Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы»



бет3/34
Дата14.04.2023
өлшемі230,6 Kb.
#174494
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
ПрактикаФонетикаЛексикологияҚТӘ

Бақылау сұрақтары:
1. Дыбыс
2. Әріп
3. Фонема
4. Әліпби
5. Графика
6. Графема
7. Транскрипция
Глоссарий:
Дыбыс – сөздердің мағыналары мен тұлғаларын (формаларын) ажырататын ең кіші тілдік бірлік.
Әріп – дыбысқа берілген шартты таңба.
Фонема – тілдің мағына ажыратқыш ең кіші бірлігі.
Әліпби (алфавит) – әріптердің белгілі бір тәртіппен орналасқан жиынтығын, рет тәртібі.
Графика дегеніміз – әріптерді таңбалау, бейнелеу, айшықтау тәсілі, нобайлау амалы.
Графема – тілдің графикалық (жазу) жүйесіндегі ең кіші бірлік.
Транскрипция дегеніміз – тілдегі дыбыстарды дәл бейнелеу әрекеті, ісі. Фонемалық транскрипция дыбысты айтылуына жуықтатады.
Фонетикалық транскрипция дыбысты дәл беруді мақсат етеді.
Тапсырма:
Берілген үлгі бойынша сатылай кешенді дыбыстық талдау жасаңыз.
Үлгі:
Қақтаған: жуан сөз; 8 әріп; 8 дыбыс; 3 буын: қақ – бітеу буын, та – ашық буын, ған – бітеу буын; 2 тасымал: қақ-таған, қақта-ған.
1 (а) жуан – 1 (а) ашық – 1 (a)
5 = ; 1 = ; 1 = ;
4 (қ,т,ғ,н) жіңішке – 0 қысаң – 0
еріндік – 0
1 = ;
езулік – 1 (а)
қатаң – 2 (қ,т); ұяң – 1 (ғ)
4 =
үнді – 1 (н)


Орфография: қақтаған
Орфоэпия: қақтаған
Ықпал түрі:
Буын үндестігіне бағынады.
Сөз екпіні: қақтағàн


Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды. 
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.


Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын, 
Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды. 
Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды. 
Блиц-тест:
1. Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салған ғалым?
А) А.Бодуэн де Куртенэ
В) П.И.Мелиоранский
С) В.В.Радлов
Д) Л.В.Щерба
Е) А Байтұрсынов
2. Сөздің ішкі мағынасына әсерін тигізе алатын дыбыс?
А) аллафон
В) фонема
С) вариант
Д) вариация
Е) оттенок
3. Қазақ тіліндегі әріп саны?
А) 12
В) 9
С) 42
Д) 26
Е) 38
4. Қазақ тіліндегі ең актив, яғни сөздің барлық позицияларында тұра беретін және қазіргі қазақ тілі лексикасында сөз басында ең көп кездесетін фонема?
А) н
В) т
С) ш
Д) з
Е) қ
5. «Қазақша» сөзіндегі фонема саны
А) үш
В) екі
С) бес
Д) алты
Е) төрт
6. Қазақ тілінде қолданысы жағынан ең актив фонема?
А) ш
В) қ
С) н
Д) т
Е) ж
7. Қос бүйір фонема?
А) й
В) қ
С) л
Д) м
Е) р
8. Қазақ тілінде жоқ, тек орыс тілінен енген сөздерде ғана кездесетін дауысты фонема?
А) ы, е
В) о, е
С) а, о
Д) и, у
Е) ф, в
9. Сингармофонологиялық теорияны ұсынған ғалым?
А) І.Кеңесбаев
В) Қ.Жұбанов
С) А.Байтұрсынов
Д) Ә.Жүнісбеков
Е) Ж.Әбуов
10. Қазақтың байырғы төл сөздерінің басында мүлде кездеспейтін фонема?
А) н, ғ, д
В) ғ, д, б
С) р, л, у
Д) ж, с, ш
Е) м, п, ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет