Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры Барлық білім беру бағдарламаларына арналған Пән циклы атауы және коды



бет3/69
Дата11.05.2022
өлшемі246,54 Kb.
#141918
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
2021сентябрь Тарих, Педагогика Филфак Силлабус-2020-Руханият (1) (1)

1.1 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:
Ұлттық руханият, ұлттық болмыс, ұлттық құндылық, ұлттық сана туралы түсінік. Тарихи сананы қалыптастырудың жолдары. Ұлттық сананың қалыптасу жолдары. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Наным-сенімдері. Ырым-жорамалары мен тиымдарының мән мағнасы. Мәдениет пен өнер. Ұлттық кодтың анықтамасы. Ұрпақ тәрбиесі мәселелері. Ұлттық сезім, түйсік, ұлттық намыс пен ұлттық рух түсініктері. Ұлттық тәрбиенің қайнар көздері мен ерекшеліктері. Адамгершілік, руханилық, имандылық, ізеттілік түсініктері. Ұлттық руханият пәні қоғамдық, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны.
«Ұлттық руханият» пәні жаңа ғасырда ұлттық өркендеу және этникалық түбірге топтасу үдерісі қатар қарқындауда. Интеграцияның негізін ұлттық рухани құндылықтарды сақтау және этникалық мәдениеттің өзіндік үлгісін нығайту мүддесі құрайды. Осы орайда ұсынылып отырған жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған «Ұлттық руханият» пәні болашақ кәсіби маманның өз ісінің білгірі болуға, көпдеңгейлі және көпқырлы, көпмәдениетті, жан-жақты кәсіп саласында кәсіби маман ретінде қалыптасып, жетілуіне мүмкіндік береді.
«Ұлттық руханият» – жоғары оқу орындарында студенттерге теориялық білім, тәжірибелік және іскерлік дағды беретін, ұлттық рухани құндылықтарға тәрбиелейтін негізгі пәндердің бірі болып есептеледі. Студенттерді болашақ мамандықтарына бейімдеу, ұлтымыздың рухани, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық сипатын ашатын ғылыми мағлұматтар беру, ұлттық жәдігерлеріміздің құнды мұра екендігі танытылады. Халқымыздың әр дәуірдегі тарихы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрі көрініс тапқан фольклор, жыраулар поэзиясы, ХІХ-ХХ ғғ. сөз зергерлерінің шығармашылығы, Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет пен өнердің көркемдік-эстетикалық құндылығы туралы білім беру көзделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет