Жұтқыншақтың тарылтқыш бұлшықеттері: 1. Ростральды (алдыңғы) тарылтқыш бұлшықеттер: 1) таңдай-жұтқыншақ бұлшықеті (m. palatopharyngeus),
2) қанат- жұтқыншақ бұлшықеті (m. pterygopharyngeus).
Бұлар таңдай, қанатша сүйектерден және таңдай бұлшықетінен басталып, таңдай-жұтқыншақ жігінің (raphe pharyngis) каудальды бөлігінде аяқталады. Ростральды бұлшықеттер аңқаны тарылтып, өңешті кеңейтеді.
2. Ортаңғы тарылтқыш бұлшықет немесе тіласты-жұтқыншақ бұлшықеті (m. constrictor pharyngis medius s. m. hyopharyngeus). Жұп бұлшықет тіласты сүйектің ортаңғы бунағынан (стилогиоид) және осы сүйектің үлкен мүйіздігінен (тиреогиоид) басталып, жұтқыншақ жігінде аяқталады.