«білім беру және педагогика» жоғары мектебі



бет21/24
Дата12.07.2020
өлшемі0,66 Mb.
#75119
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
музыкалық тәрбие әдістемесі

3. Сабақтың мақсаты:

Балалардың эстетикалық сезімін қалыптастырып, әрі қарай дамыту



4. Теориялық мәліметтер:

Музыка сабағында балалар ән салу, балалар аспабында ойнау, музыка тыңдау тәрізді іс-әрекетпен айналысады. Музыка сабағының мектепте жүргізілетін басқа пәндік сабақтарға тән ерекше айырмашылықтары бар. Жалпы сабақта қолданылатын музыкалық материалдарды таңдай білудің мәні зор, өйткені, ол шығармалар арқылы балалар өмірдің сан қилы оқиғаларынан хабардар болады, сондықтан да музыкалық материалдар уақыт өткен сайын өзгеріп отырады, толықтырылады немесе алынып тасталынады. ән айту барысында кездесетін қиындықтарды балалар оны әдемі, мәнерлі орындауға қажетті бірден-бір жол деп түсінуі қажет.

Балалардың эстетикалық сезімін қалыптастырып, әрі қарай дамытуда, музыкалық ой өрісін кеңейтіп, талғамын тәрбиелеуге тыңдауға арналған репертуардың мәні зор. Музыка туралы әңгіме тыңдай отырып, балалар композитордың өмірі мен творчествасынан мағлұмат алып қана қоймай, шығарманың сипатын, оның образын ашуда қолданылған мәнерлік құралдарын анықтап олардың шығармаға қандай көрік беріп тұрғанын қалыптастырады.

Осылайша музыкаға қызығушылығын, оған эмоциялық көзқарасы қалыптасады. Әр шығарманың мәнерлі құралдары болатынын ажырата алатын болады. Балалармен тікелей жұмыс істеген музыкант-ғалымдар, ұстаздар, зерттеушілер музыканы қабылдаудың әртүрлі жақтарын жан-жақты дамыту керектігіне айрықша назар аударды.

Ең негізгісі-оларды қызықтыра білу. Музыка сабағындағы болып жатқан әрекеттерге эмоциялық қарым- қатынасын дамыту. Орыстың ұлы жазушысы Д.Кабалевский былай деп жазған болатын.

«Музыка деген қызығушылық, музыкамен әуестену, ұнату,тыңдау - оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ғана ол өзінің тәрбиелік және танымдық ролін атқара алатын болады. Ал, музыканы ұнату, оған қызығу сезімдері балалар музыкалық өнердің нағыз көркем, үлгілерін сезінгенде ғана пайда болмақ»- деп жазды.

Музыкалық қабілетті дамыту жолдары тұтас алғанда музыкалық оқытудың міндеттеріне сай болуы керек. Көркемдік талғамы бар, музыканы сүйетін , оны жанымен түсінетін , музыкалық өмірге белсенді адамды дайындау – мектептің міндеті. Сабақта қолданылатын музыкалық материалды таңдай білудің маңызы зор. Өйткені сол шығарма арқылы балалар өмірдің сан – қилы оқиғаларымен мағлұмат алып, музыкалық материалдар уақыт өткен сайын өзгеріп, толықтырылып отырады.

Халқымыздың музыка тілін терең түсінетіндігі ел арасында ертеден-ақ аңыз болып тараған. Оған мысал ретінде халық күйі «Ақсақ құлан», Саймақтың «Сары өзені» т.б. көптеген аңыз-күйлерді алуға болады. Бүгінгі таңда музыка мамандарының алқында тұрған мәселелердің бірі – музыканың құдіретін терең түсініп, оның өзіне рухани азық етіп, адам өмірін нұрландыруға ат салысатын музыкалық білімді азамат етіп тәрбиелеу. Ал, оның түп тамыры, негізгі – музыканы қабылдай білуде жатыр.

Баланың музыка тыңдауға, тыңдай отырып, оны саналы түрде қабылдауға баулу, музыка тәрбие беру жұмысының күрделі міндеттерінің бірі. Өйткені, ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғышарты болып есептеледі. Музыкалық қабылдау – музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қалыптастырылады. Кез-келген түрі деп отырғанымыз – музыка тыңдау, нота сауаттылығы, ырғақтық-музыкалық қимылдар, балалар шығармашылығы. Бағдарлама бойынша музыканы қабылдай білу дегеніміз–жалпы білім беретін мектепте балаларға музыкалық тәрбие беру негізі.міне, сондықтан да баланы музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу, оның заңдылықтары музыка пәні сабағының басты назарында болуы тиіс.

Музыканы қабылдау–барынша күрделі процесс. Оған арқау, негіз болатын нәрселер-шындықтың көркемдік бейнесін, сәулесін сезіне, ести және толғана білу. Музыка тұтас күйінде, өзінің мәнерлік құралдары әсер етеді. Ал бұл дегеніміз, -ладогармониялық қалып, тембр, арқын, динамика, метроритм. Олар шығармалардың мипатын, көңіл-күйін жеткізеді.

Д.Б.Кабалевский былай деп жазған: «Музыкаға деген қызығушылық, музыкамен әуестену, ұнату-оның қажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ғана ол өзінің тәрбиелік, танымдық ролін атқара алады. Ал, музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім және тәрбие берем деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды».

Музыканы қабылдауға байланысты жинақталған тәжірибе аз емес.Н.Л.Грозденская: «Мектепте музыка тыңдау» деген мақаласында былай деп жазады: «... Музыкалық шығарманы қабылдау үшін біршама даярлық қажет, ол үшін алдымен, сол музыканы тыңдауға үйрену керек.» Музыканы қабылдаған кезде оқушылардың өмір және музыкалық тәжірибесі бірден көзге түседі. Ол үшін шәкірті орындай алмайтын шығармаларды тыңдату керек. әрине, музыканы тыңдаудағы мақсат-белгілі бір шығармалармен танысып қою ғана емес, одан әлдеқайда кең, іргелі.

Шәкірт қауымының музыкалық шығарманы қабылдау қабілетін дамыту жұмысы өзара тығыз байланысты үш бағытта жүргізіледі: 


  1. Оқушыларға музыканың өмірмен байланысты екендігін жөнінде, музыкалық өнер өмірдің өзіндік бір көрінісі, бейнесі екендігі жөнінде түсінік көзқарас қалыптастыру. 

  2. Педагогикалық процесс музыканың мамзұнына негізделеді және оны басшылыққа алады. Ол-музыкалық шығарманың мазмұнында жатқан адамдардың сезімдері, көңіл-күйлері, ақыл-ойлары т.б. 

Міне, мәселенің осы екі қыры музыка сабақтарын өткізуді біртұтас мәселе деп қарауға себеркер болады.

«Музыка» бағдарламасында берілген музыкалық сауаттылық түсінігін шартты түрде екі топқа бөліп қарастыруға болады: алғашқысы – музыканың мәнерлік құралдарына байланысты ұғымда, дыбыстардың биіктігі, ырғақ өлшемдері, екпін, динамика, саз, бояу, фактура т.б. Екінші топқа көлемдірек, «Музыка нені бейнелейді», «Музыканың құрылысы», «Композитор – орындаушы - тыңдаушы» деген тақырыптарын өтуге дайындық ретінде жүргізілетін ұғымдар жатады. Балалар кез–келген әндегі, музыкалық шығармадағы дыбыстарды бір–бірімен тек ұзақтығымен, биіктігімен ғана емес, тұрақты, тұрақсыздығымен де ерекшеленеді.

Мектептегі музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – музыка сабағы. Сондықтан музыка сабағына жан–жақты талдау жасалынып, сабақ түрлерінің жобасы берілген. Оларды өткізудің әдіс–тәсілдері зерттелген.

Баланың бойында музыкалық қабілет жас кезінен басталады. Балабақшадағы алғашқы күннен бастап–ақ музыка тыңдап, музыка сүйемелдеуімен ән айтып, би билеуді үйренеді. Бұл орайда музыкалық сабақтан әсер алған балалардың эмоциялық жағдайын меңгеру тікелей оқытудан ғана құралмайды, сонымен қатар, қызғылықты ойын, қимыл іс-әрекеттермен сабақтасып отырғаны пайдалы.

М.Балтабаев өз ғылыми мектебінде 1-4, 5-6, 10 –11 сыныптары үшін тұжырымдаманың жобасын жасады. Бұл жоба біздің ойымызша мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінен басталып, үздіксіз жүйелі түрде арнаулы білім беру мектемелерінде жалғасын табуы керек.

«Музыка тыңдатпайынша, тәрбие беру, бала өзінің сүйіп тыңдайтын ән – күйлерінсіз тәрбие беру деген менің басыма қонбайтын нәрсе» - деп В.В.Сухомлинский тәрбие саласында музыканың алатын орнын ерекше бағалап өз пікірін осылай айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет