Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24



бет37/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
Теңіз суларындағы коррозия

Қазіргі таңдағы барлық теңіз айлақтары көміртегілі және төмен қоспаланған (легірленген) болаттардан жасалынған металқұрылымдарды қолданумен жасалынған, олардың көп бөлігі металды сына негізге ие. Болаттың темірбетондардан артықшылығы беріктілік және технологиялық көрсеткіштері басым келеді. Металл қадалы негізі айлақтарға түсетін технологиялық жүктемелерді арттыру мүмкіндігін береді. Мұндай қуатты сына қағылған жабдықтарды пайдалану кезінде темірбетонды сына негіздерді теңіз гидротехникалық құрылысынан (ТГҚ) шығарып тастады.


Теңіз көліктері гидротехникалық құрылымдарының техникалық кешенді бақылау жүйесі техникалық жағдайын анықтау және құрылымдардың тозуын бағалау әдістемелерін қамтиды. Құрылымдарды тексеру әдістемесі айлақтық құрылымдардың техникалық жағдайларын бақылау үшін, пайдаланудың тоқтап қалуына алып келетін ақауларды анықтау үшін құрылған. Құрылымдарды тексеру барысында түрлі коррозиялық бұзылулар мен механикалық сипаттағы бұзылуларды айыра білу қажет.

Коррозиялық бұзылуларға жататындар:



  • барлық ауданда бірдей қалыңдықты бірқалыпты жалпы беттік коррозия;

  • жекелеген дақтар, жаралық, нүктелік ошақтары бар жергілікті беттік коррозия;

  • аралық коррозия жергілікті коррозияның дамыған және шектелген түрі, бірақ тесіктер түріндегі бұзылулармен сипатталынады.

  • кристалл аралық коррозия – түйіршіктер шекаралары бойынша металдың бұзылулары, мұнда оның сыртқы бұзылу белгілері болмайды, бірақ беріктілігі күрт төмендеп кетеді.


Механикалық сипаттағы бұзылуларға жататындар:



  • кернеу концентрациясымен, сұйықта жоғары сынғыштықпен, пісіру кезіндегі қалдық кернеуден, қажу құбылыстары себептерінен болатын жарылулар (сызаттар);

  • болаттың ақауы себебінен болатын есептік жүктемелер әсерінен болған бұзылулар.

Теңіз суы жоғары электрөткізгішті 1-ден 4 % дейін тұз құрамынан тұратын (хлоридтер, натрий, магний, кальций, калий сульфаттары) жақсы аэрацияланған (8 мг/л О2) бейтарап ( рН=7,2-8,6) электролит болып табылады. Теңіз суында негізінен түрлі маркалы болаттан жасалған бұрғылау айлақ, пирстер, құбырөткізгіштер пайдаланылады. Бұл нысандар қарқынды коррозияға ұшырайды.


Теңіз суларында металдардың коррозиясына оттектік деполяризация тән. Мұнда коррозия үрдісі келесідей бөлінеді: металл бетінде катодтық, ал тотықтар қабыршақтарының сызаттары мен басқа да ақауларында – анодтық үрдіс жүреді. Бұл металдарда жалпы коррозиядан басқа питтингтік және жаралы бұзылулардың болатынын негіздейді. Теңіз суындағы болаттың коррозияға ұшырау жылдамдығы 0,1-1 мм/г. Теңіз атмосферасындағы коррозия теңіз суымен салыстырғанда біршама әлсіз келеді.
Теңіз суларындағы металдардың коррозия жылдамдықтарына әсер ететін факторлар:
Теңіз суының қозғалуы оттегінің металл бетіне келуін үдетеді, бұл коррозия жылдамдығының өсуіне алып келеді;
Теңіз суы температурасының өзгеруі де әсер етеді. Бұл төмендегідей түсіндіріледі: оттектік деполяризациямен жүретін бейтарап ортадағы металдардың электрохимиялық коррозиясы оттегі диффузациясына тікелей байланысты. Температураның жоғарылауымен бірге оттегіні келтіру жылдамдығы да өсе түседі, яғни коррозия жылдамдығының артуына алып келеді. Температураның ары қарай жоғарылауында ерітіндіден оттегі бөлініп, оның ерітіндідегі концентрациясы төмендейді, бұл коррозия жылдамдығының төмендеуіне алып келеді.
Теңіз суларындағы тұздардың да тигізетін әсері бар. Кремний қышқылдық қосылыстар және көмірқышқылды кальций металл бетінде тұнып шөгіп қалады да, қорғаныстық әсерді қамтамасыз етеді. Иод және бром қосымша катодтық деполяризаторлар қызметін атқарады және металл коррозиясын үдете түседі. Күкіртті сутек металдардың иондарын қиын еритін сульфидтерге байланыстырады және коррозия үрдісін үдетеді, электрохимиялық коррозияның катодтық және анодтық үрдістерінің жүруін жеңілдетеді.

Металл бетін кезеңдікті сулау коррозиялық үрдісті одан әрі күшейтеді.


Металдың біртекті болмауы себебінен тотқақ (окалина) катод рөлін атқарса, негізгі металл – анод рөлін атқарады. Жіктердің, саңылаулар, ойықтардың болуы коррозиялық үрдісті қарқындатады, себебі нашар аэрация металдық еруіндегі анодтық үрдістің жүруін жылдамдатады.

Биокоррозия (жерасты құрылымдарын тірі ағзалардың және теңіз өсімдіктерінің өсіп кетуі) сыртқы қорғаныстық жабындарды зақымдайды және металдардың бұзылуын үдетеді. Кейбір тірі ағзалар (мысалыға мидиялар) коррозиялық үрдісті біршама баяулатады, себебі олар көп оттегіні тұтынады.


Теңіз суларында түрлі металдардың түйісулері анодтық металдың тез зақымдалуына алып келеді (көбінесе болат).
Металдарды теңіз суларында коррозиядан қорғаудың тәсілдері келесілерге негізделеді: металл беттерін тотқақтардан, тоттан тазарту және оны лактармен, этиленді сырлармен, фенолформальдегидті мастикамен, таскөмірлі немесе битумдық негіздермен жабындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет