БЕКІТЕМІН
Факультет деканы
___________Бегимтаев А.И.
«___»____________20__ж.
Syllabus
Негізгі мәліметтер
|
Факультет/кафедра
|
Гуманитарлық-педагогикалық факультет/Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
|
Білім беру бағдарламасының шифры мен атауы
|
Барлық ББ
|
Пән
|
Әлеуметтану
|
Оқу түрі
|
Күндізгі, ЖОБ, ЖКБ базасында
Күндізгі қашықтықтағы, ЖОБ, ОПБ базасында
|
|
Дәрежесі/лауазымы
|
аты-жөні
|
Қолы
|
Дайындаушы
|
аға оқытушы
|
Артықбаева Г.Т.
|
|
Кафедра меңгерушісі
|
филос.ғ.к., қауымд.проф.
|
Кожамжарова М.Ж.
|
|
Факультеттің ОӘК төрағасы/төрайымы
|
деканның ОІ жөніндегі орынбасары
|
Карипжанова А.О.
|
|
Кафедра отырысында қаралды
|
Хаттама/Күні
|
№___ ___/___/_____
|
Факультеттің ОӘК отырысында қаралды
|
Хаттама/Күні
|
№___ ___/___/_____
|
Пәннің сипаттамалары
|
Сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
|
дәрістер
|
тәж/зерт./сем
|
СӨЖМ
|
СӨЖ
|
7,5
|
15
|
5,6
|
37,5
|
Пән бойынша қалыптасатын оқу нәтижелері
|
1) оқу пәнінің модулін құрайтын әлеуметтану ғылымы саласының пәндік білімін түсіндіре және жеткізе алуы (ұғым, ой, теория);
2) әлеуметтану пәнінің базалық ілім жүйелерінде біріктіру үдерістерінің өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіру;
3) нақты оқу пәні мен модуль пәнінің мәнмәтінінің өзара әрекеттесу нәтижесінде ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана білу;
4) оқытылатын пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әртүрлі саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру;
5) әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси бағдарламалар, қазақ қоғамының әртүрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу;
6) қазақстандық қоғамда жаңарудағы әлеуметтік институттардың мәнмәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктеріне талдау жасай алу;
7) қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік, мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым-қатынастағы әртүрлі жағдайларды сараптау;
8) нақты мәселелерді талдау үшін әдіснамалық таңдауды негіздеу және қоғамды зерттеудің әртүрлі жолдарын айыра білу;
9) ғылымның әлеуметтік-гуманитарлық түрі немесе басқа да ғылымдар саласында қоғамдағы нақты жағдай қатынасын бағалау, болатын қауіп-қатерді ескере отырып оның даму болашағын жобалай алу;
10) кәсіби әлеуметтегі, сонымен қатар, қоғамдағы шиеленістерді шешуде бағдарламалар жасай алу;
11) түрлі қарым-қатынас аясында зерттеу жобалық қызметтерін жүзеге асыра алу, қоғамдық бағалы ілімді түрлендіру (генерациялау), оны жобалау;
12) әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре және дәлелді түрде қорғай білу.
|
Пәннің мақсаттары
|
«Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.
|
Пәннің міндеттері
|
1) негізгі әлеуметтанулық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;
2) қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;
3) заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын қалыптастыру;
4) студенттердің әлеуметтік ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру;
5) әлеуметтік білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;
6) сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.
|
Оқыту нәтижесінде міндетті
|
|
түсіну және білу:
|
- әлеуметтік өмірдің заңдылықтарын;
- қоғамның әлеуметтік құрылымы ерекшеліктерін;
- әлеуметтанудың зерттеу әдістерін.
|
білім мен түсінуді қолдану:
|
- алынған білімдерді кәсіби қызметте пайдалану;
- оларды өзгеретін әлеуметтік шындыққа бейімдеу;
- қазіргі әлеуметтік жүйенің ерекшеліктерін меңгеру.
|
пікір қалыптастыру:
|
- қоғамды талдаудағы әлеуметтік тәсіл жайлы,
- әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтардың, әлеуметтік үрдістер мен әлеуметтік өзгерістердің түрлері мен бағыттары туралы;
- тұлғаға әлеуметтік көзқарас жайлы, әлеуметтенудің түрлері, бағыттары және ерекшеліктері туралы;
- әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізудің әдіснамасы мен әдістемесі туралы;
|
коммуникативтік қабілеттер:
|
«әлеуметтану» пәні бойынша алынған білімдер студенттердің кәсіби мамандығының толықтырылуына, олардың шешендік өнер, аудиториямен жұмыс, қарым-қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
|
Оқыту дағдылары немесе оқуға қабілеттілік:
|
пән бойынша алынған білімдер студенттердің ұқыптылығының, академиялық білім дағдыларының, кәсіби біліктілігінің қалыптасуына, ғылыммен айналысуына және ғылыми көзқарас дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.
