Жабдықтар мен материалдар: бейнероликті, презентацияларды, ҚР рәміздерін, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, даталар жазылған плакаттар, Н.Ә.Назарбаевқа арналған өлеңдер мен фотолардан ұйымдастырылған көрме, топтарда жұмыс істеуге арналған Н.Ә. Назарбаевтың қызметі туралы ақпараты бар үлестірмелі материалдар.
Сабақтың құрылымы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі (1,5 минут)
І. Н. Ә. Назарбаев туралы бейнероликті немесе презентацияны көру (5 минут).
ІІ. Ойын. Бағдарламаларды дайындау (10 минут)
ІІІ. Бағдарламаларды ұсыну (15 минут)
IV. Рефлексия: нәтижесінде білім алушылар өзінің жеке өсуі үшін алғаны (8 минут)
Жоспарланған ашық сабаққа дейін сабақтың өткізу формасын (төменде берілген) анықтап алу; керек болған жағдайда алдын-ала тапсырма беру; қажет бейнероликтерді немесе презентацияларды дайындау ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |