«білім беру және педагогика» жоғары мектебі



бет11/24
Дата12.07.2020
өлшемі0,66 Mb.
#75119
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
музыкалық тәрбие әдістемесі

Теориялық мәліметтер:

Мектеп ішілік іс-шаралар мен түрлі музыкалық өнерге баулитын үйірмелік жұмыстар–мектепте әртүрлі үйірмелерді құру арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда мынадай үйірмелер болуы тиімді: хор, оркестр, жеке аспаптар, әншілер, би үйірмелері, фольклорлық, музыка театры және т.б. Міне осы үйірмелердің ішінен біз өз тәжірибемізде жиі кездесетін хор және оркестр ұжымдарын ұйымдастырудағы мұғаліміне қойылатын талаптараға тоқталамыз.

Хор дегеніміз-өзіндік вокалды-техникалық дауыстың ерекшеліктері бар, шығарманың мазмұндық ерекшелігін жеткізе алатын әншілерден ұйымдастырылған ұжым.

Әртүрлі құрылымдағы хор ұжымдарының ішінде ерекше орын алатыны ол балалар хоры болып есептеледі.

Хор ұжымында – балаларды жасына қарап біріктіреді. Бастауыш (1, 2, 3, 4), орта буын (5-8), жоғарғы сыныптар (9-11) оқушыларының біріккен хоры, сондай-ақ біріккен ұлдар хоры. Балалар хоры мектепте төменгі, ортаңғы, жоғарғы сыныптардан әртүрлі жастағы балалардың бір немесе екі, үш, төрт дауыстарды құрамына кіргізеді т.б.

Мектепте хор ұйымдастырудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Алдымен, хор үйірмелеріне өз еркімен келушілер қабылданады. Музыка сабағының мұғалімі хорға әнді жақсы айтатын балаларды тартумен қатар, өз еркімен келушілерге де көмектесуі керек. Тәжірибеде көріп жүргендей, хор жетекшісі әрбір дені сау баланың музыкалық қабілетін дамыта келіп, оның қызығушылығымен талғамын арттыруға міндетті. Хор ұжымына қатысамын дейтін баланы мұғалім алымен аспаптың көмегінсіз айтқызып көру арқылы тексереді. Аспаптың көмегінсіз айту – бала даусының және музыкалық қабілетінің қандай деңгейде екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бірнеше түрлі музыкалық ырғақтарды қайталау, оқытушының көрсеткен әуенін бірден қайталап беру – аланың барлық музыкалық естиу түсініктерінің қандай деңгейде екенін байқатады. Төменгі сынып оқушылары ұялшақ болады. Сондықтан оларды тексеруді топпен немесе жеке-жеке өткізген дрыс. Әдетте, хорға 40-50 бала немесе оданда көп бала алынады. Хор ұжымы аптасына 2 рет, 1-1,5 сағаттай жүргізіледі. Әрбір хор сабағын тиянақты жоспарлап, қызықты өткізуге мұғалім ерекше назар аударуы тиіс.

Құрамы қандай да болса хордың негізгі принципі ұйымдастыруымен алға қойған мақсатының негізі бар. Олардың тапсырмасы, музыкалық көркемдеу тәрбиесімен яғни жасөспірімдердің сана-сезіміне әсер ету. Хордағы ән айту өнердің көпшілік тәрбиесіндегі балалардың ашық сезімін ояту. Отанға, халыққа деген сүйіспеншіліе санасын өсіру. Ұжымдыққа, жолдастыққа, еңбекқорлыққа, шығармашылыққа жан-жақты қабілеттерін ояту. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда хормен ән айтудың маңызы орасан зор. Хор өнерінде ән мен сөздің бірігуіндегі ерекшелік үлкен орын алады. Поэзияның музыкамен жұптасуы, адамның мінез-құлқының көркемдік дамуына, ойлануына әсер етеді. Хор шығармасын игерудегі қиындықтарды еңбекқорлыққа ұластырып көркем орындаудағы техникалық шеберлікті тәрбиелеп, өзінің жеке қызығушылықтарын оятады. Осы тапсырмалар тек қана ұжымды түрдегі хорда, оқу тәрбиелік білім жұмысында мақсатты түрдегі хор ұжымымен жүргізіледі.

Мұғалімнің ғылыми білімдер жүйесін меңгеруі жоғары болуы керек. Дегенмен, осындай жағдайда ол мұғалімнің кәсіптік дәрежесінің бір ғана көрсеткіші бола алады. Алған білімді педагогикалық қызметтің мақсатымен, әдіс-жағдайларымен байланыстыра ұштастыра білу шеберлігі шешуші көрсеткіш болып табылады.

Музыка туралы әңгіме тыңдай отырып, балалар композитордың өмірі, шығармашылығымен танысады. Осылайша музыкаға деген қызығушылығы, эмоциялық көзқарасы қалыптасады және шығарманың мәнерлік құралдары болатынын ажырата алатын болады.

Халқымыздың музыка тілін терең түсінетіндегі ертенден-ақ аңыз болып тараған. Оған мысал ретінде «Ақсақ құлан» және т.б. көптеген күй аңыздарын алуға болады. Бүгінгі таңда музыка мамандарының алдында тұрған мәселелердің бірі осы ата-бабаларымыздай музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзінінің рухани азығы етіп, адам өмірін нұрландыруға ат салысатын музыкалық білімді тәрбиелеу. Оның түп-тамыры, негізі – музыканы қабылдай білуде жатыр.

Әнді хормен айтуға тәрбиелеп, әншілік өнерге баулу үшін, музыка мұғалімі балалар даусының даму ерекшелігін, соған орай оқыту барысында қойылатын талаптарды жақсы меңгеріп, әрі қарай тәрбиелеудің барлық шарттарын сатауы тиіс. Балалар дауысын тәрбиелеуге қойлатын талаптарды жақсы меңгеріп, әрі қарай тәрбиелеудің барлық шарттарын сақтауы тиіс. Балалар дауысын тәрбиелеуге қойлатын талаптар олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып іске асырылады, тек сол себепті бала үнінің сыңғырлаған таза, ашық, өзіне тән дауыс бояуы сақталады.

А. В. Свешниковтың айтуы бойынша “Хорда ән айту халықтық, қоғамдық мүмкіндік музыкалық білімді өмірмен бірге еш қиындықсыз әсемдеп, байытады” [10]. Бұл хор өнері жайлы дәл айтылған сөз. Хор өнерін тек қана әртүрлі, әр салада жоғары көркемдік репертуардағы шығармалардың, патриотттық, ойнақы, лирикалық, әзіл-қалжыңды, жәй және тез шығармалар құрайды. Осындай шығармалар баланың мінез-құлқын байытып, жан дүинесін аша түседі. Халықтық шығармашылық музыка білімнің жерден аз шығатын бұлаққа ұқсап өсуіне көмектеседі. Классикалық шығарма – мазмұнының тереңдігімен, әртүрлі қатаңдық формаларымен, жаңа шығармалар музыка өнерінің ізденісімен, жылдам екпінімен көңіл білдіреді. Репертуар таңдауда, топтардың физиологиялық мінез-құлқына, фундаментіне қарау керек. Балалардың қабілетін білу хор жүргізушінің басты міндеті.

Төмегі сынып оқушыларының дауыс диапозоны (1-2 сынып) ре І – си І аралығында болғандықтан, үйретілетін әндердің осы дыбыс көлемінен аспауын қадағалаған жөн. Тесситурасы өте жоғары немесе төмен әндер бала дауысының табиғи әдемілігін жоғалтып, айқайлап айтуына, я болмаса тақпақтап айтуына әкеп соғады. Бұл әрине бала дауысына елеулі зиян тигізеді. Осындай жағдайлардан бірте-бірте дауыс шымылдығына зақым келіп, түрлі тамақ ауруларына ұшырауы мүмкін.

Хормейстер дайындықта жеке принциптерді ашу үшін шығармашылық атмосфера орнатуы тиіс. Әрбір сабақ қызықты эмоциялық шыңда өткізілуі керек. Мұндай жағдай жасау үшін үш топқа бөліп, репертуарын әр түрлі қылып қызықтыру керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет