Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В05302 Химия Пән циклы атауы және коды



бет12/40
Дата02.01.2022
өлшемі236,26 Kb.
#107858
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
Бейорганикалық химия

9.1.17-9.1.18 Тақырыбы: Комплексті қосылыстар

Сағат саны 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс табиғаты.

  2. Комплексті қосылыстардың ерітіндідегі тұрақтылығы

Дәріс тезисі

Вернердің координациялық теориясының негізгі қағидалары:



  1. Комплексті қосылыстар « Орталық құрылысты» болып келеді, әрбір комплексті ионда орталық атом болады, оны координацияланған иондар мен молекулалар қоршайды.

2.Көптеген элементтер екі типті валенттілік көрсетеді:

а) негізгі валенттілік ( - ) сызықшамен белгіленеді (тотығу дәрежесі)

ә)қосымша валенттілік(----) пунктирмен белгіленеді (координациялық сан)

б) Вернер айтуы бойынша қосымша валенттілік комплексті қосылыс түзілуі кезінде қанығады.

в) Ал Ме+n катионының негізгі валенттілігі теріс зарядталған иондармен қанықса, қосымша валенттілігі теріс зарядталған иондармен және бейтарап молекулалармен қанығады.


  1. Әр комплекстің орталық атомы сыртында қанша атомдар, иондар немесе молекулалары орналасатынын көрсететін координациялық санымен сипатталады. Координациялық санының (КС) жоғары және кіші мәні болады.

Мысалы: [Ag(NH3)2]OH КС = 2

[Al(H2O)6]Cl3 КС = 6

кейбір жағдайларда координациялық сан өте жоғары мәнге ие болады. Аз

таралған элементтер КС=12 тең, ал кейде ауыспалы болып келеді.

Мысалы: Сu (ІІ) комплексінде КС= 4, 5,6.


  1. Орталық атом мен ішкі сфера комплекс ядросын құрайды, формулада квадрат жақшамен белгіленеді. Комплекс ядросы бейтарап , оң және теріс зарядталған болады.

Zn(NH3)4]2+ катионында цинк(II) - комплекстүзуші ион. Ионның электрондық қабаты: [Ar] 3d10 4s0 4p0



[Zn(NH3)4]2+диамагнитты қасиет көрсетеді.

Әдебиет


  1. Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. 1-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 208 бет

  2. Бірімжанов Б.А., Жалпы химия .Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір ", 2011. - 752 бет

Дәрісте сұрақ-жауап, ой қозғау әдістері қолданылады.

Бекіту сұрақтары: су молекуласында оттектің валенттік мүмкіндігі толық қаныққан ба; аммиак молекуласында азоттың валенттік мүмкіндігі толық қаныққан ба; бұл қосылыстар қандай механизммен химиялық байланысқа түсе алады: d-элементтерде сыртқы s - деңгейшеде 2 электрон бар, осы элементтер р- және d–деңгейшелерін қолданып химиялық байланыс түзе ме т. б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет