Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.2019 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
(облыс, республикалық маңызы бар қала және астана)
Ескерту: Бұйрықтарды тіркеу кітабы (бұдан әрі – Кітап) орта білім беру ұйымдарында негізгі қызмет бойынша, кадрлар және оқушылардың жеке құрамы және ауысуы бойынша жүргізіледі.
Кітаптың әрбір парағы нөмірленеді, тігіледі және орта білім беру ұйымы директорының қолы қойылып, мөр басылады. Электрондық жүйеге қосылған білім беру ұйымдарында бұйрықтарды тіркеу кітабы тек қана электронды түрде толтырылады, оны қағаз нұсқада толтыру талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Орта білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі хаттамаларының кітабы
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.2019 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту: Орта білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі хаттамаларының кітабы (бұдан әрі – Хаттамалар кітабы) барлық орта білім беру ұйымдарында жүргізіледі, онда педагогикалық кеңеске шығарылған мәселелердің талқылануы, педагогикалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен ескертулері тіркеледі.
Хаттамалар кітабы нөмірленеді, тігіледі, орта білім беру ұйымы директорының қолымен және мөрімен бекітіледі.
Орта білім беру ұйымы педагогикалық кеңесінің хаттамасы білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда электронды түрде толтырылады, оның қағаз нұсқасын толтыру талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген