Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет392/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Дәрістің тақырыбы: Есту анализаторының анатомиясы.
Дәрістің мақсаты: Студенттерді есту анализаторының құрылысымен таныстыру.
Түйінді сөздер: талдағыштар, рецепторлар, өткізгіш жолдар, орталықтар, интерорецепторлар, экстерорецепторлар, проприорецепторлар.
Иллюстрация – есту талдағышы (таблицалар, слайдтар).


Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:

  1. Есту анализаторының құрылысы, орталықтары.

  2. Құрылысына байланысты есту анализаторының жіктелуі.

  3. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ құрылысы, морфо-функциональдық сипаттамасы



Дәрістің қысқаша мазмұны:
Есту-тепетеңдік мүшесі немесе құлақ (преддверноулитковый орган) ~ organum vestibulo-cochlearis s. auris — аттас талдығыштың шеткі қабылдағыш бөлімі. Есту-тепетеңдік талдағышының өткізгіш жолдары қызметін есту-тепетендік жүйкесі атқарады. Орталықтары сопақша ми ядроларында, мишық қыртысында және үлкен ми қыртысының самай бөлігінде орын тепкен. Есту-тепетеңдік мүшесі қоршаған ортадан келетін дыбысты, салмақ күшін (гравитациялық), тербеліс, сызықтық және бұрыштық әсерлерді қабылдайтын сезім мүшесі. Ол екінші сезімтал (эпителиосенсорлы) сезім мүшелеріне жатады. Құлақ үш бөлімнен: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады. Есту-тепетеңдік мүшесінің қабылдағыш рецепторлары ішкі кұлақтың жарғақты шытырманында орналасады. Ал сыртқы және ортаңғы кұлақтар көмекші құрылымдар қызметін аткарады.
Сыртқы құлақ (auris externa) құлақ қалқанынан, сыртқы есту жолынан және дабыл жарғағынан тұрады. Құлақ калқаны ауадағы дыбыс тербелістерін қабылдап, сыртқы дыбыс жолымен ортаңғы құлақ арқылы есту мүшесі ішкі құлаққа бағыттайды және дыбыстың шыққан жерлерін анықтайды. Бұлшық еттерінің жақсы жетілуіне байланысты кейбір жануарлардың құлақтары қозғалмалы (жылқы, ит, мысық т.б.) келеді. Құлақ қалқанының негізін сыртынан терімен қапталған эластинді шеміршек құрайды. Терінің ішкі бетінде қылшықтар, май және тер бездері болады. Қылшыктар майда жәндіктер мен шаң-тозаңның сыртқы есту жолына енуіне жол бермейді. Тер бездері кұлақтың бұлағын түзетін пигментті кілегейлі сөл бөліп, ауадағы шаң-тозаңнан және дабыл жарғағын кебірсініп калудан сақтайды. Дабыл жарғагы (membrana tympani) қалыңдығы 0,1 мм, сыртқы және ортаңғы құлақтар шекарасындағы жұқа терілі перделік. Дабыл жарғағына ортаңғы құлақ жағынан балғаша сүйектің тұтқасы бекиді.
Ортаңғы құлақты (auris media) ішкі беті бірқабат призма тәрізді кірпікшелі эпителиймен астарланған сүйектік дабыл куысы мен оның ішіндегі бір-бірімен буындар және бұлшық еттер арқылы қозғалмалы байланысқан есту сүйекшелері: балғаша (malleus), төс (incus), жасымықша (lenticulatus) және үзеңгіше (stapes) сүйекшелер құрайды. Есту сүйекшелері дабыл қуысы қабырғасына байламдар арқылы байланысқан. Дабыл қуысының ортаңғы құлақ пен ішкі құлақ арасындағы қабырғасында екі: сопақ және дөңгелек тесік немесе "терезе" болады. Сопақтерезені үзеңгіше сүйекше табанының жарғақты тақташасы мен байламдары жауып тұрады. Ол дабыл қуысын ішкі құлақтағы ұлудың кіреберістік (вестибулалық) баспалдағынан бөледі. Дөңгелек терезені ортаңғы құлақтың дабыл куысын ұлудың дабылдық баспалдағынан бөліп тұратын талшықты жарғақ жауып тұрады.
Дабыл куысы (cavum tympani) диаметрі 1-2 мм дыбыс түтігі арқылы жұтқыншақ аңқасына жалғасады. Жұтқыншақ-дабылтүтігі жұтыну кезінде ашылып-жабылып, дабыл жарғағының сыртындағы ауа қысымы мен дабыл қуысы ішіндегі ауа қысымын теңестіру арқылы дабыл жарғағын зақымданудан сақтайды.
Ауадағы дыбыстық тербелістер сыртқы есту жолы арқылы серпімді дабыл жарғағына беріліп, дыбыстық тербелістерге айналады. Өз кезегінде дыбыстық тербелістер дабыл жарғағынан есту сүйекшелердің қозғалмалы байланыстарымен сопақша терезедегі үзеңгіше табанының серпімді тақташасына беріледі. Ішкі кұлақ кіреберісіндегі перилимфа (лимфа сұйығы) сопақ терезедегі жарғақтан қабылданған дыбыстық тербелістерді сұйық толқынына айналдырып, ұлудың кіреберістік өзегіне өткізеді. Егер ауадан қабылданған тербелістер қалыпты шамадан тым күшті болса, онда дабыл қуысындағы балғаша тұтқасы мен үзеңгіше бұлшық еттері рефлекторлы жиырылып, есту сүйекшелерінің тербелістерін төмендетіп, сопақ терезеге келетін дыбыстық тербелістердің қысым күшін азайтады.
Ішкі құлақ (auris interna) самай сүйектің тастық (қайыршық) бөлігінде орналасады. Ол сыртқы сүйектік және оның ішіндегі жарғақтық шытырмандардан құралған. Осы екі шытырман аралығындағы лимфа сұйығын перилимфа — деп атайды. Ал жарғақтық шытырман қуысындағы сұйықты эндолимфа — дейді. Сүйектік және оның ішіндегі жарғақтық шытырандар үш бөліктен құралған. Олар: кіреберіс, үш жартыдөңгелекше өзек және ұлу (иірілімді өзек). Кіреберістің жарғақтық шытырманын бір-бірімен жіңішке эндолимфалық өзекпен жалғасқан сопақша және дөңгелек қапшықтар құрайды. Сопақша қапшық (утрикулюс) бір-бірімен өзара перпендикулярлы жазықтықтарда (сагиттальды, сегментальды және фронтальды) орналасқан үш жартыдөңгелекше жарғақтық өзектермен, ал дөңгелек қапшық (саккулюс) қысқа өзек арқылы жарғақтық ұлу өзегімен жалғасады. Бұлардың ішінде эндолимфа сұйығы болады.
Есту талдағышының рецепторлары жарғақтық шытырманның ұлу өзегін бойлай орналасқан иірілімді (Корти мүшесі) мүшеде орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет