Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01511 «География Тарих» Пән циклы атауы және коды



бет11/33
Дата07.02.2022
өлшемі1,91 Mb.
#82261
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
Байланысты:
Жалпы жертану 20-21 силлабус соңғы

Практикалық сабақтар
4практикалық сабақ
Тақырыбы: Жердің остьік айналымы. Уақытты анықтау
Сағат саны:2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жердің остьік айналымының салдарын анықтау, белдеулік және жергілікті уақытты анықтауға арналған есептерді шығара отырып, жалпы және арнайы іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың жоспары:
1-тапсырма. Солтүстік жарты шардың әр түрлі ендіктеріндегі ең ұзақ күн мен ең қысқа күннің ұзақтылығының қисық сызығын құрыңыз (5 Қосымша).
Солтүстік жарты шардағы әртүрлі ендіктердегі күннің ұзақтығының жыл мезгіліндегі өзгерісі

Ендік

00

100

200

300

400

500

600

660 30

Ең ұзақ күн

12 сағ

12 сағ
35мин

13 сағ
13мин

13сағ
56мин

14сағ
51мин

16сағ
09мин

18сағ
30мин

24сағ
00мин

Ең қысқа күн

12сағ

11сағ
25мин

10сағ
47мин

10сағ
04мин

9сағ
09мин

7сағ
51мин

5сағ
30мин

0сағ



2-тапсырма. Солтүстік жарты шардың әртүрлі ендіктеріндегі поляр күні мен түннің ұзақтығының қисық сызығын сызыңыз.
Солтүстік жарты шардағы әртүрлі ендіктердегі поляр күні мен поляр түнінің ұзақтығының өзгерісі

Ендік

Тәулік күнінің ұзақтығы

Тәулік түнінің ұзақтығы

66,50

1 тәулік

1 тәулік

700

64 тәулік 10сағ

64 тәулік 13сағ

800

133 тәулік 14сағ

126 тәулік 12сағ

900

186 тәулік 10сағ

178 тәулік 20сағ

Әдістемелік нұсқау:


1-тапсырмада әртүрлі ендіктеріндегі күннің ұзақтығын кестеге жазу керек. Абсцисса осіне ендік градустары, ордината осіне-тәулік сағаттары орналастырылады. 2 қисық та 1 графикке салынады.
2-тапсырмада да график тұрғызу керек, көлденең масштабтың ірі болуын ескерген жөн, олай болмаған жағдайда қисықтар бір-біріне жақын болып келеді.
Графикті тұрғызу үшін абсцисс осін ендік градустары, ординат осіне- күннің ұзақтығы жазылады. Қисықтар 66,50,700,800,900 ендіктергеді поляр күні мен поляр түнінің ұзақтығы бойынша сызылады. Графикке талдау жасау:
а) поляр шеңберіндегі поляр күні мен поляр түнінің ұзақтығы;
б) поляр шеңберінен полюске қарай поляр күні мен поляр түнінің ұзақтығының қалай өзгеретінің көрсету;
Қисықтаға талдау жасау:
а) экваторға күн мен түннің ұзаққа созылуының шамасын;
б) экватордан полюске күн мен түннің ұзақтығының қалай өзгеретінің көрсету.
3-тапсырма. Белдеулік және жергілікті уақытты анықтау
- Егер Анадырда 22 сағат болса Астананың белдеулік уақыты қанша болады?
- 770 ш.б. Алматы қаласында 16 сағат болғанда 74 б.б. орналасқан Нью-Йоркте сағат неше болады?
- 1500 ш.б. меридиандағы жергілікті уақыт қанша болад, егер дәл сол уақытта 300 ш.б. меридианында сағат 8.00 болса.
- 77 ш.б. орналасқан Алматы қадасында 10 қазанда таңғы сағат 8.00 болғанда 117 б.б. Сан-Диего қаласында қай күннің қай уақыты болады?
- Ұшақ Астанадан Киевке сағат 11.00-де ұшып шықты, сонда Киеваке сағат нешеде жетеді?
- Тараз қаласында сағат түскі 13.00 болғанд Атырауда, Бішкекте, Бакуде, Берлинде, Лондонда, Ақтөбеде сағат неше болады?
Әдістемелік нұсқау:
1. Кез келген елді мекеннің уақытын есептеп шығару үшін, сол елді менкен қай сағаттық белдеуде екенін білу керек, яғни Жер шарының меридиан уақытын Жердің өз білігінен айналып шығатын уақытына бөлу (360˚: 24=15˚).
2. Жергілікті уақытты анықтау үшін 1гр меридиан бір-бірінен қанша уақыт айырма жасайтын табу керек (6мин:15˚=мин).
3. Екі қаланың уақыт айырмасын білу үшін сол қалалардың орналасқан бойлықтарын градус есебімен арақашықтығын 4 мин-қа көбейтіп, 60 мин-қа бөлсе, екі нүктенің арасындағы уақытайырмасы шығады.
Ескерту: егер қалалар батыс және шығыс бойлықтарда орналасса. Градустары бір-біріне қосылады, ал егер бір бойлықта орналасса, градустары бір-бірінен алынады.
Белдеулік уақытты анықтау
Мысалы, Мәскеуде сағат 6 болғанда, Манадандағы белдеулік уақыттың неше болатының анықтау.
Анықтау реті:
1. Көрсетілген елді-мекендердің қандай сағаттық белдеуде орналасқаның анықтаңыз.
Мәскеу 2; Магадан 10 сағаттық белдеуде орналасқан.
2. Елді-мекендер арасындағы уақыт айырмасын табамыз: 10 – 2=8 ( уақыт бойынша елді мекендер арасындағы айырмашылық.
3. Белдеулік уақытты есептеп шығару ( қай елді-мекеннің шығысқа қарай, қайсысы батысқа қарай орналасқанын анықтаймыз): Магадан шығысқа қарай орналасқа, яғни онда уақыт көбірек болад, Мәскеу уақытына уақыт айырмасын қосамыз: 6+8­=14 сағат.
Жауабы: Магадандағы белдеулік уақыт14 сағат.
Берілген пункттегі жергілікті уақытты анықтау
TM2=TM1+ ⱹt мұндағы.
ТМ1 – бір пункттегі белгілі жергіікті уақыт;
ТМ2- берілген пункттегі ізделетін (табу керек) жергілікті уақыт;
ⱹt- берілген пункттер бойлығының уақытпен көрсетілген айырмасы.
1-мысал, ТМ1 пункттінде жергілікті уақыт= 18сағат 25мин.; пункт бойлығы ⱹв=18˚, ТМ2 пунктінің жергілікті уақытын анықтау керек, бұл пунктте бойлық ⱹв=39˚
Шешуі:

1.Берілген пункттер бойлықтары арасындағы айырманы табамыз: ⱹ = ⱹ2 - ⱹ1= 39˚-18˚=21˚


2.Бойлықтар айырмасын уақытқа айналдырамыз: ⱹt = 210*4мин =84мин=1сағат 24мин
3.Берілген пункттегі жергілікті уақытты анықтаймыз. Берілген пункттің шығысқа қарай орналасқанын ескере отырып, шығарамыз:
ТМ2 =TM1± ⱹt =18сағат 25мин+1сағат 24мин =19сағат 49мин
Жергілікті уақытты анықтау
Мысал, Мәскеуде сағат 6 болғанда, Магадандағы жергілікті уақыттың неше болатының анықтау.
1. Пункттердің географиялық бойлықтарын анықтау: Мәскеу 37˚ш.б., Магадан 151˚ ш.б.
2. Пункттер арасындағы градустың айырмасын табу: 151˚-37˚=114
3. Айырмашылықты сағатқа есептеу: 1140*4мин=456мин.: 6=7,6 ( бұл 7 сағат 36 мин, яғни 0,6сағат* 60мин=36минут.)
4. Жергілікті уақытты анықтау: (Мәскудің жергілікті уақытына уақыт айырмасын қосу):
6+7сағат36мин= 13сағат 36мин
Ескерту: 0,1 сағат – 6 минут, 0,2 сағат – 12 минут, 0,3 сағат – 18 минут және т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет