Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді



бет2/4
Дата01.04.2017
өлшемі398,34 Kb.
#12975
1   2   3   4

Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:

·        Ынтымақтастыққа үйренді,

·        Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренді,

·        Өз ойларын еркін жеткізуге үйренді,

·        Өзіне өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренді,

·        Бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді.



Сабақта диалог тәсілі де ұтымды қолданды. Мұғалімдер диалог арқылы оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасайды және түсінбеушіліктерін жеңе білуіне көмектеседі. Сондықтан мұғалім сабағында оқушыларын диалогтарға тарту арқылы ,олардың өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттеуге мүмкіншілік туғызды. Қорыта келгенде, бұл сабақ менің әріптестерім үшін де , оқушылар үшін де аса маңызды болды. Себебі: оқушылар құрдастарымен де , мұғалімімен де бірлесе отырып білім түсінігін игерді, өзара ықпалдасу нәтижесінде оқыту дағдыларын терең түсінуіне жағдай жасалды. Тапсырмаларды орындау барысында белсенді зерттеу, зерделеу, ойлау, талқылау арқылы түсініктері мен дағдыларын дамытты. Сабақтың қорытындысын аудандық қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Байшораева Сана Эңбекқызы талдап, « өте жақсы» деген баға қойды. Әріптестерім де семинардың өздері үшін құнарлы жағдайда өткендігі жөнінде пікірлерімен бөлісті.

Бұл сабақтан біздің бірлестікте еңбек ететін жас ұстаздар да, тәжірибелі әріптестерім де мол тәжірибе алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет