Білім беру ҧйымдарында


Қорытынды баға қалыптастырушы бағалау ҥшін орташа баллды ескере отырып шығарылады



бет199/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

9. Қорытынды баға қалыптастырушы бағалау ҥшін орташа баллды ескере отырып шығарылады.
Критериалды бағалау сҧрақтары бойынша келесі дереккӛздерді пайдалануға болады:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі);

  2. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

  3. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал; «НЗМ» ДББҰ, 2016;

  4. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Жүйелік-әдістемелік кешені http://smk.edu.kz;

  5. «Критериалды бағалау бойынша әдістемелік әзірлемелерді» білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік құралдар ҰБА.Ы. Алтынсаринhttps://www.nao.kzсайтынан алуға болады.

  6. «Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» онлайн курсыhttps://academia.kz/ru/course/1;

Арнайы мектеп оқушыларын бағалау жҥйесі
Оқушыларды оқыту нәтижелерін бағалауда оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі қолданылады. Формативті бағалау барысында мұғалім білім алушылардың оқу материалын меңгерудегі қиындықтарын анықтайды және оларды жеңу жолдарын белгілейді. Оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау кезінде арнайы оқу бағдарламаларында немесе оқушының жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған оқу мақсаттарына бағдарлануы қажет. Мұғалім дифференциалды және / немесе жеке бақылау тапсырмаларын қолдана алады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін ескере отырып бағалау критерийлеріне ӛзгерістер енгізе алады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды және жеке оқу бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттауды ӛткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді. Арнайы білім беру ұйымдарында және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын аудандық, қалалық білім бӛлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді. Түзету компонентінің пәндері бойынша балдық бағалар қойылмайды.
Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау оқушыларға сараланған және жеке тәсілді қолдана отырып жүзеге асырылады. Сараланған тәсіл негізінде ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың педагогикалық жіктелуі жатыр (В.В.Воронкова бойынша). Жетістіктерді бағалау кезінде түрлі типологиялық топтарда оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік мақсат қою негізінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктері бес балдық шкала бойынша бағаланады. Дайындық және 1сыныптарда баллдық бағалар қойылмайды. Оқытудағы алға жылжу нәтижесі оқушылардың ӛнімді қызметін талдау, сӛйлеу, жазу жұмыстары, суреттер, қолӛнер және сабақтардағы қызметті бақылау негізінде анықталады және сипаттама сипатында болады. Ақыл-ой кемістігі орташа білім алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде жеке оқу бағдарламасының мазмұны негізінде сипаттамалық критериалды бағалау қолданылады. (Ақыл-есі кеміс диагнозымен білім алушыларды критериалды бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдарды білім беру ұйымдарының сайтында табуға болады. Ы.Алтынсарин (www.nao.kz). Ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп/сынып оқушылары екінші жылға қалдырылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет