Кілегейлі қабық (tunica mucosa) – түтікше мүшелерде құрылысы жағынан екі түрлі: тері типтес және ішек типтес болып келеді. Тері типтес кілегейлі қабық – екі қабаттан: ішкі – эпителий қабатынанжәне оның астындағы өзіндік тақташадан (борпылдақ дәнекер ұлпасы) тұрады. Мұндай кілегейлі қабық ауыз және мұрын қуыстары мүшелерінде болады. Түтікше мүшелердің көпшілігінде кілегейлі қабықтың екінші түрі - ішек типтес кілегейлі қабық болады. Кілегейлі қабықтың бұл түрінде төрт қабат ажыратылады. Олар кілегейлі қабықтың ішкі бетінен сыртына қарай:
1. Эпителий қабаты (stratum epiteliale) – жабын ұлпасы ретінде табиғи тесіктер арқылы сыртқы ортамен қатысатын түтікше мүшелер қуысының ішкі бетін астарлайды. Эпителий қабаты мүшелердің қызметіне сәйкес құрылысы жағынан әр түрлі болып келеді: қорғаныс қызметі басым мүшелерде – көпқабатты жалпақ немесе ауыспалы эпителий, ал зат алмасу процесі басым мүшелерде – бірқабатты эпителий.
2. Өзіндік тақташа (lamina propria mucosae)– эпителий қабатының астында орналасады, қан және лимфа тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады.