Білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ)



бет52/59
Дата19.09.2023
өлшемі5,63 Mb.
#181564
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59
Байланысты:
мысал кмж

Сабақ
тың соңы



Сабақты қорытындылау
Тарихы Оңтүстік Қазақстаннан бастап, Қазақстан жерінде исламның таралуы бірнеше ғасырлар аралығына созылды. X ғасырдың соңында ислам Жетісу мен Сырдария өзендерінің отырықшы елдерінде таратыла бастады. Мысалы, Ислам Қарахан Империясында кең тараған. Қазіргі уақытта қазақтардың көбісі өздерін мұсылман деп санайды және діни ғұрыптардың кейбірін сақтайды.
Кері байланыс.

  • Мен нені үйрендім?

  • Маған не қиын болды?

  • Не күрделі болды?

  • Мен енді нені үйренгім келеді?

Үйге тапсырма
Ислам мәдениетін білу

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады



Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект






___________________________________________


(білім беру ұйымының атауы)


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-40



Бөлім:

Зайырлылық және дінтану негіздері

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Теріс пиғылдағы діни ағымдар туралы түсінік. Терроризм.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға дәстүрлі емес діни культтар, экстремистік және лаңкестік ұйымдар туралы терең білім беру, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Оқушыларға тақырып ауқымында тың мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу: өзіне қажетті білім алу кезінде білімнің қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу


Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой шақыру
- Теріс пиғылды діни ағымдар туралы не білесіз?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер

Сабақтың ортасы

Мәтінмен жұмыс
Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізді дамушы және дамыған елдерден ерекшелігі, ол – қоғамдағы діннің нығаюы мен елдегі діни ахуалдың тұрақты болуы. Соңғы жылдары еліміздің діни ахуалына талдау жасау барысында, халқымыздың сексен пайызға жуығы асыл дініміз исламды ұстанып, дінге бет бұрып жатқандығы және олардың басым бөлігін жастар құрайтыны белгілі болды. Бір жағынан – бұны жақсы хабарға баласақ, екінші жағынан –дәстүрлі дінімізбен мүлдем үйлеспейтін кейбір сан алуан пікірлер мен ұстанымдардың салдарынан туындайтын түрлі келеңсіз жәйіттер алаңдатады.
Осыған орай, еліміздің жарқын болашағын қалаушы – жас ұрпақтарымыздың санасын улап жатқан жат ағымдардың мән-мағынасын, әсер ету жолдары мен тигізер зияндарын ашып көрсетіп, оларға қысқаша тоқталуды мақсат еттік.
Дәстүрлі дінге қайшы ағымдарды қоғамда деструктивті немесе теріс пиғылды діни ағымдар деп атайды. Яғни, «деструктивті» деген сөз латын тілінен «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді. Жалпы айтсақ, діннің атын жамылған жат ағымдардың/топтардың мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар жастарымызды өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды. Тіпті, өздерінің істеген істерін және сөйлеген насихат сөздерін дәлелдеу мақсатында Қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, жастардың санасын улап, жат идеологиясын таратады. Бұл деструктивті ағымның радикалды идеологияны таратудағы мақсаты екі түрлі: бірінші – заңсыз жолмен пайда табу; екінші – мемлекет мүддесіне нұқсан келтіріп, билікті басып алу.
Бүгін де, асыл дінімізбен мүлдем жанаспайтынжат ағымдар жетегінде кеткен қаншама қандастарымыз өз жақындарынан, достарынан теріс айналып жатқаны баршаға мәлім. Мұндай түрлі жат ағымдардың жетегіне ерген жас азаматтарымыз балаларына тиісті медициналық екпе ектіруден бас тартып, мектептегі сабақтарын тастап, мектеп жасындағы ұл-қыздардың музыка тыңдауына – қарсылық білдіріп, мемлекеттік әнұранды тыңдауды және туға құрмет көрсетуді харам дейтіндер де бар. Осындай бір ағымдардың теріс пиғылды уағыздарының салдарынан еліміздегі кейбір ұл-қыздарымыз отбасы мүшелерінен, үй-меншіктерінен айырылып, түрлі психикалық ауруларға шалдығып, өз-өзіне қол салып, әр түрлі жағымсыз жағдайларға тап болып жатқандарын да жоққа шығаруға болмайды.
Айта кетерлік жәйт, деструктивті ағымдардың жетегінде кеткен жастарды, жалпы адамдарды қоғамға қайтару аса қиынға соғады. Себебі олардың сана-сезімдерін уландырғаны соншама, олар кірген жат ағымның «көсемі» не айтса, соны екі етпей орындайтын жанды роботқа немесе сарбаздарға айналады.
Осындай қателіктерге жастарымызды ұрындыратын ең басты себеп – ара жікті ажырата алмау салдарынан ғаламтор кеңістігіндегі түрлі жат ағымдардың сайттарына кіру, діни сауатсыздық, отбасындағы жанжалдар мен келіспеушіліктер және тәрбиенің жеткіліксіздігі.
Қазіргі таңда, уәкілетті мемлекеттік органдардың деструктивті ағымдарға қарсы белсеңді күрестері мен алдын алу шаралары нәтижесінде көптеген радикалды сайттарға тосқауыл қойылып жатыр, сондай-ақ еліміздің түрлі оқу орындарында жас өспірімдердің діни сауатын арттыратын арнайы ақпараттық-насихаттау жұмыстары мен оқу-ағартушылық сабақтары өткізілуде. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның және ҚР МСМ Дін істері комитетінің бастамасымен әр алуан ағартушылық сайттар мен порталдар іске қосылды, әр қилы деструктивтік ағымдардың салт-дәстүрімізге, дінімізге және ділімізге тигізетін зардаптары жайлы тиісті органдар мен дін өкілдерінің қатысуымен республикалық және аймақтық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында (телеарналарда, газеттерде және т.б.) арнайы сұхбаттар жүргізілуде.
Қандай белігілері бар екені турасында қысқаша тоқталайық.
Біріншіден жаңадан ұйымға кірген адам белгілі дәрежеде сол топтың мүшелерінің психоло­­­гиялық қысымына ұшырайды. Ол осы жерде дәстүрден тыс діни ағымдардың «махаббатына бөленеді». «Құдай сені жақсы көреді, сен асқақ арман-мақсаттарды бағындыратын таңдаулылардың бірісің. Бізден басқа әлемнің барлығы дінсіз, күнәға белшесінен батуда» деген сияқты нәрселерді құлағына құяды. Топтасып ән шырқау, бір-бірімен төс қағыстырып құшақтасу, мадақтау сияқты кішкентай балаларды алдайтын тәсілдердің барлығы ұйымда кеңінен қолданылады. Сөйтіп, діни таным түсінігі қалыптаса қоймағандар арасында осындай «бақытты отбасының» бір мүшесіне айналуға деген құштарлығы күшейе түседі.
Екіншіден, дәстүрден тыс діни ағымдар мүшелері қоршаған ортасынан іргесін аулақ салып, өз бетінше бөлек өмір кешеді. Ал қоғамнан қол үзген адамның уақыт өте келе «ұстазының» айтқандарының анық-қанығына ой жүгірту, оны шынайы өмірмен салыстыру мүмкіндігінен айырылатыны түсінікті жәйт.
Үшіншіден, қауіпті діни ұйымдарда мүшелерінің ойлау қабілетін тежейтін түрлі әдістемелер қол­данысқа ие. Мәселен, бір сарынды әндерді жиі шырқату, бір қимылдарды үнемі қайталатудың ақыры адамды психологиялық тәуелділікке ұрындырады.
Төртіншіден, «отбасында құпия болмау керек» дегенді желеу еткен «ұстаз» «шәкіртіне» жасаған күнәларын мойындатып, арылуға «көмектеседі». Ішкі сырларын жайып салғаннан кейін өзін күнәһар жан ретінде сезінген шәкірттің бойында қорқыныш, үрей күшейе түседі.
Бесіншіден, рухани тұрғыда шынығу үшін ұйқыдан бас тартқандар мадақталады. Тоя тамақтанбау рухани тұрғыда жетілуге көмектесетін диета деп саналады. Сондай-ақ, ұйымға жаңадан қосылған жандардың оңашада ой қорытуына мүмкіндік бермеу үшін ұйымның өзге мүшелері оны ешқашан жалғыз қалдырмайды. Осылайша, дәстүрден тыс діни ұйым санатына қосылған жан аз уақыт ішінде ой-санасы өзгерген, мүлде басқа кейіптегі адамға айналады.
Дәстүрден тыс діни ұйым шырмауына ұшыраған адам өзін қалай сезінеді? Ол адамның көкірек көзі ашылып, ақиқатқа көз жеткізгендей, Құдайдың нұрын сезінгендей күй кешіп, бойында жаңа психологиялық қасиеттер дами бастайды. Қарапайым тілмен айтар болсақ, дәстүрлі емес діни ұйымдардың алдап-арбауының салдарынан сәби қалпына қайта оралғандай күй кешеді. Ол өзінің бұрынғы қадір-қасиеттерін тәрк етіп, сол ұйымдарға ұнамды бейнені қабылдайды. Уағызшыларының айтқаны ол үшін бұлжымас қағидамен тең болады.
Тапсырма
Кестемен жұмыс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет