1.3 КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Білім алушы барлық сабақтарға қатысуға міндетті. Қандай да бір себептермен сабаққа қатыса алмаған білім алушы өтілмеген материалды өз бетінше игеруге міндетті.
Білім алушы бақылау тапсырмаларын орындауға және бекітілген мерзімде тапсыруға міндетті. Мерзімінен кеш тапсырылған бақылау жұмыстарының бағасы төмендетіледі.
Рубеждік бақылау қорытындысы шығарылғанда білім алушытің сабақтарға қатысымы, өзіндік жұмыстарды орындауы және бекітілген мерзімде тапсыруы, сабақтардағы ауызша және жазбаша жауаптары, рубеждік бақылау жұмысының нәтижесі ескеріледі.
Білім алушы науқастануына байланысты немесе басқа дәлелді себептермен сабақтарға қатыспай, рубеждік бақылауды мерзімінде тапсыра алмаса, дәлел құжаттар негізінде жеке тапсыру құқығына ие болады. Мұндай жағдайда ұсынылған дәлел құжаттар негізінде рубеждік бақылау мерзімі білім алушы үшін жеке бекітіледі.
Білім алушы сабаққа уақытында келуі тиіс. 10 минуттан артық кешіккен білім алушыті оқытушының сабаққа кіргізбеу құқы бар.
Сабақ кезінде ұялы телефондар сөндірілуі тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар е-mail арқылы пән оқытушыларынан консультация, әдістемелік көмек алуына болады.
Достарыңызбен бөлісу: |