«білім беру және педагогика» жоғары мектебі



бет23/24
Дата12.07.2020
өлшемі0,66 Mb.
#75119
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
музыкалық тәрбие әдістемесі

4. Теориялық мәліметтер:

Хор жанры халық арасында кеңінен таралып, көпшілікпен орындалатын лайықты шығармаларды насихаттау, халықты өнерге тәрбиелеу мен ортақ іске жұмылдыру мақсатында дамып келеді. Кейбіреулер кез-келген бір топ адамның бас қосып ән салуын хор деп санайды. Тіпті, жеке дауыста орындалған кейбір шығармаларды бәрі бірігіп бір дауыста орындасада хормен орындадық дейді. Оны орындаудағы біркелкілігін, мәнерлілікке еш мән берілмейді. Мұндай топты хор деп айтуға болмайды.

Хор - әртүрлі дауыста ән салатын аамдар топтасып, ұйымдасқан ұжым. Дәлірек айтқанда хор дегеніміз – шығарманы көркем тілмен бірнеше дауыстың үнндескен әуені арқылы идеялық мазмұныны бұзбай, нақтылы түрде тыңдаушыға жеткізетін хор айтудың техникалық орындау шеберлігін игерген, әсемдеу жағынан толық мағлұматы бар ұжым. Сонымен, хор негізінде ән айтуға қабілетті адамдардың ұйымдасқан ұжымы. Хор ұжымын әртүрлі дауыстардан топтасып тұратын бөлшегі құрайды. Оны хордың партиясы деп атайды. Партиялардың дауыстық диапозоны мен дыбыс сипатына қарай топтасады.

Хор ұжымын ұйымдастыру әдістері:

Хордың ұйымдастыру кезеңінде міндетті түрде хордың маңызын, мақсатын түсіндіру, жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін студенттерге болашақ музыка пәнінің мұғалімдеріне хор шығармаларын күйтабақтан, грамм жазбадан тыңдату немесе үлгілі көпке танымал хор ұжымының яғни хор ұжымының концертін тыңдау, мүмкін болса балалар хорын тыңдату пайдалырақ болар еді.

Хор ұйымдастыруға ең қажетті жағдай балаларға хор класының хор сабағын өткізуге ыңғайлы жарық болуы міндетті түрде музыкалық аспаптың болуы (фортепиано, баян).

Хор класында хор мүшелеріне жеткілікті орындықтар, жазу столдары, тақта, хор шығармаларын тыңдатуға арналағн аспап құралдардар (резетка), музыка жаңалықтарын көрсететіндей стендттер, ән айту ережелері, композиторлардың суреттері қажетті құралдар салатын шкаф т.б. болуы тиіс.

Хормен ән айту дағдылары:

Хор шығармаларын үйрену, айту, орындау кезінде ән айту дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Шығармаларды айту, орындау кезінде студенттердің өзін-өзі ұстауы бірін-бірі тыңдап айтуы, әр дыбысты сауатты таза айтуы, ырғақтық, нюанстық құбылыстарды дұрыс орындауға бақыланады.

Хор шығармасын біркелкі көркем орындау үшін әрбір әншінің, дирижердың бүкіл жұмысын, қол қимылын шығарманы үйрету, айтқызу барысында іс-әрекетін сауатты түсінік, ұқыптылықпен орындап отыруының маңызы бар. Шығарманың басталу, аяқталу т.б. белгілері: көңіл аудары, дем алу, бастау, аяқтау сияқты белгілерін бұлжытпай орындау ән-хор дағдыларына жатады. Шығарманы орындвау барысында оның мазмұнына, лайықты динамикалық, екпіндік, ырғақтық өзгерістер, белгілер (ff, f, mf, mp, p, pp, <>) қатты, тез, жылдам, орташа, баяулата, көңілді ауыр, ферматаны кідіріс паузаны т.б.,дирижердың бет-бейнесін қол қимылы (жест, мимика) арқылы көрсетеді. Соны бұлжытпай сауатты орындау дағдысын қалыптастыру әрбір әншінің басты міндеті. Сонымен қатар хор шығармасын орындау барысында өзгелерден ерекшелнебей, бірін-бірі тыңдап, біркелкі орындау дағдысы қалыптасуы қажет.

Шығарманы отырып орындағанда әншілер орындыққа жартылай аяқты тең жерге басып, қолды оң тізенің үстіне қойып, еркін отырғаны жөн. Тұрғанда екі аяққа тең тұрып қолды жанына түсіріп, еркін тұру қалпын сақтау керек. Басты тым жоғары көтермей, тым төмен түсірмей, байырғы өз деңгейін ұстап, дененің еркін қалпын сақтап тұру ән айтуды жеңілдетеді.

Қазіргі мектепте музыка пән мұғалімінің қызметі екі үлкен саланы қамтиды



  1. Мектеп ішілік іс-шаралар мен түрлі музыкалық өнерге баулитын үйірмелік жұмыстар. 

  2. ҚР Білім стандартының тұжырымдамасы негізінде құрастырылған жаңа буын оқлықтарын, оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып сабақ жүргізу. 

Мектеп ішілік іс-шаралар мен түрлі музыкалық өнерге баулитын үйірмелік жұмыстар – мектепте әртүрлі үйірмелерді құру арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда мынадай үйірмелер болуы тиімді: хор, оркестр, жеке аспаптар, әншілер, би үйірмелері, фольклорлық, музыка театры және т.б. Міне осы үйірмелердің ішінен біз өз тәжірибемізде жиі кездесетін хор және оркестр ұжымдарын ұйымдастырудағы мұғаліміне қойылатын талаптараға тоқталамыз.

Хор дегеніміз - өзіндік вокалды-техникалық дауыстың ерекшеліктері бар, шығарманың мазмұндық ерекшелігін жеткізе алатын әншілерден ұйымдастырылған ұжым.

Әртүрлі құрылымдағы хор ұыжмдарының ішінде ерекше орын алатыны ол балалар хоры болып есептеледі.

Хор ұжымында – балаларды жасына қарап біріктіреді. Бастауыш (1, 2, 3, 4), орта буын (5-8), жоғарғы сыныптар (9-11) оқушыларының біріккен хоры, сондай-ақ біріккен ұлдар хоры. Балалар хоры мектепте төменгі, ортаңғы, жоғарғы сыныптардан әртүрлі жастағы балалардың бір немесе екі, үш, төрт дауыстарды құрамына кіргізеді т.б.

Мектепте хор ұйымдастырудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Алдымен, хор үйірмелеріне өз еркімен келушілер қабылданады. Музыка сабағының мұғалімі хорға әнді жақсы айтатын балаларды тартумен қатар, өз еркімен келушілерге де көмектесуі керек. Тәжірибеде көріп жүргендей, хор жетекшісі әрбір дені сау баланың музыкалық қабілетін дамыта келіп, оның қызығушылығымен талғамын арттыруға міндетті. Хор ұжымына қатысамын дейтін баланы мұғалім алымен аспаптың көмегінсіз айтқызып көру арқылы тексереді. Аспаптың көмегінсіз айту – бала даусының және музыкалық қабілетінің қандай деңгейде екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бірнеше түрлі музыкалық ырғақтарды қайталау, оқытушының көрсеткен әуенін бірден қайталап беру – аланың барлық музыкалық естиу түсініктерінің қандай деңгейде екенін байқатады. Төменгі сынып оқушылары ұялшақ болады. Сондықтан оларды тексеруді топпен немесе жеке-жеке өткізген дрыс. Әдетте, хорға 40-50 бала немесе оданда көп бала алынады. Хор ұжымы аптасына 2 рет, 1-1,5 сағаттай жүргізіледі. Әрбір хор сабағынтиянақты жоспарлап, қызықты өткізуге мұғалім ерекше назар аударуы тиіс.

Құрамы қандай да болса хордың негізгі принципі ұйымдастыруымен алға қойған мақсатының негізі бар. Олардың тапсырмасы, музыкалық көркемдеу тәрбиесімен яғни жасөспірімдердің сана-сезіміне әсер ету. Хордағы ән айту өнердің көпшілік тәрбиесіндегі балалардың ашық сезімін ояту. Отанға, халыққа деген сүйіспеншілік санасын өсіру. Ұжымдыққа, жолдастыққа, еңбекқорлыққа, шығармашылыққа жан-жақты қабілеттерін ояту. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда хормен ән айтудың маңызы орасан зор. Хор өнерінде ән мен сөздің бірігуіндегі ерекшелік үлкен орын алады. Поэзияның музыкамен жұптасуы, адамның мінез-құлқының көркемдік дамуына, ойлануына әсер етеді. Хор шығармасын игерудегі қиындықтарды еңбекқорлыққа ұластырып көркем орындаудағы техникалық шеберлікті тәрбиелеп, өзінің жеке қызығушылықтарын оятады. Осы тапсырмалар тек қана ұжымды түрдегі хорда, оқу тәрбиелік білім жұмысында мақсатты түрдегі хор ұжымымен жүргізіледі. Хор ұжымын қалыптастыру болашақ әншілерді қабылдаудан басталады. Қабылдау туралы жарнама жазылады және мектеп қабырғасына ілінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет