Білім беру бағдарламасының студенттері үшін «деректер қорын басқару жүйелері»


Деректер қорын, кестені және көріністерді өшіру



бет24/42
Дата01.10.2022
өлшемі0,98 Mb.
#151367
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
Байланысты:
Деректер қорын басқару

Деректер қорын, кестені және көріністерді өшіру


Деректер қоры мен оның объектілері SQL Server-де SQL Server Enterprise Manager программасының көмегімен өшірілуі мүмкін не келесі инструкциялар арқылы:
- DROP DATABASE имя_базы_данных;
- DROP TABLE имя_таблицы;
- DROP VIEW имя_представления;
- DROP INDEX имя_индекса.
Бұл инструкциялар қатаң сұранысты қажет етеді. Деректер қорын өшіргенде онымен бірге объектілері де өшіріледі. Кесте өшірілгенде онымен байланысқан индекстер, шектеулер, триггерлер мен мүмкіндіктер өшіріледі.
Басты кестені өшіру үшін бірінші қосымша кестенің сыртқы кілттің шектеулерін өшіру керек.
Бақылау сұрақтары:

  1. MS SQL Server утилиталарының қызметі?

  2. Кестелермен жұмыс қалай ұйымдастырылады?

  3. Индекстер дегеніміз не?

  4. Диаграмма объектісі не үшін қажет?

ДӘРІС 19-20.
TSQL мәліметтерімен жұмыс істеу негіздері
Жоспар
1. Идентификаторлар және өрнектер
2. Басқаратын конструкциялар
3. SELECT, INSERT, UPDATE, DELETE инструкциялар
4. SQL предикаттары және үштік қисын
5. Тұрақтылар, функциялар және өрнектер
6. Агрегаттық функциялар


Идентификаторлар және өрнектер


SQL Server-мен жұмысы үшін Transact-SQL деп аталатын SQL тілінің диалекті қолданылады. SQL алғашқы тілімен салыстырғанда Transact-SQL-да қосымша кілттік сөздер енгізілген.
Негізгі операторлар INSERT, DELETE, UPDATE, SELECT және басқа операторларда SQL тілінің синтаксисі қолданылады. Transact-SQL қосымша мүмкіндіктері ақпараттың көлемін басқарауына байланысты.
SQL Server барлық объектілерінде өз атаулары бар. Уақытша объектілерді белгілеу үшін арнайы символдар қолданылады: @ - уақытша айнымалылар немесе параметрлер, # - уақытша кесте не сақталатын процедура. Уақытша объектілер бір сеанс не транзакция уақытында бар болып, содан кейін өшіріледі. Аумақты айнымалыларды белгілеу үшін келесі символдар қолданылады: @@[атауы], ##[атауы]. Шектеулерді шектеу үшін объект атауын квадрат жақшаларына не тырнақшаға алады. Егер объект атауы (кесте, баған не т.б.) сақталатын процедураның аргументі ретінде қажет етілсе, онда командалар апострофқа алынады.
Өрнектер функция, амалдар, тұрақталыр идентификаторларының жинағы ретінде көрсетіледі. Өрнек сақталатын процедураның командаларында аргумент ретінде қолданылады. Келесі операторлар SQL Server-де анықталады:

Унарлық

+,-

Меншіктеу

=

Арифметикалық

+,-,*,/,%

Жолдық

+

Салыстыру

<,>,=,<=,>=,<>,!=,!<,!>

Қисын

ALL, AND, ANY, BEETWEN, EXISTS, IN, LIKE, NOT, OR, SOME

Биттік

&,|,^

Қисын операторлар сұратуларды жазғанда не мәліметтерді өзгерту командаларында қолданылады.
ALL – скалярлық өрнектің барлық ішкі сұраныстың қайтаратын мәндерімен салыстыруы орындалады. Егер қисын шарты орындалса, сонда ғана барлық шарттар орындалды деп айтуға болады.
Синтаксисі:
<өрнек>{=,<>,!=,>,>=,!<,<=,!<} ALL (<ішкі сұраныс>)
ANY – ішкі сұраныстың қайтаратын мәндерінің әрқайсысымен скалярлық өрнектің салыстыруын орындайды. Және ақиқатты қайтарады, егер ішкі сұраныстың мәндерінің бірі жұмыс істесе.
Синтаксисі:
< өрнек >{=,<>,!=,>,>=,!<,<=,!<} ANY (<ішкі сұраныс >)
BEETWEN – оператор ақиқат мәнін қайтарады, егер өрнек мәні анықталатын диапазонына кірсе. Егер NOT қисын операторы ақиқатты қайтарады егер мән диапазонға кірмесе.
Синтаксисі:
< өрнек > [NOT] BEETWEN <жоғарғы табалдырық> AND <төмеңгі табалдырық >
IN – оператор ақиқатты қайтарады, егер ішкі сұраныстың қайтаратын мәндерімен өрнек мәндері сәйкес келсе. Мәндер тізімі үтір арқылы саналады. Оператордың жалпы форматы:
< өрнек > [NOT] IN (<ішкі сұраныс > | <мәндер тізімі>)
EXISTS – бар болу операторы ақиқатты қайтарады, егер ішкі сұраныс бір жолды қайтарса, ал ішкі сұраныстың нәтижесі бос болса, онда жалған мәні қайтарылады.
Синтаксисі:
EXISTS (<ішкі сұраныс >)
LIKE – жолдық мәндер салыстырмасы берілген шаблонмен өрнекті салыстыру амалын орындайды. Шаблонда алмастыру символдары бар: % - символдардың кез келген саны, _ - кез келген бір символ, [] – мүмкін болатын символдар жинағы, [^ ]- сәйкес символдың орынына берілген тізімнің барлық символдары болу мүмкін.
Синтаксисі:
<өрнек> [NOT] LIKE <шаблон>



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет