Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В070800-Мұнай-газ ісі Пән циклы атауы және коды


МЕЖЕЛІК ЖӘНЕ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕН СҰРАҚТАРЫ



бет12/17
Дата08.02.2022
өлшемі149,25 Kb.
#117633
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
силлабус ұңғыны жөндеу

10. МЕЖЕЛІК ЖӘНЕ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕН СҰРАҚТАРЫ
Аралық бақылау тест тапсырмалары:
Нұсқа 1
1. Мұнай өнеркәсібінде қандай механикалық бұрғылау тәсілі кең қолданылады?
А) айналмалы
В) соққылаусыз
С) соққылау
D) ілгерілемелі
Е) ілгерілемелі - айналмалы
2. Қашаумен бірге бұрғылау тізбегі айналатын бұрғылау тәсілді қалай атайды?
А) электрлібұрғыны қолдану арқылы
В) түптік қозғалтқышты қолдану арқылы
С) турбобұрғыны қолдану арқылы
D) роторлы
Е) соққылау - арқандық
3.Бұрғылау тізбегі айналмайтын айналмалы бұрғылау тәсілі қалай аталады?
А) термиялық
В) роторлы
С) түптік қозғалтқышты қолдану арқылы
D) механикалық
Е) соққылау - арқандық
4.Қандай бұрғылау тәсілінде жуу сұйық ағынының энергиясы арқылы қашау айналады?
А) турбобұрғыны қолданғанда В) электрлібұрғыны қолданғанда С) роторлықта
D) физика – химиялықта Е) термиялықта
5.Бағыттаушы мен кондуктордан басқа тағы ұңғыға бір аралық және пайдалану тізбектері түсірілетін ұңғының конструкциясы қалай аталады?
А) бестізбекті
В) үштізбекті
С) екітізбекті
D) біртізбекті
Е) төрттізбекті
6.Бірінші шеген тізбегі қалай аталады?
А) пайдалану
В) бағыттаушы
С) аралық
D) кондуктор
Е) екітізбекті
7.Жуу сұйығының қандай пайдалы функциясының бірі шеген құбырымен ұңғықабырғасын бекітпей, бұрғылау аралығын көбейту үшін жағдай жасады?
А) бұрғыланған тау жыныстарының бөлшектерін шығару
В) ұңғы қабырғасына қарсы қысым жасау
С) циркуляцияны тоқтатқан кезінде тау жыныстарының бөлшектерін ауадағы күйінде ұстап тұру
D) ұңғы қабырғасын балшықтау
Е) турбобұрғыга энергия беру
8. Жуу сұйығының қандай пайдалы функциясының бірі қашаумен бірге бұрғылау тізбегі айналмай тұрып қалмауына қамтамасыз етеді?
А) ұңғы қабырғасын балшықтау
В) турбобұрғыга энергия беру
С) ұңғы қабырғасына қарсы қысым жасау
D) циркуляцияны тоқтатқан кезінде тау жыныстарының бөлшектерін ауадағы күйінде ұстап тұру
Е) бұрғыланған тау жыныстарының бөлшектерін шығару
9.Қандай қашаулар кесіп – жару арқылы әсер ететін қашауларға жатады?
А) арнайы тағайындалған
В) алмасты
С) шарошкалы
D) қалақты
Е) колонкалы
10.Қандай қашаулар ұнтап – жару арқылы әсер ететін қашауларға жатады?
А) шарошкалы
В) алмасты
С) қалақты
D) арнайы тағайындалған
Е) абразивті
Нұсқа 2
1.Қандай қабаттарда ұңғыны меңгеру пайдалану тізбегіндегі сұйықтың деңгейін төмендету арқылы жүргізіледі?
А) қабат қысымы төмен қабаттарда
В) қабат қысымы жоғары қабаттарда
С) қатты тау жыныстарынан тұратын қабаттарда
D) борпылдақ тау жыныстарынан тұратын қабаттарда
Е) карбонатты тау жыныстарынан тұратын қабаттарда
2.Қандай қабаттарда ұңғыны меңгеру ауыр сұйықтықты жеңілдеу сұйықтықпен ауыстыру арқылы жүргізіледі?
А) қабат қысымы төмен қабаттарда
В) қабат қысымы жоғары қабаттарда
С) қатты тау жыныстарынан тұратын қабаттарда
D) борпылдақ тау жыныстарынан тұратын қабаттарда
Е) тұрақты тау жыныстарынан тұратын қабаттарда
3.Қашауды қозғалту механизміне байланысты айналмалы бұрғылау қандай түрлерге бөлінеді?
А) турбобұрғы, соққылама
В) соққылама – арқанды, соққылама – колонкалы
С) соққылама, роторлы
D) соққылама – арқанды, электрлібұрғы
Е) роторлы, турбобұрғы, электрлібұрғы
4.Екітізбекті шеген құбырларының элементтерін жоғарыдан төмен қарай атап шығындар.
А) пайдалану, аралық, кондуктор, бағыттаушы
В) бағыттаушы, кондуктор, аралық, пайдалану
С) кондуктор, бағыттаушы, пайдалану, аралық
D) аралық, кондуктор, бағыттаушы, пайдалану
Е) бағыттаушы, пайдалану, аралық, кондуктор
5.Мұнай және газ кенішінің игеру режимі деп нені атайды?
А) кеніштегі энергияның басымды түрі
В) қабаттағы мұнай мен газ қозғалысының жылдамдығы
С) мұнай мен газдың алынған көлемі
D) мұнай және газ ұңғыларының дебиті
Е) кеніш ауданы бойынша қабат қысымының үлестірімі
6. Төменде көрсетілген формулалардың қайсысы газдың ұңғыға құйылу теңдеуі болып табылады?
А)
В)
С)
Д)
Е)
7. Бірлік уақытта ұңғының өндіріп жатқан сұйықтық мөлшері – ол:
А) өткізгіштік
В) мұнайбергіштік коэффициенті
С) газдың меншікті шығыны
D) дебит
Е) игеру режимі
8.Кеніштен алынған мұнай мөлшерінің оның алғашқы қорына қатынасы қалай аталады?
А) мұнайбергіштік коэффициенті
В) дебит
С) шығын
D) мұнайдың көлемдік коэффициенті
Е) газ факторы
9.Төменде көрсетілген формулалардың қайсысы мұнайдың ұңғыға құйылу теңдеуі болып табылады?
А)
В)
С)
D)
Е)
10.Мұнай және газ кеніштерінің серпімді режимі дегеніміз не?
А) қабаттағы мұнай мен газдың пайдалану ұңғыларына қарай қозғалысы мұнайда еріген газдың ұлғаюынан пайда болса
В) қабаттағы мұнай мен газдың пайдалану ұңғыларына қарай қозғалысы шеттік су әсерінен пайда болса
С) қабаттағы мұнай мен газдың пайдалану ұңғыларына қарай қозғалысы еркін газдың (газ шапкісінің) ұлғаюынан пайда болса
D) қабаттағы мұнай мен газдың пайдалану ұңғыларына қарай қозғалысы сұйықтық, газ және тау жыныстарының серпімді ұлғаюынан пайда болса
Е) қабаттағы мұнай мен газдың пайдалану ұңғыларына қарай қозғалысы ауырлық күші әсерінен пайда болса


Ситуациялық тапсырмалар
Нұсқа 1

  1. Ұңғыны жөндеу аралық кезеңін қалай ұзартуға болады?

  2. Ұңғы өнімі жоғары мөлшерде суланған жағдайда қандай себептер болуы мүмкін?

  3. Фонтанды ұңғыны күрделі жөндеуде ашық лақтырыстарды жоюдың қандай шаралары бар?

Нұсқа 2

  1. Жоғары мөлшерде құмды ұңғыларды пайдалануда құм тығынының жиналуының алдын алу мақсатында ұңғы түбі қалай жабдықталады?

  2. Ұңғыны меңгеру жұмыстарын тиімді жүргізудің қандай шаралары бар?

  3. Ұңғы түбіне түсіп кеткен белгісіз заттарды қалай анықтайды?

Нұсқа 3

  1. Әртүрлі жуу сұйықтықтары қолданған жағдайда жуу қысымы қалай анықталады?

  2. Перфорация тетіктерінің саны мен тығыздығы қандай факторларға байланысты анықталады?

  3. Ұңғыларды цементтеуде цемент ертіндісі қабат өткізгіштігіне қалай әсер етеді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет