Сабақтың мақсаты: Мидың түрлері мен құрылысын, үлкен ми жабынының цитоархитектоникасы мен миелоархитектоникасының айырмашылықтарын білу. Ми жүйкелерін атқаратын қызметтері бойынша жіктеп, жаттау. Мидың анатомо-гистологиялық құрылысын анықтау. Микроскопиялық тұрғыдан жасушалардың түрлерін ажырата білу.
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
Ми жүйкелері 12 жұп болып, мидың төменгі бетінен бассүйектің тесіктері аркылы ми сауытынан шығады. Олардың 10 жүбы (III-XII жүйкелер) ми діңгегінен бөлінеді. Ми жүйкелері қатарында шеттен басталып, тітіркенстерді ми орталықтарына өткізетін таза сезімтал (I, II, VIII), тітіркеністерді ми орталықтарынан шеткі бұлшық еттерге жеткізетін таза қозғалтқыш (Ш, IV, VI, XI, XII) және аралас жүйкелер (V, VII, IX, X) болады. Ми жүйкелері кұрамыңда, олар жүйкелеңдіретін мүшелер тамырларының қызметін реттейтін симпатикалық жүйке талшықтары (алдыңғы симпатикалық жүйке ганглийінен келеді) болады. Ми жүйкелерінің 10 жүбы (X, XI жұптарынан басқалары) бас аумағы мүшелерін жүйкелендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |