Білім беру ұйымдарында «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтардың



бет26/64
Дата11.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#110788
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64
Ұсынымдар: фильмнің негізгі идеяларын талқылау үшін сыныпта 6 шағын топ ұйымдастыру керек. Әрбір шағын топқа талқылау үшін сұрақтардың бірін таңдау ұсынылады.

Сұрақтар таңдауды және микротоптарды бірнеше жолмен жасауға болады:

1) жеребе бойынша;

2) оқушылардың өз қалауы бойынша;

3) таңдалған сұрақ бойынша, яғни оқушыларға ұсынылған алты сұрақтың бірін таңдап, осы сұрақты таңдаған адамдармен шағын топтарға бірігуді ұсыну (бұл ең қолайлы нұсқа).

Оқушыларды шағын топтарға біріктірудің басқа да нұсқалары болуы мүмкін. Мұғалім (сынып жетекшісі) топқа бөлу мәселесін өзінің сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып және сыныпта топтық жұмысты ұйымдастырудың өзіндік тәжірибесін ескере отырып ұйымдастырады.

Сондай-ақ, талқылаудан кейін микротоптағы жұмыстың нәтижелерін бүкіл сыныпқа таныстыру қажеттігі жайлы нұсқаулық берілуі керек. Бұл ретте оқушылар презентация жасаудың формасын өздері таңдайды. Оның көрнекі (инфографика, суреттер, ауызша баяндама, тірі суреттер және т.б.) және білім алушылар үшін қызықты болғаны дұрыс.
III КЕЗЕҢ

Талқылау нәтижесінде тұлғалық өсудің жеке немесе топтық жоспарларының идеялары, жобаларының пайда болуы маңызды. Бұл жоспарлар нақты мақсаттарды көрсете отырып, бір немесе екі жылға арналған болуы мүмкін (мысалы, оқу мерзімін және олардың атауларын көрсете отырып 20-25 кітап оқу; немесе ағылшын тілін білудің нақты деңгейін көрсете отырып, TOEFL, IELTS, Кембридж емтихандарын: FCE, CAE (Certificate in Advanced English), CPE тапсыру; өз кітапханасын қазақ тіліндегі кітаптармен толықтыру; мектепте өлкетану мұражайын, экологиялық зертхананы, робототехника кабинетін, спорт клубын құруға бағытталған қандай да бір топтық жобаны әзірлеу және іске асыру; бауырын шахмат ойнауға үйрету және т. б.).
Сабақ соңында педагог жұмыстың жалпы қорытындыларын шығарады.

Оқушылар өздерінің тұлғалық өсу жоспарларын, жобаларын қарауға ұсынады.

Ұсынымдар: мұғалім (сынып жетекшісі) оқушылардың ұсынып отырған жобалары мен жоспарларын оқу жылы ішінде әр адамның шығармашылық есептері түрінде талқыланатындығына нұсқау беруі керек. Бұл тек сынып сағаттарында ғана талқыланбайды. Мектеп оқушыларының ата-аналарын, «болашақтықтарды», жұмыс берушілерді, қоғам өкілдерін және т.б. шақырумен микрофестивалар, идеялар калейдоскоптарын, қоғамдық байқаулар ұйымдастыруға болады. Сондықтан да, жастардың жоспарлары мен жобаларында нақты әрі қол жетімді мақсаттарды қою өте маңызды.

Бірақ интерактивті сабақ басталғанға дейін ол сабаққа шақырылатын адамдармен кездесіп, олармен мәселелерді талқылау стратегиясын, шақырылған қонақтардың пікірталасқа қатысу тактикасын құру қажет (қонақтар бақылаушылар емес белсенді қатысушылар болуы тиіс).

Сабақ әр сыныпта бөлек өтуі, сыныптарды параллельге біріктіруге жол берілмеуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет