Типі
|
Байттар өлшемі
|
Сипаттамасы
|
Binary(n)
|
1,2 Гб дейін
|
Файлдарды сақтау үшін екілік мәліметтер
|
Varbinary(n)
|
1,2 Гб дейін
|
Файлдарды сақтау үшін екілік мәліметтер
|
Char(n)
|
n
|
Символдық жол
|
Vchar(n)
|
n
|
Символдық жол
|
Datetime
|
8
|
Күн мен уақыт
|
Smalldatetime
|
4
|
Күн мен уақыт
|
Decimal(p,s)
|
1-17
|
p цифрлардың жалпы саны мен үтірден кейінгі s цифрлар саны
|
Numeric(p,s)
|
1-17
|
p цифрлардың жалпы саны мен үтірден кейінгі s цифрлар саны
|
Float
|
8
|
Жылжымалы нүктемен сан
|
Real
|
4
|
Жылжымалы нүктемен сан
|
Int
|
4
|
Жылжымалы нүктемен сан
|
Smallint
|
2
|
Бүтін сан
|
Tinyint
|
1
|
0-ден 255-ге дейін бүтін оң сан
|
Money
|
8
|
Ақша мәні
|
Smallmoney
|
4
|
Ақша мәні
|
Bit
|
1
|
Булды мәні
|
Timestamp
|
|
Binary (8) сияқты
|
Text
|
4
|
Символдық мәліметтер
|
Image
|
4
|
Екілік мәліметтер
|
Length – типті таңдағаннан кейін өріс өлшемі автоматты түрде беріледі;
Precision – типті таңдағаннан кейін ондық өлшемі автоматты түрде беріледі;
Default Value – үнсіз келісім бойынша өріс мәндері беріледі;
Allow Null – жалаушаның белгісі берілген өрісте бос мәнді беруге рұқсат береді;
Scale – типті таңдағанда мәліметтердің сандық типі дәл беріледі;
Identity – кестеге жаңа жазбаны енгізген сайын өріске берілген шамамен автоматты түрде өсіріледі: Identity Seed – бастапқы мән, Identity Increment – санауыштың өсуі.
Кесте дизайнеріне Action менюіндегі Design Table командасы арқылы не контексті меню арқылы жүзеге асыруға болады. Enterprise Manager арқылы кестеге ақпаратты енгізу үшін Open Table | Return All Rows командасын орныдау қажет. Жазбалардың санын Open Table | Return Top командасы арқылы шектеуге болады.
Индекстер. Индекстер мәліметтердің реттеп шығаруын және таңдауын ұйымдастыру үшін қолданылады. Индекс болмаса SQL Server сұранысты орындау үшін кестені сканерлеу керек, яғни кестенің барлық жазбаларын қарастыру керек. Егер кестенің өлшемі көлемді болса, онда серверге үлкен жұмыс жүктеледі. Индекстер қажет мәліметтерге нұсқау болып келеді.
Деректер қорында индекс дегеніміз кесте парақтарындағы қажет мәліметтерге сілтеме жасалатын тізім. Басқа жақтан қарағанда, деректер қордың объектісі болып келеді. Бірақ бұл обектілерге қосымша жады қажет. SQL Server индексін құрған кезде кесте сканерленеді, сонымен қатар индекстелген бағанда мәнді таңдап, индекстелген параққа мәліметтер парағына нұсқағыш және индекстелген мәндер үшін жолдар идентификаторларын жасайды.
SQL Server-де индекстердің келесі екі типі мүмкін: кластерлік және кластерлік емес. Кластерлік типтес индекстер үшін индекстегі жолдардың тізбегі мәліметтердің физикалық ретімен сәйкес келу керек. Кластерлік индексте тікелей мәліметтер орналасады. Мұндай индекс мәліметтерге қатынау жұмысын тездетеді. Іздеу, реттеу және топтау амалдарын орындау үшін көбінесі кластерлік индекс қолданылады. Мысалы, ол үшін көбінесе алғашқы кілт құрылған баған қолданылады.
Кластерлік емес типтес индекстерде мәліметтермен байланыс қисын түрдес. Сондықтан, бір кесте үшін бірнеше индекстер беруге болады.
SQL Server-де индекстерді екі тәсілмен құруға болады: SQL Server Enterprise Manager программасы арқылы және Transact-SQL тілінің CREATE INDEX операторы көмегімен. Кесте үшін индексті тек оның тікелей қолданушысы ғана құра алады.
CREATE INDEX инструкциясында индекс атауы, бір кесте және 16 баған болу керек. Мұнда индекс атауы, бір кесте және 16 бағанға дейін беріледі. Кластерлік индекс жасау үшін CREATE INDEX инструкциясына CLUSTERED кілттік сөз қолданылады.
CREATE [UNIQUE][CLUSTERED|NONCLUSTERED]INDEX имя_индекса
ON имя_таблицы(имя_столбца[,имя_столбца]...)
[WITH]
[FILLFACTOR = x]
[[,] IGNORE_DUP_KEY]
[[,] {SORTED_DATA | SORTED_DATA_REORG}]
[[,] {IGNORE_DUP_ROW | ALLOW_DUP_ROW}]]
[ON имя_сегмента]
Мысал
CREATE UNIQUE CLUSTERED INDEX au_id_ind
ON authors (au_id)
Индексті құрастырғанда Enterprise Manager утилитасы қолданылады. Алғашқы қадамда, кесте ерекшеленеді, содан кейін, Action| All Tasks| Manage Index командасы орындалады. Ашылған сұхбат терезесінде мәліметтер қоры мен кесте пайдаланылады. New батырмасы жаңа индексті ашу үшін терезені ашады, содан кейін индекске кіретін өрістерді ерекшелейді, сонымен қатар, келесі опцияларды орнатады:
- Unique values – ендірілетін мәндердің ерекшелігі;
- Ignore duplicate values – индекстелген өрістерде қайталанатын мәндерді ұйымдастырады;
- Clustered index – бұл опция кластерлік индекстеуді ұйымдастыру үшін қоладанылады. Кестеде бір кластерлік индекс болу мүмкін.
Кестеден индекстен басқа алғашқы кілтті құруға болады. Алғашқы кілтті құрғанда кесте дизайнерін ашу қажет, таңдалған өрісте нөлдік емес мәндер енгізуіне рұқсат бермеу керек, яғни Allow Null бағанында белгі алынуы керек, содан кейін Set Primary Key батырмасына басу қажет.
Диаграммаларды қолдану. Диаграмма объектісі графиктік режимде мәліметтердің құрылымын өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кестені құру, кілттерді анықтау, кестелер арасындағы байланысты ұйымдастыру мүмкіндіктерін туғызады. Диаграмманың ерекшелігі оның барлық объектілердің автоматты жасалынуы. Action менюінің New Database Diagram командасы диаграммаларды өңдеу мастерін іске қосуына алып келеді.
Саймандар панелінің батырмаларының көмегімен кестенің сыртқа бейнесі мен орналасуын басқаруға болады. Кілттердің көмегімен диаграмма терезесінде кестелер арасындағы байланысты орнатуға болады. Мұндай өріс кестенің сыртқы кілті деп аталады. Содан кейін экранда сұхбат терезесі шығады. Бұл терезеде байланыс атауы және сипаттамасы сұратылады:
- Relationship name – байланыс атауы;
- Primary key table – кестенің алғашқы кілті;
- Foreign key table – кестенің сыртқы кілті;
- Check Existing data on creation – берілген байланысқа кесте мәндерін тексереді;
- Enabled relationship for INSERT and UPDATE – жасалынған байланыс кестеде ақпаратты қосу және өзгерту амалдары қарастырылады.
Жасалынған диаграмманы құрастырып болғанда, жүйе атауын мен мүмкіндіктерін сұратады.
Достарыңызбен бөлісу: |