«білім беру және педагогика» жоғары мектебі


Бастауыш сыныптарда музыкаға тәрбиелеу міндеттері



бет7/24
Дата12.07.2020
өлшемі0,66 Mb.
#75124
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
музыка теориясының негіздері

Бастауыш сыныптарда музыкаға тәрбиелеу міндеттері: 

  1. Оқушылардыңы музыка сабақтарына деген ынтасын арттыру, музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажетіне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу. 

  2. Оқушылардың жоғары көркемдік талғамын, өнер шығармаларын тек шынайы сезіммен қабылдап, бағалай білу қабілетін қалыптастыру,оларды бейнеленген түрлі құбылыстарды салыстыра білуге, музыкалық шығармалардың сипатына, стилі мен жанрына және дәуіріне қарай түсінуге тәрбиелеу, музыкалық шығармалардың сипатын танытатын жанрлар, саздар, ырғақтық, тембрлік ерекшеліктері туралы және оларды музыка пәнінін бағдарламасында белгілі бір логикалық құрылымы арқылы жүзеге асыру. 

  3. Оқушылардың музыкалық өнермен қарым-қатынасындағы түрлі практикалық тәсілдерді игеруде қалыптастыру.Ән айту дағдысы, музыка тыңдау, музыка сауатын меңгеру,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Көркем бейнелерді қабылыдау негізі музыка болып табылатын өнердің әр алуан түрлерін біріктіру нәтижесінде жүзеге асады. Бұл–оқушылардан түрлі іс-әрекет барысында белсенді шығармашылық даму мүмкіндігінің болуын талап етеді. 

  4. Музыка сабақтарында оқушылардың музыка шығармашылық дағдыларын даму.Ол музыкалық білім беру, тәрбие негізінде оқушылардың бойындағы өнердің әр саласына деген бейімділігін(әншілік, күйшілік,ақындық,суырып салма,бейнелеу өнері,актерлық, жазушылық т.б.) қалыптастыру болып табылады. 
    Музыка пәні мұғалімі осы ұсынып отырған мақсат-міндеттерді барлық сыныптардағы музыка сабақтарында жүзеге асыруда өз шеберліктері мен әдістерін, музыкалық білімін үнемі ізденіспен толықтырып отыруы қажет.

«Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбиенің теориясы мен технологиясы» пәні психология, педагогика және музыка теория негіздері пәндеріне негізделіп құрылған.

1.Музыкалық тәрбие әдістемесі,музыка теориясы пәндерімен тығыз байланысты. Себебі музыкалық теория музыка құралдары арқылы оның заңдылықтарын үйретеді, музыканың қарапайым білім дағадыларымен қаруланырады.

2.Музыкалық тәрбие әдістемесі пәнімен тығыз байланысты. Музыкаға оқытуда біз психологиялық зерттеулерге сүйенеміз. Себебі, оқушылардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерінің дамуын олардың мінез-құлқын жасына қарай ой-өрісінің даму деңгейін, сезім-түйсіктерінің жетілуін біз психология пәні арқылы білеміз.

3.Музыкалық тәрбие әдістемесі балалар физиологиясымен де тығыз байланысты. Себебі музыка оқытушысы оқушылардың әншілік қабілетін дамыту үшін балалар дауыс аппараты және тыныс алу аппаратарының құрылысымен функциясымен жетік білу керек. Егер оқытушы балалар физиологиясын жетік білмесе, ән үйрету барысында бала организіміне зақым келтіруі мүмкін.

4.«Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбиенің теориясы мен технологиясы» (педагогикалық ғылым ретінде) жалпы педагогиканың заңдылықтарына бағынады. Кез-келген пәнді оқыту педагогиканың әдіс–тәсілдерін білуді талап еткені сияқты, музыка оқытуда педагогиканың әдіс тәсілдерімен дидактикалық принциптеріне сүйенеміз.

Әр сыныпта музыка тыңдау,ән айту,музыка сауатын меңгеру,шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстары бойынша музыкалық материалдарды игеру барысында әр бөлімге сәйкес әндер жинағын, сазгерлер туралы мағлұматтар,тыңдалатын музыкалық шығармаға сәйкес иллюстрациялық көрнекіліктер, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тапсырмалар түрлерін, ребустар, сөзжұмбақтар, дидактикалық көрнекіліктер, халық педагогикасының әдістері-мақал-мәтел, жұмбақ, музыкалық ойындар тағы басқа құнды да көптеген қажетті әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты өз дәрежесінде өткізуде керекті қорларын молайтады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет