Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В070800-Мұнай-газ ісі Пән циклы атауы және коды


Шегендеу тізбегінде кездесетін ақаулар



бет8/17
Дата08.02.2022
өлшемі149,25 Kb.
#117633
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
силлабус ұңғыны жөндеу

Шегендеу тізбегінде кездесетін ақаулар
- Шегендеу тізбегінің майысуы;
- Шегендеу тізбегінде жарықтар пайда болуы;
- Байланыс бөліктерінің нашарлауы.
Шегендеу тізбегінің майысқан бөлігін қалпына келтіру үшін арнайы қалпына келтіру қашаулар ( оправочные долота) немесе алмұрт немесе конус тәріздес фрезерлер қолданылады.
Кіші диаметрлі құбырлар тізбегін түсіру:
- Шегендеу тізбегінің ақауын қалпына келтіру мүмкін емес;
- Тампондау (тығындау) тиімді емес;
- Шегендеу тізбегінде бірнеше ақау бар, оларды қалпына келтіру экономикалық тұрғыдан тиімді емес;
- Ұңғыны пайдалану шарты бойынша тізбектің диаметрін кішірейту қарастырылған жағдайда.
Бекіту сұрақтары:
1.Шегендеу тізбегінде кездесетін ақауларды атаңыз?
2.Пайда болған ақауларды анықтауға арналған құралдар?
3.Дорн процесінің мәнісі неде?
Әдебиет Негізгі: 1-6; қосымша: 1-6; интернет ресурстары: 1-5.


Тақырыбы: Ұңғыманы бір категориядан екінші категорияға ауыстыру
Сағат саны:2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Фонтанды ұңғымаларды механикаландырылған әдіске ауыстыру.

  2. Тереңсорапты ұңғыларды жөндеуге дайындау.

Дәріс тезисі:
Көтеріп- түсіру операциялары кезінде, жөндеуді қажет ететін алдын алу үшін мүмкін фонтанды көрінулері болатын фонтанды жəне компрессорлы ұңғылар алдын ала өшірілуі тиіс. Жөндеу жұмыстарының басталуына дейін,ұңғы мыналармен жабдықталуы қажет:тіреу, ұршық, штангі,ал сөрелерде типтік өлшемге сəйкес құбырлар саны жатуы керек.
«Тыныштықтағы» (фонтанды көрінулері жоқ) компрессорлы ұңғының арматурасын құрастырып шешкенде,ұңғыға сығылған газды жіберуді тоқтатып,содан кейін сақиналы кеңістіктен газды (ауаны)бірте-біртешығару қажет,яғни ондағы қысымды азайту керек. Содан соң, ұштармағы бар немесе айқастырмасы бар (бір қатарлы көтергіш кезінде) шыршаның ауысырмалы катушкасын бекітетінболаттарды бұрап шешеді. Одан кейін орталық ысырма мен үстінде іліп тұрған құбырлары бар катушканы құбыр муфтасы көрінгенге дейін құбыр (немесе қос құбыр) биіктігіне дейін көтере береді. Кейін бұл муфтаның астына элеваторды орнатады. Фонтанды компрессорлы арматураны құрастырып жинау кері реттілікте жүзеге асырылады.
Тереңсорапты ұңғыларды жөндеуге дайындау
Тербелмелі қондырғыны тоқтатады.Ұңғының сұйықтық шығатын құбыр желісін үштармақ- сальниктен ажыратып,жылтыратылған штокты ажыратады да,құбырлар мен штангілерді көтеріп- түсіру кезінде тəл блогы мен ілмектің қозғалысына кедергі келтірмес үшін,балансир басы жатқызып қояды.Балансир басын шеткі жоғарғы жағдайда орнатып,тежегішпен бекітіп қояды.Үштармаққа-сальниктің қақпағынан бірнеше есе жоғары орналасқан жылтыратылған штокта штангілі қосқыш(зажим)орнатылады.
Осыдан кейін үштармақ-сальник қақпағына қысқыш тығыз отырғанға дейін сорапты штангілер тізбегін біркелкі түсіреді.Одан əрі, арқанды алқаны жылтыратылған штоктан ажыратып, ұңғы сағасында жабдықты ағытып шеше бастайды. Алда келе жатқан жөндеу түрі мен үштармақ- сальниктің құрастырмасына байланысты, жабдықты ағытып шешу аздап түр өзгереді.
Бекіту сұрақтары:
1.Фонтанды ұңғыманы срапты тәсілге ауыстыру шарттары қандай?
2.Терең сорапты ұңғыларда жүргізілетін тексеру жұмыстары?
3.Жөндеу жұмыстары кезіндегі көтеру-түсіру операцияларын жұргізу?
Әдебиет Негізгі: 1-6; қосымша: 1-6; интернет ресурстары: 1-5.


Тақырыбы: Колтюбингті технологиялар
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Колтюбингті технология қолдану мақсаты

  2. Колтюбингті технологияның артықшылығы мен кемшілігі, қолдану ерекшелігі

Дәріс тезисі:
Колтюбингті технология (от coiled tubing – «намотанная труба») ұңғыішілік жұмыстарда ( күрделі жөндеу, бұрғылау, геофизикалық зерттеу жұмыстарында) дәстүрлі бұрғылау және сорапты компрессорлық құбырларды иілмелі үздіксіз құбырлармен алмастыруға негізделген.
Иілмелі құбырларды пайдаланудың келесі артықшылықтарын белгілейді:
- операцияларды жүргізу уақыты қысқарады;
- ұңғымаларды жөндеу үшін қондырғыларды пайдалану қажеттілігі болмайды;
- Ұңғымаларды өшіру қажеттілігі болмайды;
- ағып кетуі мүмкін қосылыстар жоқ;
- көлденең ұңғымаларда әр түрлі операцияларды сәтті орындау;
- өнімді қабат зақымдалмайды;
- операцияларды жүргізу қауіпсіздігі ұлғайтылды;
- жерүсті жабдығын монтаждау кезінде кеңістікті үнемдеу қамтамасыз етіледі;
- көп жағдайда қоршаған ортаны қорғау қамтамасыз етіледі.
Кемшіліктері жұмысына икемді құбырмен деп санайды:
- икемді құбырлар колонналарының бұралу үрдісі;
- барабанда орналасқан иілгіш құбырлардың шектеулі ұзындығын; үлкен тереңдікте операциялар жүргізу кезінде жекелеген плеттерді пісіруге тура келеді;
- кәсіптік жағдайда икемді құбырларды жөндеуді жүзеге асырудағы қиындықтар;
- жалдаудың жоғары құны;
- икемді құбырлардың мүмкіндіктері туралы компаниялардың жеткіліксіз хабардар болуы.
Колтюбинг технологияларының диапазоны мыналарды қамтиды: ұңғымаларды меңгеру, Ұңғымаларды АСПО мен құмды тығындардан тазарту, гидратты тығындарды еріту, цемент көпірлерін орнату, қиыршықтас сүзгілерін (гравийный фильтр) орнату, әр түрлі жөндеу-оқшаулау жұмыстары, ҰТА қышқылды ерітінділерімен өңдеу, қабаттың гидравликалық жарылуы, ұстап алу жұмыстары, каротаждық жұмыстар, ұңғылардың бүйір оқпандары мен көлденең учаскелерін бұрғылау, сондай-ақ жаңа оқпандарды бұрғылау.
Сабақтың жүру барыс:

  1. дәріс тақырыбын тұжырымдау;

  2. негізгі зерттелетін бөлімдер мен мәселелерді және оларды баяндауға болжамды уақыт шығындарын көрсету;

  3. кіріспе бөлігін баяндау;

  4. дәрістің негізгі бөлігін баяндау;

  5. әрбір сұрақ бойынша қысқаша қорытындылар;

  6. қорытынды;

  7. берілген мәселелер бойынша әдеби дереккөздердің ұсынымдары

Бекіту сұрақтары:
1.Иілгіш құбырларды қолдану аймағы қандай?
2.Колтюбинг жүйесінің атықшылықтарын атаңыз?
3.Жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолданылатын құралдарды атаңыз?
Әдебиет Негізгі: 1-6; қосымша: 1-6; интернет ресурстары: 1-5.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет