Тақырыбы: Құстар анатомиясының ерекшеліктері (қаңқа, бұлшық ет, тері, ішкі мүшелер, жүрек, қан тамырлар)
Сабақтың мақсаты: Қаңқа. Құстардың қаңқа сүйектері жеңіл де, берік келеді. Жіліктерінің куыстары ауаға толған. Бассүйек сүйектері тұтаса бірігіп кеткен. Олардың араларындағы жіктер білінбейді. Бет бөлімінде мұрын, тұмсық және жоғарғы жақ сүйектер бірігіп, ми сауыты бөлімімен қозғалмалы байланысатың тұмсықүсті қаңқасын құрайды. Жоғарғы жақ және төменгі жақ сүйектерінде тіс болмайды. Оларды бір-бірімен өзара буындар арқылы қозғалмалы байланысқан таңдай, қанатша және шаршы сүйектер жалғастырады.
Құстың бұлшық еттері үй жануарлары бұлшық еттеріне ұқсас. Ұшатын құстарда төс бұлшық еттері, жүретін құстарда жамбас бұлшық еттері жақсы жетілген. Бет бұлшақ еттері болмайды. Артқы аяқ бұлшық еттері нің ішінде, бұтақтарға қонған кезде буындарды бүгу арқылы тырнақтарды тартып, құс тырнақтарының күш жұмсамай-ақ бұтақтарды қысып тұруына ықпалын тигізетін сымбат бұлшық еті өте жақсы жетілген.
Тері жабыны және оның туындылары.
Ішкі мүшелер жүйелері көкірек-құрсақ дене қуысында орналасады. Құстарда көкірек және құрсақ қуыстарын бөлетін көкет нашар жетілгеңдіктен, олар бір-бірінен толық бөлінбеген.
Тамырлар жүйесі. Құс жүрегінің оң қарыншасында емізікше еттер мен оң жүрекше-қарынша қақпақшасы болмайды. Қолқа доғасы оң жақта, артқы куыс вена қысқа болады. Бауырдағы қақпактық вена екі бағаннан тұрады. Оның сол бағаны вена қанын көкбауыр мен қарыннан, оң бағаны ішектерден жинайды.
Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Ортаңғы мида төрттөмпешік орнында екі төмпешік болады. Аралық мида емізікше дене болмайды, көру төмпегі нашар жетілген. Үлкен ми қыртысының сырткы беті тегіс, ми қатпарлары болмайды. Күсті денені бірнеше көлденең жатқан жүйке талшықтары ауыстырады. Бүйірлік қарыншалардың арасында мөлдір перде болмайды. Көптеген құстардың көздері қарама-қарсы жаққа бағытталған. Көп құстарда сыртқы құлақ орнында терілі қатпар болады. Есту сүйекшелерінің орнында тек бір сүйекше болады. Оны баған сүйекшесі — деп атайды.