Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01508 "Математика-Физика" Пән циклы атауы және коды



бет4/21
Дата13.12.2021
өлшемі309,76 Kb.
#126070
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Элдин АСТ МФ каз

Дәріс 10

Тақырыбы: Эйнштейннің постулаттары

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

Эйнштейннің постулаттары.

Уақыт аралығының салыстырмалылығы.

Санақ жүйесінде қозғалыс бағытының бойымен орналасқан сызғыш ұзындығының салыстырмалылығы.

Оқиғалар арасындағы интервал.

Дәріс тезисі:

Эйнштейн Галилейдің салыстырмалы принципін физиканың барлық бөлімдеріне енгізіп, өзінің салыстырмалылық теориясына, яғни САТ-ның бірінші постулатына формулировка берді. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың күйі ешқандай физикалық құбылыстарға əсерін тигізбейді. Эйнштейннің салыстырмалы теориясына мынадай да анықтама беруге болады: «Кез келген инерциалдық санақ жүйелерінде бірдей бастапқы шарттарда қойылған теңбе-теңдіктегі тəжірибелер, бірдей нəтижелер береді» немесе «Барлық инерциалды санақ жүйелерінің құқықтары бірдей». Кейбір жағдайларда САТ-ның бірінші постулатына мынадай анықтама беріледі: Инерциалды санақ жүйесінің ішінде жүргізілетін тəжірибе арқылы оның қозғалысы бірқалыпты түзу сызықты екендігін анықтауға болмайды. Бұл анықтаманың мағынасы – инерциалды санақ жүйелерінің біреуінің басқалармен салыстырғанда қолайлы немесе тəуірлеу екендігін дəлелдейтін физикалық тəжірибе жоқ. Егер Эйнштейннің салыстырмалы теориясы дұрыс болса, онда Ньютонның заңдары ғана емес Максвелл теңдеулері де барлық инерциалды санақ жүйелерінде өздерінің жазылу түрін сақтайды. Бір инерциалды санақ жүйесінен екіншісіне өткенде, Максвелл теңдеулерінің түрлері өзгермейді. Ал Галилей түрлендіруі, Ньютонның екінші заңының түрін өзгертпегенімен, Максвелл теңдеулерінің түрлерін өзгертеді.

АСТ-ның екінші постулатына мынадай формулировка беріледі: Электромагниттік толқынның (жарықтың) вакуумдегі жылдамдығы барлық инерциалды санақ жүйелерінде бірдей. Инерциалды санақ жүйесіндегі кеңістіктің кез келген облысында кез келген бағыттағы жарық жылдамдығының мəндері тең.

Бекіту сұрақтары:

1. Эйнштейннің постулаттарының мағынасы қандай?

2. Уақыт аралығының салыстырмалылығын қалай анықтайды?

3. Оқиғалар арасындағы интервалдың формуласын жазыңыз.

Әдебиет:

Әдебиет:

1.Бижігітов, Т. Электродинамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы : Оқулық. / ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы . - Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012. - 448 б.

2.Әбілдаев, Ә.Физика. Электродинамика негіздері : Әдістемелік нұсқау. . - Алматы: "Рауан", 1993. - 96 б.

3. Бейсен, Н. Электродинамика : Оқу құралы. / әл-Фараби атын. ҚазҰУ. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 80 б.

4. Спивак-Лавров И.Ф., Шарипов С.У., Шугаева Т.Ж. Электродинамика и теория относительности. Электродинамика және салыстырмалылық теориясы. Electrodynamics and the theory of relativity. Учебник. Оқулық. Textbook.- Актобе: «А-Полиграфия», 2021, - 456 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет