Буынның құрылысы: 1. Буын қапшығы (capsula articularis) – буынды құрайтын сүйектер бастарын сыртынан қаптап, буын қуысындағы синовияның ағып кетпеуін қамтамасыз етеді (буын қапшығы сүйекқаптың тікелей жалғасы). Буын қапшығы өз кезегінде екі қабаттан тұрады:
талшықты (фиброзды) жарғақ (membrana fibrosa) – сыртқы сүйекқаптың талшықты қабатының жалғасы;
синовиялы жарғақ (membrane synovialis) – синовияны бөлетін бір қабат немесе бірнеше қабат жалпақ дәнекер ұлпалық жасушалардан тұратын ішкі қабат;
2. Буын қуысы (cavum articularis) – буындарды құрайтын сүйектер бастарының арасындағы қуыс. Буын қуысында сүйектер бастарын қаптап тұрған буын шеміршектерінің беттерін майлап тұратын қоймалжың сұйық - synovia болады. Оның 98 % - су, 2% - протеин.
3. Буын шеміршегі (cartilagо articularis) – буынды құрайтын сүйектер бастарының буындық беттерін қаптап тұратын гиалинді шеміршек ұлпасынан тұрады. Буын шеміршегі - синовия арқылы қоректенеді және өзінің ыдырау өнімдерін де, синовияға шығарады.