Білім беру бағдарламасының коды және толық атауы 6В01301-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі



бет13/14
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#150725
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
БСМО практикумы кКБ 5 кредит 4 курс

БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

Академиялық адалдық

Жоғары білім берудегі академиялық артықшылық пен жоғары жетістіктер академиялық адалдықтың ең жоғары стандарттары қолдау тапқан ортада ғана мүмкін болады. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім алушылары академиялық адалдықты мүлтіксіз сақтауға және білім беру процесінің барлық қатысушыларынан оның сақталуын талап етуге міндетті. Академиялық адалдық – академиялық адалдық емес формаларына (плагиатқа, көшіріп жазуға, қысқартуға, қайталауға, алдын-ала шешуге, алаяқтыққа және т.б.) тыйым салынады және қоғамның ішкі тәртібіне сәйкес шара қолданылады.
Академиялық адалдық саясатының толық мәтінімен https://kazmkpu.kzсілтемесінде танысуға болады. Білім алушының тапсырмалары плагиатқа (жалғандық, шпаргалкаларды пайдалану, бақылаудың барлық кезеңінде көшіріп жазу) тексерілуі мүмкін. Сабақтарға міндетті түрде қатысу, кешігуге жол бермеу, тапсырмаларды орындау және тапсыру мерзімдерін сақтау (БӨЖ, семинар сабақтары, аралық емтихан, жеке жобалар).

Ерекше білімді қажет ететін білім алушылар
үшін

Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды жалпы білім беру процесіне интеграциялау мақсатында кедергісіз қолжетімділікті және тиімді мультидисциплинарлық сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін оқытушы семестрдің басында әрбір инклюзивті білім алушымен жеке әңгіме өткізеді. Бұл ерекше білімді қажет ететін білім алушыларды тиімді қолдаудың әдістері мен тәсілдерін анықтау үшін маңызды болып табылады. Ерекше білімді қажет ететін білім алушылар үшін сабақтарда арнайы құралдарды пайдалануына, бақылау сұрақтарына жауап беруге дайындалу уақытын ұзартуға мүмкіндік беріледі. Қажет болған жағдайда, бұл білім алушылар үшін бақылаудың жеке нысандары тағайындалуы мүмкін, оқыту нәтижесін бағалау процедурасы жеке кестемен және бірнеше кезеңмен өткізілуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет