12. Тақырыбы: Оқыту әдістері
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі.
2. Оқыту әдістері мен тәсілдерінің мәні мен мазмұны.
3. Оқыту әдістерін, тәсілерін таңдау.
Дәріс тезисі * Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс - қимылдарды қайталауы, ақыл - ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Оқыту тәсілдерінің түрлері: ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері; мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер; оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер; жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері. Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс. Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады.
Бекіту сұрақтары:
1. Оқыту әдістері, тәсілдері туралы ?
2. Оқыту әдістері, тәсілдері жайлы түсінік оларды жіктеу?
3. Оқыту әдістері мен тәсілдернің мәні мен мазмұны?
4. Оқыту әдістерін, тәсілерін таңдау?
Әдебиет:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық. – Алматы, 2011.-228 с.
Педагогика: Учебник.- Алматы: Print-S. 2005.-364 c.
Подласый И.П. Педагогика в 2 т.: Учебник для академического бакалавриата - М.:,2015
Коджаспирова Г.М. Педагогика: учебник.- М.КНОРУС. 2010.-744с.
Мынбаева А.К, Садвакасова З.М. Инновационны методы обучения или как интересно преподавать.- Алматы, 2009 – С.341.
Хуторский А.В. Педогогическая инноватика: Учебное пособие.- М.:, 2010.-254с.
Достарыңызбен бөлісу: |