|
Пререквезиттер
|
Осы пәнді меңгеруде келесі пәндерді оқу нәтижесінде қалыптасқан білімдер, дағдылар мен компетенциялар қажет: Философия, қазіргі Қазақстан тарихы.
|
Постреквизиттер
|
Осы пәнді меңгеру барысында қалыптасқан білімдер мен дағдылар келесі пәндерді меңгеруге қажет: Құқық негіздері, Экономикалық теория негіздері.
|
Пәннің мазмұны
|
№
р/т
|
Тақырыптың атауы және мазмұны
|
Сағаттар саны
|
Әдебиеттер
|
|
Дәрістер :
|
7,5
|
|
1
|
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
|
0,5
|
[1], 32-35 бб.
|
2
|
Әлеуметтану теорияларына кіріспе
|
0,5
|
[2], 2-43 бб.
|
3
|
Әлеуметтанулық зерттеулер
|
0,5
|
[1], 50-57 бб.
[4], 123-146 бб.
|
4
|
Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы
|
0,5
|
[1], 112-119 бб., 187-220 бб.
|
5
|
Әлеуметтену және бірегейлік
|
0,5
|
[1], 91-111 бб., [7], 29-57 бб.
|
6
|
Отбасы және қазіргі заман
|
0,5
|
[1], 310-334 бб., [4], 55-76 бб.,
|
7
|
Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау
|
0,5
|
[1], 161-186 бб., [2], 101-105 бб.,
|
8
|
Дін, мәдениет және қоғам
|
0,5
|
[1], 347-366 бб.,
[1], 63-90 бб.,
|
9
|
Этнос және ұлт әлеуметтануы
|
0,5
|
[1], 222-253 бб., [4], 118-124 бб.,
|
10
|
Білім және әлеуметтік теңсіздік
|
0,5
|
[1], 335-345 бб., [3], 29-38 бб.,
|
11
|
Масс-медиа, технологиялар және қоғам
|
0,5
|
[15], 126-128 бб., [3], 56-87 бб.,
|
12
|
Экономика, жаһандану және еңбек
|
0,5
|
[1], 382-399 бб., [2], 56,321-326 бб.
|
13
|
Денсаулық және медицина
|
0,5
|
[1], 281-309 бб.
|
14
|
Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар
|
0,5
|
[1], 400-431 бб.
|
15
|
Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікірталастар
|
0,5
|
[1], 432-454 бб.
|
|
Тәжірбиелік /зертханалық /семинарлық
|
15
|
|
1
|
Тәжірибелік сабақ № 1 Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Жоспары:
1 Индивид және қоғам.
2 Әлеуметтік орта және әлеуметтік мінез-құлық.
3 Әлеуметтік қатынастар және әлеуметтік институттар.
4 Әлеуметтендіру және бірегейлік.
5 Әлеуметтік шынайылық пен ақыл-ой.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Әлемге әлеуметтік көзқарас ерекшеліктері туралы айтыңыз
Тапсырма 2 Қоғам мен индивидтің ара-қатынасы қандай?
|
1
|
[1], 32-35 бб.
|
2
|
Тәжірибе сабақ №2 Әлеуметтанулық теорияға кіріспе
1. Әлеуметтану ғылымының даму кезеңдерін талдау. Жекелеген мектептер мен бағыттардың дамуы (О.Конт, Г.Спенсер, Э.Дюркгейм, М.Вебер).
2. Құрылымдық функционализм.
3. Қақтығыстық теориялар.
4. Символдық интеракционизм.
5. рөлдер теориясы.
Тапсырма 1. Әлеуметтану классиктерінің теорияларындағы айырмашылықтарды атаңыз
Тапсырма 2. Қақтығыстық теориялардың қазіргі замандағы рөлі қандай?
|
1
|
[2], 2-43 бб.
|
3
|
Тәжірибе сабақ №3 Әлеуметтанулық зерттеулер
Жоспары:
1 Әлеуметтанулық зерттеу дизайны.
2 Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар.
3 Іріктеу.
4 Ақпаратты жинау әдістері. Сапалық және сандық әдістер.
5 Мәліметтерді талдау
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Әлеуметтанудағы сандық және сапалық әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері
Тапсырма 2 Зерттеу әдістерінің қолданылу аясы қандай?
|
1
|
[1], 50-57 бб.
[4], 123-146 бб.
|
4
|
Тәжірибе сабақ №4 Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы
1 Қоғам, теңдік және теңсіздік. Ашық және жабық қоғам.
2 Стратификация әр түрлі топтар арасындағы құрылымданған теңсіздік ретінде.
3 Стратификация және дифференцация жүйелері.
4 Әлеуметтік стратификация теорияларына қысқаша шолу (К. Маркс, М. Вебер). Әлеуметтік стратификация формалары (П. Сорокин).
5 Әлеуметтік мобильділік. Көлденең және тік мобильділік
Тапсырма 1. Дамыған және дамушы елдердің стратификациялық жүйелеріне талдау жасаңыз
Тапсырма 2. Мобильділіктің заманауи себептері қандай?
|
1
|
[1], 112-119 бб., 187-220 бб.
|
5
|
Тәжірибелік сабақ № 5 Әлеуметтену және бірегейлік
1 Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид).
2 Әлеуметтену кезеңдері. Бірінші реттік әлеуметтену. Екінші реттік әлеуметтену.
3 Әлеуметтенудің ересектік шақтағы кезеңі.
4 Гендерлік әлеуметтену. Гендерлік тәртіп.
5 Бірегейлік және тұлға. Әлеуметтік және жеке бірегейлік. Рөлдер және мәртебелер.
Тапсырма 1. Әлеуметтенудің түрлерін атаңыз және оларға мысал келтіріңіз
Тапсырма 2. Гендерлік әлеуметтенудің адам өміріндегі маңызы қандай?
|
1
|
[1], 91-111 бб., [7], 29-57 бб.
|
6
|
Тәжірибе сабақ №6 Отбасы және қазіргі заман
Жоспары:
1 Отбасы кроссмәдени және тарихи перспективада. Отбасының әлеуметтік қызметтері.
2 отбасы типологиясы. Неке мен туысқандық.
3 Отбасының әлеуметтанулық перспективалары. Отбасындағы қарым-қатынастардың өзгеруі.
4 Отбасы мен некенің альтернативті формалары.
5 Отбасы мен отбасылық қарым-қатынастарды салыстырмалы зерттеу.
Тапсырма 1. Қазіргі қоғамдағы отбасының құндылық ретіндегі рөлі қандай?
Тапсырма 2. Отбасының даму перспективалары қандай?
|
1
|
[1], 310-334 бб., [4], 55-76 бб.,
|
7
|
Тәжірибелік сабақ № 7 Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау
Жоспары:
1 Девиация мен әлеуметтік бақылау.
2 Девиация туралы теориялық бағыттарды қысқаша шолу (әлеуметтанулық, биологиялық, психологиялық, экономикалық, мәдениеттанулық).
3 Әлеуметтік нормалар
4 Аномия және қоғам.
5 Делинквенттілік және қылмыс.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Девиантты мінез-құлықтың жағымды формалары қоғамның қозғаушы күші бола ала ма?
Тапсырма 2 Жағымсыз девиациялармен күрес қаншалықты тиімді жүргізіледі?
|
1
|
[1], 161-186 бб., [2], 101-105 бб.,
|
8
|
Тәжірибелік сабақ № 8 Дін, мәдениет және қоғам
Жоспары:
1 Дін: негізгі түсініктер. Дінді әлеуметтанулық талдау.
2 Әлеуметтік бірлік. Дін және әлеуметтік теңсіздік.
3 Мәдениет элементтері. Мәдениет және өркениет: ұғымдардың мазмұны мен ара-қатынасы.
4 Мәдениет әлеуметтануы. Мәдени көптүрлілік. Құндылықтар, дәстүрлер мен ғұрыптар.
5 Қоғамдық сананың жаһандануы, ұлттық код, менталдылық пен дүниетаным: сәйкестік параметрлері. Ұлттық бірегейлік пен мәдениет. Ұлттық бірегейлікті сақтау.
Тапсырма 1 Дін саласындағы әлеуметтік мәслелер қандай?
Тапсырма 2 Ұлттық код пен менталитетті сақтап қалу қаншалықты маңызды?
|
1
|
[1], 347-366 бб.,
[1], 63-90 бб.,
|
9
|
Тәжірибелік сабақ №9 Этнос және ұлт әлеуметтануы
Жоспары:
1 Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар. Этникалық жүйелер.
2 Этнос, халық, ұлт. Этникалық бірегейлік. Ұлттық бірегейлік.
3 Ұлт-мемлекет. Этникалық топтар мен олардың өзара тіршілік етуі.
4 Этникалық мүдделер мен эникааралық қарым-қатынас. Этникааралық және конфессияаралық келісім.
5 Қазақстан халқы Ассамблеясы. Қоғамды этноәлеуметтанулық зерттеу.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Этникалық және ұлттық бірегейлік пен жаһанданудың арақатынасы қандай?
Тапсырма 2 Этносаралық қарым-қатынастар
|
1
|
[1], 222-253 бб., [4], 118-124 бб.,
|
10
|
Тәжірибелік сабақ № 10 Білім және әлеуметтік теңсіздік
Жоспары:
1 Жаһандық перспективадағы білім беру.
2 Білім беру әлеуметтік институт ретінде. Ресми білім берудің қызметтері.
3 Білім беру: әлеуметтік тап, жыныс, этникалық айырмашылықтар.
4 Білім берудің қолжетімділігі, мәдени капитал және теңсіздік.
5 Білім берудің әлеуметтанулық перспективалары. Білім беру мен білімді дәріптеу.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Білім беру жүйесінің заманауи мәселелері мен перспективаларын атаңыз
Тапсырма 2 Білім берудің әлеуметтік лифт ретіндегі рөлі қандай?
|
1
|
[1], 335-345 бб., [3], 29-38 бб.,
|
11
|
Тәжірибелік сабақ №11 Масс-медиа, технологиялар және қоғам
Жоспары:
1 Әлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникациялар. Медиалық жаһандану.
2 Бұқаралық коммуникациялар және әлеуметтік Масс-медиа түрлері. Масс-медиа қызметтері.
3 Бұқаралық сана мен цифровизация: өзара әрекет. Қазіргі заманғы технологиялар. Технологиялық теңсіздік. Масс-медиа мен технологияларды зертеудің теориялық бағыттары.
4 Әлеуметтік қадағалау мен бақылау. Киберлаңкестік. Жеке мәліметтерді қорғау.
5 Масс-медианың жаңа стандарттардың, мотивацияның, стереотиптердің, мінез-құлық моделінің, өмір салтының қалыптасуына әсері.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 БАҚ тиімділігі дегеніміз не?
Тапсырма 2 Қандай ірі БАҚ қызметімен таныссыз?
|
1
|
[15], 126-128 бб., [3], 56-87 бб.,
|
12
|
Тәжірибелік сабақ № 12 Экономика, жаһандану және еңбек
Жоспары:
1 Тарихи перспективадағы экономикалық даму. Экономикалық жүйелерді компаративистік талдау.
2 Еңбек нарығы мен жұмысбастылық құрылымы. Экономиканың негізгі секторлары.
3 Жаһандық қоғамда еңбек рөлінің өзгеруі. Еңбектің жаһандық бөлінісі.
4 Қазақстан жаһандық әлеуметтік-экономикалық жүйеде.
5 Рационалдылық мәдениеті. Прагматизм мен жоспарлау
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясына көзқарасыңызды білдіріңіз
Тапсырма 2 Нарықтық экономиканың өзекті мәселелерін атаңыз
|
1
|
[1], 382-399 бб., [2], 56,321-326 бб.
|
13
|
Тәжірибелік сабақ № 13 Денсаулық және медицина
Жоспары:
1 Денсаулық және медицинаны зерттеудің әлеуметтанулық бағыты. Денсаулық және қоғам (тарихи перспективада).
2 Халықаралық перспективадағы денсаулық сақтау.
3 Әлеуметтік маңызды аурулар. Әлеуметтік шеттелу.
4 Денсаулық сақтаудың экономикалық және әлеуметтік аспектілері. Денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі.
5 Ғылыми медицина. Халықтың қартаюы.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер қандай?
Тапсырма 2 Халықтың жалпы денсаулығын қорғау мәселесінің маңыздылығы қандай?
|
1
|
[1], 281-309 бб.
|
14
|
Тәжірибелік сабақ № 14 Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар
Жоспары:
1 Жаңғыру және урбанизация.
2 Әлеуметтік өзгерістердің бастаулары.
3 Халық туралы заманауи зерттеулер. Миграция.
4 Жаһандық урбанизация. Ауылдық жердегі өмір.
5 Қоғамдық қозғалыстардың бастаулары мен түрлері. Қоғамдық қозғалыстарға әсер ететін микро- және макро-факторлар. Қоғамдық қозғалыстың өмірлік циклы.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Қазіргі замандағы көші-қон үрдісінің ерекшеліктері қандай?
Тапсырма 2 Урбанизацияның әлеуметтік салдары қандай?
|
1
|
[1], 400-431 бб.
|
15
|
Тәжірибелік сабақ № 15 Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікірталастар
Жоспары:
1 Әлеуметтік әлемдегі өзгерістер және оны түсіну: әлеуметтанулық пікірталастар.
2 Әлеуметтік өзгеріс.
3 Әлеуметтік өзгерістерді зерттеудің әлеуметтанулық перспективалары.
4 Әлеуметтік өзгерістердің негізгі құрамдас бөліктері.
5 Гомогенизация және унификация.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1 Әлеуметтік өзгерістердің заманауи бейнесі қандай?
Тапсырма 2 Әлеуметтік өзгерістердің перспективаларын атаңыз
|
1
|
[1], 432-454 бб.
|
|
Өзіндік жұмыстар (СОӨЖ/СӨЖ )
|
7,5
|
|
1
|
СӨЖ №1. (1 апта)
Тапсырма 1. Басты үш әлеуметтанулық бағыт тұрғысынан (құрылымдық, функционализм, қақтығыс теориясы, символдық интеракционизм) қоғамдағы кез келген құбылыс (спорт, кино, отбасы және т.б.) туралы эссе-негіздеме жазыңыз.
Тапсырма 2. Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі туралы эссе дайындаңыз. «Әлеуметтанулық қиял" түсінігіне анықтама беріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология). Қазіргі адамға неліктен "әлеуметтанулық қиялды» меңгеру мен әлеуметтанулық перспективаны көре алу маңызды екендігін түсіндіріңіз.
Тапсырма 3. Әлеуметтанулық қиялды бағыт ретінде қолдана отырып, қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайын сипаттаңыз.
|
1
|
[1], 32-35 бб.
|
2
|
СӨЖ №2. (2 апта).
Тапсырма 1. Әр түрлі әлеуметтанулық мектептердің, ағымдардың, теориялық бағыттардың, негізгі идеяларын кесте түрінде салыстырыңыз, өкілдері мен олардың басты еңбектерін көрсетіңіз (О. Конттың, Г. Спенсердің, Э. Дюркгеймнің Библиографиялық очерктерін қараңыз (Ритцер Дж., Д. Степницки Дж. Әлеуметтану теориясы, Ритцер Дж. Современные социологические теории).
Тапсырма 2. Атақты әлеуметтанушы–теоретиктің (К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель) ойы туралы баяндама жазыңыз. Негізгі жұмыстарын айқындаңыз және әлеуметтанулық теорияларының тұжырымдарын жазыңыз.
|
1
|
[2], 2-43 бб.
|
3
|
СӨЖ №3. (3-апта)
Тапсырма 1. Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырыңыз. Кесте құрыңыз.
Тапсырма 2. Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттап беріңіз. Әлеуметтанулық әдістердің (сұрау, бақылау, эксперимент, контент-талдау, статистикалық мәліметтерді талдау) ерекшеліктерін талдаңыз.
Тапсырма 3. Әлеуметтанулық зертеудің бағдарламасын құру. Тақырып таңдау бойынша (дайындау алгоритмі: зерттеу сұрағын, болжамды айқындаңыз, ұғымдарды тұжырымдап беріңіз; іріктеу жиынтығын есептеңіз).
|
1
|
[1], 50-57 бб.
[4], 123-146 бб.
|
4
|
СӨЖ №4. (4-апта)
Тапсырма 1. Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттарын салыстырыңыз, олардың ерекшеліктерін анықтаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
Тапсырма 2. «Халықаралық деңгейдегі теңсіздік көрсеткіштері» тақырыбы бойынша топтық жоба (3-4 адаммен бірге отырып, топтарға бөліңіз) дайындаңыз, мысал келтіріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
|
1
|
[1], 112-119 бб., 187-220 бб.
|
5
|
СӨЖ №5. (5-апта)
Тапсырма 1. «Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері» тақырыбында презентация дайындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
Тапсырма 2. «Әлеуметтену агенттері» тақырыбын қарастырып, әлеуметтенудің әрбір агентін сипаттаңыз. Сіздің әлеуметтануіңіздегі оның рөлін талдаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
Тапсырма 3. «Жеке адамдар – әлеуметтік тіршілік иелері ретінде» тақырыбында эссе-баяндама жазыңыз.
|
1
|
[1], 91-111 бб., [7], 29-57 бб.
|
6
|
СӨЖ №6. (6 апта)
Тапсырма 1. Отбасындағы гендерлік рөлдерді (іскерлік ойын әдісін қолдана отырып) талқылаңыз.
Тапсырма 2. «Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі ретінде» тақырыбында презентация дайындау үшін модельді құру (дайындау алгоритмі: отбасыны қоғамның кішігірім жүйесі ретінде қарастырыңыз; негізгі құрылымдық элементтері мен қызметтерін сипаттаңыз; отбасыға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды айқындап беріңіз).
Тапсырма 3. Отбасының рөлі мен маңыздылығының адам өмірінің әр түрлі кезеңінде өзгеруін қарастырыңыз және талдаңыз. Отбасыңыздың мүшелері негізінде қарастырыңыз.
|
1
|
[1], 310-334 бб., [4], 55-76 бб.,
|
7
|
СӨЖ №7. (7 апта).
Тапсырма 1. Дж. Ритцердің еңбектерін қолдана отырып, суицидтың негізгі түрлерін айтып беріңіз және талдаңыз.
Тапсырма 2. Сараптамалық шолу. Э. Дюркгеймнің «девиация әрбір қоғамның қалыпты құрамдас бөлігі» деген тұжырымына қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.
Тапсырма 3. Г. Тардтың еліктеу теориясы мен Эдвин Г. Сазерландтың дифференциалдық ассоциация теориясының негізгі идеяларын түсіндіріңіз. «Әлеуметтік орта адамның девиантты мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді» деген тұжырыммен келісесіз бе? Әлеуметтанулық сұрау негізінде алынған келесідей қорытындыны дәлелдеңіз немесе жоққа шығарыңыз: «Жоғары сыныпта қатарластар ішімдік пен нашаны қолдануға әсер етеді». (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология және т.б.).
|
1
|
[1], 161-186 бб., [2], 101-105 бб.,
|
8
|
СӨЖ №8. (8 апта)
Тапсырма 1. Мәдениет элементтерін атаңыз және сипаттаңыз – тіл, құндылықтар, нормалар, дәстүрлер және т.б.
Тапсырма 2. Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтерін анықтаңыз. Қоғам мен дін арасында қандай қарама-қайшылықтар туындайтынын айқындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
Тапсырма 3. Мәдени конвергенция мен мәдени имперализм идеяларының мазмұнын ашыңыз. (Ритцер Дж., Д. Степницки Дж. Әлеуметтану теориясы, Ритцер Дж. Современные социологические теории).
|
1
|
[1], 347-366 бб.,
[1], 63-90 бб.,
|
9
|
СӨЖ №9. (9 апта)
Тапсырма 1. «Этнос» «халық», «ұлт», «этникалық топ» ұғымдарын салыстырыңыз.
Тапсырма 2. Этникалық топтар арасындағы өзара байланысты сипаттаңыз. Презентация дайындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
Тапсырма 3. «Қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтарын әлеуметтанулық талдау» тақырыбында эссе-талқылау жазыңыз.
|
1
|
[1], 222-253 бб., [4], 118-124 бб.,
|
10
|
СӨЖ №10. (10 апта)
Тапсырма 1. Қазақстанда тегін білім беру қолжетімділігінің артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау мақсатында салыстырмалы кестені құрыңыз. Топтық жұмыс (4 адамнан көп емес).
Тапсырма 2. Білім адамның мәртебесін айқындайтын басты фактор болу себебін негізді түрде түсіндіріңіз. «Креденциализм» түсінігіне анықтама беріңіз. Негізделген мысалдар келтіріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
Тапсырма 3. «Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы» эссе-негіздемесін дайындаңыз.
|
1
|
[1], 335-345 бб., [3], 29-38 бб.,
|
11
|
СӨЖ №11. (11 апта).
Тапсырма 1. Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсер ететіні туралы эссе жазыңыз.
Тапсырма 2. Топтағы коммуникацияның негізгі түрлерін ашып көрсететін схема дайындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология ).
|
1
|
[15], 126-128 бб., [3], 56-87 бб.,
|
12
|
СӨЖ №12. (12-апта)
Тапсырма 1. Қазіргі заманғы экономикалық жүйелердің – капитализм, социализм, аралас экономика, саяси экономиканың – ерекшеліктерін талдап беріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
Тапсырма 2. «Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі» тақырыбында эссе дайындаңыз
|
1
|
[1], 382-399 бб., [2], 56,321-326 бб.
|
13
|
СӨЖ №13. (13-апта)
Тапсырма 1. Гендер, әлеуметтік топ, жыныс, этнос, жас секілді денсаулық пен аурудың әлеуметтік сипаттамаларын бағалау маңыздылығын түсіндіріңіз.
Тапсырма 2. Дәрігерлер мен медбикелердің әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесін талқылаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
|
1
|
[1], 281-309 бб.
|
14
|
СӨЖ №14. (14 апта).
Тапсырма 1. Қоғамдағы урбанизация үрдісі мен миграцияның өзара байланысын айқындаңыз. Мысалдар келтіре отырып, Қазақстанның ерекшелігін көрсетіңіз.
Тапсырма 2. Бір мемлекет мысалында демографиялық дамудың ерекшеліктерін ашыңыз. Орын алған демографиялық өзгерістер мен олардың қоғамға әсерін талқылаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
|
1
|
[1], 400-431 бб.
|
15
|
СӨЖ №15. (15 апта)
Тапсырма 1. «Әлемде (соңғы жарты ғасырда) болған қоғамдық қозғалыстар: қоғамға әсер ету түрлері, себеп-салдарлық байланыстар мен қатынастар» тақырыбы бойынша индивидуалдық презентация.
Тапсырма 2. «Әлеуметтік өзгеріс» ұғымына анықтама беріңіз. Технологиялар мен әлеуметтік өзгерістердің өзара байланысын зерттеудің әлеуметтанулық бағыттарын салыстырыңыз: құрылымдық функционализм пен қақтығыс теориясы. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері мен шектеуліктерін талқылаңыз.
Тапсырма 3. Әлеуметтік қозғалыстарды зерттеудің негізгі әлеуметтанулық бағыттарын салыстырыңыз: құрылымдық-функционалдық бағыт, қақтығыс теориясы, символдық интеракционизм (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология және т.б.).
|
1
|
[1], 432-454 бб.
|
|
Барлығы
|
60
|
|
Білімді бақылау
|
1 апта
2 апта
3 апта
4 апта
5 апта
6 апта
7 апта
8 апта
|
АҮ1
|
Ағымдағы үлгерім
|
- жауап алу (тәж )/, эссе (соөж);
- жауап алу (тәж )/ кесте, баяндама (соөж);
- жауап алу (тәж )/ кесте, бағдарлама (соөж);
- жауап алу (тәж )/ салыстыру, топтық жоба (соөж);
- жауап алу (тәж )/ презентация, эссе-баяндама (соөж);
- жауап алу (тәж )/ іскерлік ойын, презентация, талқылау (соөж);
- жауап алу (тәж )/ глоссарий (соөж);
- жеке кабинет арқылы комп.тестілеу жүргізу http://psu.kz/student_cabinet/ (барлық пәндер міндетті компонент);
|
7-8 апта
|
МБ1
|
Межелік бақылау 1
|
жауап алу
|
8 апта
|
Р1
|
Жіберу рейтингі 1
|
Р1=(АҮ1+МБ1) / 2
|
9 апта
10 апта
11 апта
12 апта
13 апта
14 апта
15 апта
|
АҮ2
|
Ағымдағы үлгерім
|
- жауап алу (тәж )/ салыстыру, эссе-талқылау (соөж);
- жауап алу (тәж )/ кесте құру, эссе-негіздеме (соөж);
- жауап алу (тәж )/ эссе / кесте құру (соөж);
- жауап алу (тәж )/ эссе, талдау (соөж);
- жауап алу (тәж )/ талқылау (соөж);
- жауап алу (тәж ) / презентация, талқылау (соөж);
- жеке кабинет арқылы комп.тестілеу жүргізу http://psu.kz/student_cabinet/ (барлық пәндер міндетті компонент);
- презентация (тәж.)
|
14-15 апта
|
МБ2
|
Межелік бақылау 2
|
жауап алу
|
15 апта
|
Р2
|
Жіберу рейтингі 2
|
Р2=(АҮ2+МБ2) / 2
|
15 апта
|
ЖР
|
∑ жіберу рейтингі
|
ЖР=(Р1+Р2) / 2
|
Емт. сессия
|
Емтихан (Е)
|
Қ=ЖР*0,6+Е*0,4
|
Емтиханды қабылдау формасы:
- жазбаша
|
Ескерту: барлық жетістіктер 100 балдық шкала бойынша бағаланады
|
Академиялық адалдық
|
С. Торайғыров атындағы ПМУ-дағы академиялық саясат білім алушылардың, профессорлық-оқытушылық құрамның, ЖОО-ның басқа да қызметкерлерінің академиялық адалдық қағидаттарын міндетті түрде сақтауды білдіреді (Академиялық адалдық кодексінде егжей-тегжейлі баяндалған) және академиялық үдерістің барлық қатысушыларын оқыту мен жазбаша жұмыстарды, емтихандарды, бақылау жұмыстарын, зерттеулерді, тұсаукесерлер мен бағалауда жеке адалдықты дамытатын құндылықтар мен қағидаттар жүйесін қамтиды.
Университеттің академиялық саясаты Академиялық адалдық, академиялық ретсіздік және академиялық алдау (плагиат, жалған, көшіріп алу, өтірік, есептен шығару, сатып алу, саботаж, профессорлық-оқытушылық теріс қылықтар) бойынша жүйелі түрде күреске бағытталған.
Академиялық адалдық принциптерін бұзу университеттен шығару туралы шешім қабылдауға құқығы бар тәртіптік академиялық кеңесте қарастырылады.
|
Курстың саясаты
|
Білім алушылардың барлық аудиториялық сабақтарға кешігусіз қатысуы міндетті болып табылады. Сабақ болмаған жағдайда, олар деканат белгілеген тәртіппен өңделеді. Рұқсат етілген ең көп саны – 2 (екі). Екі рұқсат қағазы болған жағдайда оқытушы одан әрі студенттің сұрақ әкімшілік шешілгенге дейін сабаққа жібермеуге құқығы бар.
Әрбір бақылау іс-шарасы 100 баллмен бағаланады. Жұмыстарды көрсетілген мерзімде тапсыру керек. Тапсырмаларды тапсыру мерзімі сақталмаған жағдайда тапсырманың бағасы 50%-ға төмендейді. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі – емтихан сессиясы басталғанға дейін 3 күн бұрын.
Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталау және өткен материалдарды өңдеу міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі дәрістерден, тестерден немесе жазбаша жұмыстардан ауызша сұрау арқылы тексеріледі. Ауызша сұрау және студенттерді тестілеу ескертусіз жүргізілуі мүмкін.
Оқытушы студентке оның сабаққа қатысуы мен үлгерімі туралы хабардарлығы үшін, сондай-ақ осының салдарынан кейінгі зардаптарға (ақылы семестр, оқудан шығару) жауап бермейді.
Емтихан қабылдау түрі-жазбаша (ауызша, шығармашылық, тестілеу). Ең жоғары объективтілік мақсатында білім алушылардың жазбаша жауаптары QR-кодтың көмегімен шифрланады. Емтихан бейнекамералармен жабдықталған аудиторияда өткізіледі. Емтиханды 2 емтихан алушы (пәнді жүргізуші оқытушы және емтихан өткізу тәртібін сақтауға жауап беретін университет қызметкері) өткізеді.
|
Ескерту: оқытушының талаптарына байланысты түзетіледі
|
Қорытынды баға
|
Қорытынды баға балмен (Қ)
|
Балдардың сандық баламасы (С)
|
Әріптік жүйедегі баға (Ә)
|
Дәстүрлі жүйемен бағалау (Д)
|
95-100
|
4
|
А
|
Өте жақсы
|
90-94
|
3, 67
|
А-
|
85-89
|
3,33
|
В+
|
Жақсы
|
80-84
|
3,0
|
В
|
75-79
|
2,67
|
В-
|
70-74
|
2,33
|
С+
|
65-69
|
2,0
|
С
|
Қанағаттанарлық
|
60-64
|
1,67
|
С-
|
55-59
|
1,33
|
D+
|
50-54
|
1,0
|
D
|
25-49
|
0,5
|
FX
|
Қанағаттанарлықсыз
|
0-24
|
0
|
F
|
Әдебиеттер
|
№
|
Атауы
|
Жыл
|
|
Негізгі
|
|
1
|
Бринкерхоф Д. Әлеуметтану негіздері : [оқулық] / Д. Бринкерхоф, Р. Уэйтс, С. Ортега / ред. М. М. Тәжин : ауд. М. И. Амандосова [және т. б.]. – 10-басылым. – Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, – 464 б. (Рухани жаңғыру). – (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық)
|
2018
|
2
|
Ритцер Д. Әлеуметтану теориясы : [оқулық] / Д. Ритцер, Д. Степницки: ред. М. М. Тәжин : ауд. Г. О. Әбдікерова [және т. б.]. – 10-басылым. – Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры,. – 830 б. – (Рухани жаңғыру). – (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық)
|
2018
|
3
|
Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай
|
2009
|
4
|
«Әлеуметтану» электрондық оқу құралы. ПМУ
|
2012
|
|
Қосымша
|
|
5
|
Абдикерова Г. О. Әлеуметтану. – Алматы : Қазак университеті. – 192 б.
|
2011
|
6
|
Абдирайымова Г. С. Жастар социологиясы. 2-басылым. – Алматы : Қазақ университеті. – 224 б.
|
2012
|
7
|
Әбдікерова Г. О. Тұлға әлеуметтануы : жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. Алматы : Қазақ университетi
|
2009
|
8
|
Әженов М. С., Садырова М. С., Омарова А. Т. Білім социологиясы. Оқулык. Алматы : «Эверо». – 124 б.
|
2011
|
9
|
Арын Е. М. Орысша-қазақша түсiндiрме сөздiк. Әлеуметтану және саясаттану. Павлодар : ЭКО
|
2006
|
10
|
Әлемдiк әлеуметтану антологиясы : [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра).
|
2007
|
11
|
Әлеуметтану : Оксфорд сөздiгi. Алматы : Қазақстан, 2002 Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь,
|
2007
|
12
|
Икенов А. И., Жүсiпова А. Д. Әлеуметтану негiздерi : оқу құралы. Алматы : Экономика
|
2004
|
13
|
Рахметов, Қ. Ж., Болатова, А. Н., Исмағамбетова, З. Н. Социология. Алматы : Өлке
|
2005
|
14
|
Тұрғынбаев Ә. Х. Социология. Алматы
|
2005
|
15
|
Шваб Клаус. Төртінші индустриялық революция / Клаус Шваб : ред. М. М. Тәжин : ауд. Н. Б. Ақыш [және т. б.]. – 10-басылым. – Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. – 200 б. (Рухани жаңғыру). – (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық)
|
2018
|
Таныстыру парағы
|
№
|
Аты-жөні
|
Қолы
|
1
|
АТФ ОІ жөніндегі деканының орынбасары Сейтханова К.К.
|
|
2
|
СҚФ ОІ жөніндегі деканының орынбасары Уразалимова Д.С.
|
|
3
|
ГПФ ОІ жөніндегі деканының орынбасары Карипжанова А.О.
|
|
4
|
ММжКФ ОІ жөніндегі деканының орынбасары Тусупбекова М.Ж.
|
|
5
|
ФМжАТФ ОІ жөніндегі деканының орынбасары Жуспекова Н.Ж.
|
|
6
|
ХТжЖФ ОІ жөніндегі деканының орынбасары Дюсенбаева А.Т
|
|
7
|
МББжҚФ ОІ жөніндегі деканының орынбасары Салимжанова Б.Б.
|
|
8
|
ЭФ ОІ жөніндегі деканының орынбасары Жукенова Г.А.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |