Сабақтың мақсаты: Сезім мүшелерінің түрлерін білу. Барлық талдағыштардың макро және микроморфологиялық құрылысын анықтау. Көздің анатомо-гистологиялық құрылысы мен қызметін білу. Көздің қасаң қабығы мен торлы қабығының нейроциттерін микроскопиялық деңгейде ажырата анықтау. Есту талдағыштарының құрылысын білу және әртүрлі жануарлардағы ерекшеліктерін зерттеу. Дәм сезу мүшелерін еске түсіру. Татым бүртіктерінің құрылысы мен түрлерін білу. Татым бүртіктерінің атқаратын қызметтерін зерттеу. Иіс сезімі және тері сезімі мүшелерін еске түсіру және олардың организмдегі маңызына тоқталу.