9. 3 Зертханалық сабақтар
9.3.1 Тақырыбы: Химиялық реакция жылдамдығы
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Зертханалық жұмыс жасаудың жалпы ережелері.
Химиялық реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрацияларына тәуелділігі.
Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі.
Өткізу форматы: зертханада жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасын түсіндіріп, таныстыру; химиялық ыдыстардың түрлерін және олардың қолданылуын көрсету; техникалық және аналитикалық таразылары, олардың қолданылу әдістерін көрсету.
Әдістемелік нұсқауда көрсетілген зертханалық жұмыстарды студенттерді бірнеше топқа бөліп жасату; қышқыл, сілті ерітінділерімен ұыпты жұмыс жасауларын қадағалау; жұмыс нәтижелерін зертханалық жұмыс дәптерлеріне жаздыру; жұмыс қорытындысын оқытушыға тапсыруға дайындату.
Бақылау сұрақтары
1. Химиялық реакция жылдамдығы дегеніміз не?
2. Әрекеттесуші массалар заңы қалай айтылады?
3. Химиялық реакцияның жылдамдығына температура қалай әсер етеді?
4. Химиялық реакцияның жылдамдық константасы деген не? Оның физикалық мәні қандай?
Орындалған тапсырма https://univer arsu.kz/ жүйесіне жүктеледі.
Әдебиет
Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. 1-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 208 бет
Бірімжанов Б.А., Жалпы химия .Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір", 2011. - 752 бет
Достарыңызбен бөлісу: |