10
11 сабақтың барасында топтағы жабырқаңқы, күйзелісте жүрген баланы да
анықтауға болады. Бұл сабаққа сынып жетекшілерін қатыстырып, әрі қарай өз
сыныбында үнемі жүргізіп, балалардың психологиялық ахуалын бақылауда
педагог-психологпен колаборация арқылы бірігіп жұмыс жасау тиімді болады.
Күйзелісте жүрген бала сол тренинг сабақтарында белгілі болған жағдайда
сынып жетекшісі сұраныс парағы арқылы педагог-психологқа хабардар етеді, ол
әрі қарай психологиялық диагностика жүргізіп, күйзеліс деңгейін анықтап
коррекциялық жұмысты жалғастырады.
Әр жеке кеңес хаттама арқылы құжатталады. Жоғарыда көрсетілгендей
кезеңмен жұмыс жүргізіледі.
Сөйтіп 11 сабақта білім алушылар психокоррекциялық тренингтен толық
өту барысында білім алушылардың психологиялық ахуалдары қалыпты жағдайға
түсуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: