«білім беру және педагогика» жоғары мектебі



бет9/24
Дата12.07.2020
өлшемі0,83 Mb.
#75127
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
музыкалық тәрбие әдістемесі

4. Теориялық мәліметтер:

Орыс ғалымы Б.Яворскийдің айтуынша шығармашылық өнер музыканың орындалуы барысында жүзеге асады, ал мұғалім болса оқушының музыканы түсіну, ойлау мүмкіндігін бақылап тұруға мүмкіндік алады. Б.Асафьев: «шығармашылық балалардың музыкалық материалдарды терең түсінуіне және музыкалық қабілетінің дамуына жағдай жасайды» -деп жазды. Музыка психологиясын зерттеуші Б.Теплов болса, «шығармашылықпен айналысуды ең алғашқы күннен бастау маңызды, өйткені, музыкалық мәдениеттіліктің іргетасын өз беттерінше қалауға ықпалын тигізеді.» - деп көрсетті.

Кейінгі кездерде бүкіл әлемде адам “жанын” яғни, психикасын зерттейтін ғылымның өркендегені байқалады. Өнердің қай түрі болмасын адамға немқұрайлы әсер етуі мүмкін емес. Соның ішінде музыканың әсері ерекше. Музыка-адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сзімі. Ол өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл-ой, сана сезімінің кеңейіп, жақсы мінез-құлықтардың қалыптасуына әсерін тигізеді. Әл-Фараби: “Музыка адам миының көзбен кқөргенде әсер етпейтін ең бір тереңде жатқан бұрыштағы ми талшықтарын қозғайды”. Тірі организмдердің психикасына музыканың әсер етуі турады фактілердің көбею салдарынан XX ғасырдың соңына жаңа ғылым “музыкалық психология” пайда болды. “Музыкалық психология” жаңа ғылым делінгенімен, оның қайнар көзі ежелден қалыптасады.

Ғасырлар бойы ғалымдар музыка үндестігінің маңызын атап келген 20 ғ. бүкіл әлемді жаңа ырғақпен өмір сүруіне мәжбүр етті. Сондықтан музыка әлемінде көбінесе жастар, жасөспірімдер тыіңдайтын рок, ауыр рок, металл, поп т.б жаңа бағыттар пайда болды. Бұл бағыттар көпшіліктің (широкой публики) музыкалық талғамын, тұрмыс қалпын және психологиясын анықтай бастады. 70 жылдардан бастап, музыканың ықпал ету ерекшеліктерін бастапқыда жалпы психология, одан кейін балалар психологиясы, ақыры балалар музыкалық психологиясы зерттеді. Жасөспірімдер психикасына музыканың ықпалын оқып білу үшін, алдымен музыкалық психологияның негізгі ұғымын анықтау қажет және болашақ музыка мұғалімдерін арнайы психологиялық білімдер мен музыканың ерекше табиғаты туралы түсініктермен қамтылуы керек тұжырымдады.

Студенттер оқу барысында пән тараулары мен бағыттарының мазмұны туралы, музыкалық ой ерекшеліктері мен оқытудың психологиялық негіздері туралы, қазіргі заманғы психология және де музыка-психологиялық тұжырымдамалар туралы білуге тиісті.

Музыкалық өнердің тарихи-даму процесінде музыкалық әрекеттің үш негізгі түрі пайда болды. Ең алдымен, шығармашылық музыка мәдениетінде жаңалық негізінде пайда болды. Құрылған жаңалық орындалуын талап етеді, демек, жаңа әрекеттің түрі орындаушылық пайда болды, оның өзі вокалдық және аспаптық болып бөлінеді. Музыкалық әрекеттің үшінші түрі-қабылдау; ол пайда болғанды меңгеру үшін және бұрынғы өткен тәжірибе негізінде жаңадан жаңалық ашу үшін адамға өте қажет. 20-жылдар кезеңіндегі арнайы музыкалық педагогикалық әдебиеттерінде балалардың әлеуметтік-музыкалық тәжірибені меңгерудің жалпы әдіс-тәсілдері байқалды (көрінді). А.А. Шеншин «жалпы музыкалық білім берудің жалпы принциптері мен әдістері » статьясында баланың музыка өнерін меңгеруінің негізгі үш тәсілін атап өтті: көрнекілік, өнерпаздылық (самодеятельный), өмірге орайлық (жизненный).

Көрнекілікті тұжырымдай отырып автор балаларға музыкалық тәрбие берудің маңызын ерекше атап өтті: эстетикалық қабылдаудың мәні өнер туындыларын меңзеу (созерцание)(пайымдау, аңдау). Эстетикалық сезімге көрнекіліксіз әсер ету мүмкін емес.

Екінші-өнерпаздылықтың (самодеятель.) принципті жағдайы музыкалық шығарманы меңгеру процесінде өнер туындыларының эстетикалық әсерленушілікке бағытталуы (музыканы қабылдау мен эстетикалық әсерленушілікпен жұмыс), ішкі дүниемен әсерленушілігін, өнерде сыртқы көрініс (шығарылған (созданный) музыкалық шығарманы творчестволық еңбекпен қайта өңдеу және өзінше жаңа творчество құру) бағытымен қосақталу керек. Бұл екі бағыт бір-бірінсіз музыкалық жұмыс процесінде көрінбей қалады, олар бір-біріне паралель жүріп, өзара байланысы болуы керек.

Үшінші принцип-өмірге орайлық принцип-өмір мен өмірдің бір-біріне енуін білдіреді. Біріншіден өнерді балаларға жақындату қажет, яғни, музыкалық шығармалар жасерекшеліктеріне, баланың көркем дайындығына сәйкес болу керек. Екіншіден, музыка тек сабақта ғана тыңдалмай, тұрмыста да, балалардың ойыны мен еңбегінде қоса жүруі керек. Оысы әдістің арқасында музыка бала өміріне берік орнатылып, оларға жақын, түсінікті бола алады.

«Музыка тыңдау жайлы» З.Каратыгиннің статьясында балаларды музыкаға тарту процесі белгілі бір ретке байланысты бірнеше этаптан тұрады. «қабылдау-меңгеру-өңдеу-дамыту-жаңадан шығару сияқты, адамның өнерге алғаш жанасуынан (касание) бастап, сол адамның көркемді-білімді тұлғаның қалыптасуына дейінгі психологиялық өсуінің прогрессия (алға басу) бөлімдері».

Н.Доломанова мен В.Шацкая балабақша тәжірибесіне ән айту, ритмика, музыка тыңдату сияқты музыкалық әрекеттің түрлерін қолдануды ұсынды.

Музыкалық педагогика саласындағы кейінгі еңбектерде музыкалық тәрбие беру барысында музыкалық аспаптарда ойнау (Божди, Яворский) әрекеті және музыкалық шығармашылық мәдениет қазыналарын жасау (Асафьев, Каратыгин, Брюсова) қолдануға көңіл бөлінеді.

Педагогикалық еңбектердің табысты болуы мұғалімнің творчестволық қасиеттеріне байланысты. Әрбір сабақ оқу-тәрбие мақсатымен қатар, әр түрлі кездейсоқ ситуациялар жиынтығын құрайды. Сондықтан, мұғалім біліміне ғана арқа сүйемей, нақты әдістемелік тәсілдерді қолдануды меңгеруі тиіс. Мұғалімнің творчестволық интуициясымен реакция жылдамдығымен ерекшеленіп, зерттеушілік талантқа ие болуы керек. Оқытушының сабақтағы оқыту, дамыту, тәрбиелеу сияқты функцияларды орындаумен ғана шектелмей жан-жақты болуы тиіс. Яғни, ол оқушыларды ән айту барысында, музыка жайлы әңгіме барысында, оларды қабылдау барысында, музыкалық аспапта ойнау т.б. музыкалық әрекеттер барысында үнемі бақылауда болуы керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет