттан және бозғылт заттан тұрады. БүБ – пішіні бүйрекке ұқсас сопақша, бірақ майда, қоңыр-қызғылт түсті жұп без. БүБ-інің қыртысты заты – шажырқай түбірінің екі қапталындағы қуыстық (целомалық) мезодермадан, ал бозғылт заты – симпатикалық ганглийлермен бірге жүйке тарақшаларынан дамиды. БүБ – сыртынан ДҰ қапшықпен (екі қабаттан: сыртқы- тығыз ДҰ қабат, ішкі – БДҰ -қабат) қапталған. ДҰ қапшық астында майда эпителиоциттер (жас камбиальды клеткалар. бұларданқыртысты заттың эндокриноциттері дамып жетіледі) қабаты болады. БүБ-інің қыртысты заты сыртқы жағында, ал бозғылт заты – мүшенің орталығында орналасады.
БүБ-інің қыртысты затын - эндокиноциттер (безді эпителиоциттер) құрайды, мезодермадан дамиды. Эндокриноциттер бағандары аралығында тым жұқа БДҰ аралықтарда жатқан қан капиллярлары болады. Қыртысты зат үш аймақтан тұрады: 1)шумақты аймақ (призма тәрізді эндокриноциттер бағандары – су-тұз алмауын реттейтін минералокортикоидты стероидты гормондар – альдостерон, дезоксикортикостерон. Бұл аймақ қызметіне аденогипофиз гормондары әсер етпейді), 2)шоғырлы аймақ (текше не призма тәрізді эндокриноциттер – ккөмірсулар, липидтер, белоктар алмасуын реттейтін глюкокортикоидты гормондар – кортикостерон, кортизон, гидрокортизон, кортизол – белоктан глюкозаның түзілуін күшейтеді, глюкозаның жүрек миокардында қор ретінде жиналуын қамтамасыз етеді, қабыну процестері мен аллергиялық реакцияларды тежейді. Күңгірт эндокриноциттерде кортикостероидты гормондардытүзуге керекті ферменттер түзіледі, ақшыл эндокриноциттерде стероидты жиналады), 3)торлы аймақ (пішіні дөңгелекше, текше, көпбұрышты эндокриноциттер бағандары тор түзеді, күңгірт эндокриноциттер көбейеді, андрогенстероидты гормон бөледі, табиғаты тестостеронға жақын).
БүБ-інің бозғылт затын – топтасып жатқан дөңгелек пішінді ірі эндкриноциттер (хромаффинді клеткалар – ақшыл боялған эпинефроциттер, күңгірт боялған норэпинефроциттер) құрайды, эктодермадан дамиды. Клеткалар топтарының аралықтарында қойнауша капиллярлар орналасады. Эпинефроциттер адреналин (жүректің соғуын жиілетеді, қан тамырлары қабырғаларының жиырылуын күшейтіп, қанның қысымын артырады, ішектер перистальтикасын баяулатады, бауыр мен бұлшық еттерде қорланған гликогенді глюкозаға ыдыратады), норэпинефроциттер норадреналин (қан тамырларының арналарын тарылтып, қанның қысымын арттырады, гипоталамустың нейросекреторлы қызметіне әсер етеді) гормондарын бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет