Жабық гальваникалық элементтегі екі электродтың айырмасы тізбектің электр қозғаушы күші (э.қ.к.) деп аталады. Э.қ.к. әрқашан оң шама болып табылады.
Электродты потенциал ретінде электрохимиялық тізбектегі, электр қозғаушы күшін қабылдайды.
Гальваникалық элемент — бұл энергиясы электрлікке айналатын өздігінен жүретін қышқылды қалыпқа келтіргіш үрдіс ( <0) жүретін жүйе.
Кез-келген жабық гальваникалық элементте анод деп аталатын теріс электродында тотығу, ал оң электрод – катодта – тотықсыздану орын алады (электролиз кезінде катод пен анод көрсетілгенге қарама-қарсы полярлыққа ие болады).
Гальваникалық элементтің сұлбасын жазғанда, сол жағынан біршама кері потенциалды электродты көрсету керек екенін есте сақтау қажет.
Гальваникалық элементке мысал – Даниэль-Якоби элементі:
Zn/ZnSO4//CuSO4/Cu, мұнда Zn анод, ал Cu – катод болып табылады.
Э.Қ.К-н (Е) табу үшін 16-формуладағы Нернст теңдеуі бойынша екі электродтың потенциалдарын тауып, оң электродтан теріс электродтың мәнін азайту керек.
Е=φ+ – φ–.
<0), ол бұл реакцияның тік бағытта өтетінін білдіреді.
Егер әр түрлі металдардың стандартты электродтарының потенциалдарын стандартты сутек электродының потенциалына қатысты өлшеп өсу ретімен қойсақ, онда кернеу тізбегін аламыз.
Бұл тізбекте стандартты потенциалдардың өсу ретімен металдардың химиялық активтілігі азаяды.
Тотықтырғышқа қарағанда тотықсыздандырғышының потенциалы көбірек теріс болатын реакциялар өз бетімен жүре алады.
Үрдістердің қозғаушы күші болып табылатын потенциалды изобаралық потенциал деп немесе Гиббс энергиясы (G) деп атау қабылданған.
Үрдістің принципиалді іске асу шарты болып, яғни, реакцияның тік бағытта өз бетімен жүру мүмкіншілігі келесі теңсіздік болып табылады
(27)
ΔG нөлден қаншалықты аз болса, жүйе химиялық тепе-теңдіктен соншалықты алыс және соншалықты ол реакция болу мүмкіншілігі аз.
Гальваникалық элементте стандартты жағдайда өтіп жатқан химиялық реакция үшін
(28)
мұндағы Еº – барлық реагенттер стандартты күйде болғандағы электр қозғаушы күші ( ).
Есептеу кезінде Еº ( ) оң мән шықса, бұл реакция тік бағытта өтетіндігін білдіреді.
мәні стандартты жылу эффектісі және стандартты энтропия өзгерісімен Гиббс-Гельмгольц теңдеуімен есептелуі мүмкін