Білім беру жүйесіндегі психологиялык қызметтің теориясы мен тәжірибесін талқылау сұрақтары психологтардың еңбектерінде қарастырылып келеді



бет2/2
Дата12.03.2018
өлшемі0,57 Mb.
#39280
1   2

ПСИХОЛОГ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ   АТҚАРАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ  МӘНІ

                             магистрант  Сулейменова А.

                             магистрант   Изимбаева Р.

«Тұран Астана» университеті, Астана қаласы,  Қазақстан

 

Көптеген БҰҰ елдерінде психологиялық қызмет адам денсаулығын сақтауға, кәсіби жолмен тұлға дамуына, әсер ететін іс-әрекет ретінде танымал. Ал АҚШ-та психологиялық қызмет өз жұмысын 1800-ші жылы бастады. Мектеп психологиясы АҚШ-та заңмен бекітілген, білім беру департаменті мектеп психологтарына куәлік беруді қадағалайды. АҚШ-тағы алғашқы психолог-практиктер өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін зерттеген экспериментальды психологтар. Бірақ көп ұзамай мектеп психологтарының негізгі функциясындағы бастапқы міндет арнайы бағдарламалар бойынша балаларды оқытуға дайындау. АҚШ мектептердегі тестілеудің кең практикасы орын алды, өлшем және тестілеу функциясы ертеден қолданылды. Мектеп психологының негізгі күші - өлшемді стандартталған тесттер арқылы қолдану дәстүрге айналған мектеп психологиясы эволюциясы және мектеп психологының қызметіндегі теориялық және практикалық елеулі жетістіктер  соңғы 35-40 жылдары дамығанын атап өту керек. 60 жылдары мектеп психологтарының кәсіптік ұйымы құрылды. 80 жылдары АҚШ-та мектеп психологтарының ұлттық асоциациясы құрылды (NAZP). Психологиялық қызметтің бірнеше функцияланған деңгейін ерекше көрсетуге болады.



Оқушылар арнайы оқуды таңдау үшін тесттер өңдейді. Бұл жұмыс белгілі бір деңгейдегі білім мен тәрбие көрсеткіштеріне бағытталған. Психологиялық мәселелер бойынша кеңес, оқушылардың қажетсінуі бойынша тікелей психологиялық көмек қарастырылады.

Психологиялық қызмет екінші деңгейліктен бастап жүзеге асырылады. Көптеген мамандар қазіргі кезде өлшем мен тестілерді психологиялық қызметтердің тек бір компоненті ретінде қарастырады.

Психологиялық қызметтің аудандық немесе қалалық орталықтарының қызметі-мәселелерді теориялық түрде зерттеу және мектептегі психологтың жұмысынан қорытынды шығару. Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттерін қалыптастыруға, оның ғылыми әдістемелік қамтамасыз етілуін психологиялық сұраныстарды шешуге, мектеп психологы жұмысының формалары мен мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді.

1988 жылы барлық оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінде мектеп психологының сағаты берілуі туралы мемлекеттік комитеттің қаулысы жарық көреді. Сол уақыттан бастап психологиялық қызмет елдің барлық аймақтарында дамыды.

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет - тұтас білім беру жүйесінің маңызды компоненттерінің бірі. Психологиялық қызметтің тууы ғылым мен практиканы өзара әрекетімен шарттасқан психологиялық қызмет бала туралы тұтас ғылым мен осы дамуды қазіргі білім беру мекемелері жағдайында жүзеге асыру практикасын өзінің бойында біріктіретін қызмет.

Білім берудегі практиканың мектеп жасындағы балалардың ғылыми білімге деген қажеттілігімен, ғылымның осықажеттіліктерді қанағаттандыру және тереңдетуге дайындығының бірлігі әр баланың психикалық және жеке басын дамыту міндетін шынайы шешудің негізгі шарты деп қарастырады.



Психологиялық қызмет төрт құрамдас бөліктен тұрады: ғылыми; қолданбалы; практикалық; ұйымдастырушылық.

Бұл аспектілердің әрқайсысы орындаушыдан арнайы кәсіби даярлықты талап ететін мінденттерді шешуден тұрады.



Ғылыми аспект - әдіснама және практикалық психология мәселелері бойынша ғылыми зерттеуді жүргізуді көздейді.Мұндағы міндеттің бірі: психодиагностикалық, психокорекциялық, психопрофилактикалық немесе психологиялық алдын алу және дамытушы бағдарламаға психологиялық білімді қазіргі білім берудің нақты жағдайында кәсіптік қолдануға ғылыми негіз беру және оларды жасау болып табылады. Демек, білім берудің тәжірибелік психологиясы туралы теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді білдіреді. Білім берудің тәжірибелік психологиясы психикалық дамудың жас ерекшеліктің заңдылықтарының индивидуалды түрде көрінуін, оқушы жасындағы балалардың психологиялық, денсаулығының негізі болатын жеке адамдық және индивидуалдық даму шарттарын қарастырады. Бұл жерде міндет ретінде, психодиагностикалық және дамытушылық бағдарламалардың операционалдық түрде құрылуы мен ғылыми түрде негізделуі, сонымен қатар психологиялық білімдерді, қазіргі білім беру жүйесінің нақтылы жағдайларында, құралдарды, тәсілдерді, әдістерді кәсіби түрде қолдануды айтуға болады. Бұл зерттеу жұмыстарының академиялықтан айырмашылығы, онда тек қандай да бір психологиялық механизмдер мен заңдылықтарды анықтап қана қоймай, нақты бір баланың жеке адам болып қалыптасу жүйесіндегі механизмдермен заңдылықтардың дамуының психологиялық шарттарын көрсетеді.

Қолданбалы аспект – білім беру қызметкерінің психологиялық білімді қолдануын көздейді, білім беру қызметтерінің психологиялық білімдерді қолдануын білдіреді. Бұл бағыттың негізгі өкілдері: тәрбиешілер, педагогтар, әдіскерлер. Олар өздері дербес немесе психологпен біріге отырып, жаңа психологиялық мәліметтерді оқу бағдарламасын, жоспарын, оқулықтарын, дидактикалық және әдістемелік материалдарды жасауды, оқу және тәрбие бағдарламасын құруда қолданылады.

Практикалық аспект - мұны балабақша, мектеп, білім беру мекемелерінің психологтары қамтамасыз етеді. Олардың міндеті: балалармен, топпен, сыныппен жұмыс, белгілі бір нақты міндетті шешуде тәрбиешімен,  ата-анамен, мұғаліммен жұмыс жүргізу.  Білім беру орындарының, оның ішінде бала-бақша, мектеп және басқа да білім беру жүйесінің қызметкерлері жүзеге асырады. Олардың міндеті – қандай да бір нақтылы мәселелерді шешу үшін балалар тобымен, тәрбиешілермен, мұғалімдермен және ата-аналармен жұмыстар жүргізу. Олардың міндеті жаңа әдістер құру емес, керісінше, ғылыми түрде бекітілген әдістер мен тәсілдерді кәсіби түрде дұрыс қолданып өңдей білу.

Ұйымдастыру аспектісі - бұл білім берудегі психологиялық қызметтің құрылымын жасау. Практикалық психологтардың білімін жетілдіру және олардың кәсіби әрекетін қадағалау. Бұл бөліктер иерархиялық байланыста бола отырып мынадайтоптардан тұруы мүмкін: тәжірибелік психологтар, психологиялық қызметтің ғылыми-әдістемелік бөлімі (орталықтар, кабинеттер), республикалық немесе федералдық білім беру министрлігіндегі психологиялық қызмет бөлімдері. Тек түбегейлі түрде ұйымдастырылған бөлім қызметкерлері ғана білім беру жүйесіне білікті психологиялық қызмет көрсете алады. Балаларға, ата-аналарға, мұғалімдер мен білім беру орындарына нақтылы түрде көмек көрсете біледі.

 Психологиялық қызмет - оқу-тәрбие процесі мен әлеуметтік жағдайының дамуын ғылыми психологиялық тұрғысынан қамтамасыз ету, яғни даралық даму мен тәрбиені қазіргі психологиялық–педагогикалық теориялар негізінде осы процесті құру және өткізу, ұйымдастыру, сондай-ақ барлық білім беру процесіндегі оқушылардың салауаттылығын сақтау үшін психологиялық жағдайды қаматамасыз етуі тиіс.

Білім беру саласындағы психолог жоғары білімді, біліктілік санатқа ие, еңбекақысы, зейнет кепілдігі мен кезекті демалысы бар, кәсіби құқықтар мен кепілдіктерге ие, нақты білім мекемесінің педагогтарына  теңестірілген маман болып табылады. Қызмет саласы бала-бақша, кәсіби, орта білім беретін мектептер, балалар үйі, интернаттар, түзету ұйымдары, аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық білім беру психологиялық орталықтары.

Әр түрлі саладағы, аудандық, қалалық, аймақтық білім беру психология орталықтарындағы білім мекемелерініңпсихологиялық қызмет көрсету саласы қызметкері ретінде психологиялық жоғары білімі бар, арнайы курстарда қайта даярлаудан өткен, тұрғылықты жердің әлеуметтік-мәдени, этноерекшелігін толық білетін жоғары білімді мамандар жұмыс істей алады. Әр білім беру мекемесінде кемінде бір психолог (9 дан 14 дейін) қызмет етеді. Егер оқушылар 300-ден көп болса, онда жүктемесі артады. Мүмкіндіктері шектелген балалармен жұмыс істеу мекемелерінде 80 адамға бір психолог тағайындалып, кемістіктің күрделігіне байланысты балалар саны азайтылады.

Атестациялау жұмысы құзырлы мекемелер мен мамандар тарапынан ҚР «Білім Заңына» сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыс бағытын таңдау, әр түрлі жұмыс түрлерінің сәйкестігі білім мекемесінің қажеттіліктерімен және штаттық және штаттан тыс психологтар санымен анықталады.

Жұмысты жоғары сапада, тиімді атқару үшін ыңғайлы жағдай жасалуы тиіс. Жеке жұмыс кабинеті, кеңес беру бөлмесі, топпен жұмыс істеу бөлмесі болып, әрбір кабинетте қолдану үшін таспа – бейне, әр түрлі техника аппараттары мен ыңғайлы жиһаз болуы тиіс.

Білім мекемесіндегі практикалық психологқа кабинеттің безендірілуі және тұтынғаны үшін төлемақы мекемедегі мұғалімдер үшін бектілген нормативке сәйкес төленеді.

Білім мекемелері мен орталықтарда жұмыс істейтін практикалық психологтар атқарған жұмыстарын тіркеп отырады. Әкімшілікке және кәсіби жағынан құзырлы орындарға есеп береді. Бұл психологиялық қызмет мекемелерінің, орталықтарының есептік құжаттарына, тиісті деңгейдегі білімді басқару орындарының есептеріне кіреді.

Әдістемелік және шығармашылық ізденістерге, өзіндік білімін жетілдіруге аптасына бір күн беріледі.

Психологиялық қызмет үш звенодан тұрады:

- нақты мекемедегі практикалық психолог (балабақша, мектеп, гимназия, балалар үйі);

- психологиялық кабинеттер мен бөлімдер;

- психологиялқ қызмет орталығы.

Практикалық психолог нақты оқыту мекемелерінде жұмыс істейді. Мұнда психолог оқыту кезеңі барысында балалардың жеке-дара психологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Әр баланың дұрыс дамуына жағдай жасайды. Баланың сабаққа үлгермеуін оның себептерін, тәртіптілігіндегі бұзылыстарды анықтап, түзетіп алдын алады. Тәрбиешілерді, мұғалімдерді білім беру мекемелерінің  әкімшілік  қызметкерлерін, ата-аналарды психологиялық біліммен қаруландырады, психологиялық білімін көтереді.

Психологиялық кабинеттерде жұмыс істейтін психологтардың негізгі міндеті білім беру мекемелеріндегі психолог әрекетін ұйымдастырады, қадағалайды, сондай-ақ әдістемелік және кәсіби көмек көрсетеді, психологиялық, педагогикалық білімдерді насихаттайды. Ерекше қиын жағдайдардағы психодиагностикалық, психокоррекциялық жұмыстар жүргізеді. Медициналық, психологиялық – педагогикалық комиссияның жұмысына қатысады. Сонымен қатар жеткіншектермен жұмыс жасау комиссиясына да араласады. Білім беру мекемесінің әкімшілігін басқарудың әлеуметтік – психологиялық мәселелері жөнінде педагогикалық ұжымда қолайлы әлеуметтік психологиялық ахуалды орнату жөнінде, басқа да кәсіби мәселелер жөнінде кеңестер береді.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.     Грановская Р.М. Элементы практической психологии. М., 1997.

2.      Гудкина Н.И. Несколько случаев из практики школьного психолога. М., 1991.

3.      Донченко Е.А., Титаренко Т.М. Личность: конфликт, гармония. Киев, 1989.

4.      Дружинин В.В. и др. Введение в теорию конфликта. М, 1989.

5.      Драгунова Т.В. Проблема конфликта в подростковом возрасте. Ж. «Вопросы психологии», 1972, № 2.

Психологиялық білім беру және ағарту жұмыстары

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008


Автор: Нигметжанова Г.К

Білім беру жүйесінде оқушыларды психологиялық дамыту, педагогтардың психологиялық білімін арттыру мақсатында психолог іс-әрекет етеді. Бұл салада психологтың қызметін И.В. Дубровинаға сүйіне отырып тікелей және жанама әсер ету деп қарастыруға болады [1, б. 15]. Тікелей әсер ету деп психологтың оқушылармен тікелей қатынас жасауын айтамыз. Жанамалы психологиялық қызметте психолог мұғалім арқылы оқушы-ларға, ата-аналарға әсер етеді. Сөйтіп, психолог педагогтармен бірлесіп іс-әрекет етеді, олай болса бұл жерде психологтың ең бірінші мақсаты – педагогтармен тіл табысу, өзара бірлесе әрекет ету. Бұл өте күрделі әрі қиын үрдіс, ол үшін өзара қарым-қатынастың тең құқылы әріптестік формасын құру қажет. Психолог пен педагог оқушылар туралы ақпараттармен алмасып, оқыту және тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін қарастырады.

Әдістемелік семинарларда психолог оқыту мен тәрбиелеу аймағындағы психология ғылымының жетістіктері туралы айтып, педагогтарды әдебиеттермен таныстырып, мектеп өмірінен нақты жағдайларды мысалға алып психологиялық әсер ету арқылы оларды түзетуге мүмкіндігіне жеткізуі керек.

Психолог білім беру мекемесіндегі тәрбиешілер мен педагогтарға «Жедел жәрдем», балаларға «күтуші» ретінде емес, кәсіби маман ретінде келеді [2, б. 17]. Психолог педагогикалық ұйымның бір мүшесі және ол балалардың психикалық дамуын, психологиялық денсаулығын қамтамасыз етеді. Психолог өз жұмысында кәсіптік біліміне, индивидуалды психи-калық дамуына, психологиялық іс-әрекет пен адамның мінез-құлық мотивтеріне, тұлғаның онтогенез кезіндегі дамуына сүйенеді.

Практик психолог балалар бақшасында, мектепте, интернатта жұмыс істей отырып, әр-түрлі жас аралығындағы оқушылармен жұмыс жүргізді. Өзіндік жағдайды анықтауда психологиялық даярлық біртіндеп, баланың туғаннан бастап – үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасы кіреді [2, 11, б. 49].

Психолог баланың психикалық даму шарттарының жолдарын анықтайды. Енді бұл жерде туындайтын сұрақ – білім беру мекемесіндегі психолог кімге бағынады және кіммен жұмыс істейді? Бұл сұраққа былай жауап беріп көрейік: Психолог екі жақты бағынушылықта болады. Ұйым-дастырушылық басқару бойынша мектеп директорына, ал кәсіптік жағынан - әдістемелермен қамтамасыз ететін, кәсіптік қарым-қатынас жасайтын психологиялық орталықтың маман психологтарына бағы-нады.

Мұндағы психикалық даму заңдылықтарының зерттеу нәтижелері психикалық үрдіс ерекшеліктерімен, соны-мен қатар оқу іс-әрекет ерекшіліктерін нығайтудағы психологиялық әдістердің негізінде жатыр.

Үрдістердің сенсорлы - перцептивті зерттелінуі, жадының, ойлаудың, қызығушылық қызметтің құрылулары және оның дамуы ерекшіліктері заңдылық аймақтар және психомоторлық мінез-демелер кіші оқушылардың ерекшеліктерінің аймақтарын айқындауға мүмкіндік береді. Бастауыш сынып жастағы оқушылардың мотивациялық аймағы, сана-сезімнің және өзін-өзі бағалаулары, мінез-құлық, әлеуметтік хабардар болулардың және т.б даму ерекшеліктері көрсетілген [6, 7, 9].

Бұл күнде осы сөздің авторы чехиялық Ян Амос Коменскийді көпшілік қолдайды. Бірақ бұндағы дауыл мәселе – білім беру, білім алу қандай түрде болуы керек? Болып жатқан өзгерістер әсері қандай? Ал өзгерістер деп отырғанымыз:

- толық он бір жылдық білімді енгізу және он екі жылдық оқуды талқылау;

- жаңа оқу дисциплиналарын (пәндерінің) пайда болуы;

- мемлекеттік және жеке меншік мектептердің құрылуы т.б.

Өкінішке орай, барлық жаңа ашылымдар жеткілікті түрде ойлас-тырылып, негізделмеген. Бірінші сыныпқа алынған оқушылардың ата-аналары оның оқу біліктілігі, санай алу, әріптерін жаза алуын тексергенде, бұның барлығы мектеп мойнында емес пе деп ойлайтындар да баршылық. Бұдан: қандай бағдарламамен оқушылар оқу керек деген сұрақ туындайды. Осы сияқты сұрақтар жауап-сыз қала беруі де білім берушілерге деген сенімсіздік тудырады. А.Г. Асмолова айтуы бойынша білім - қоғамды дамытады [8, б. 9].

Білім беруде екі басты іс-әрекет жасаушы – мұғалім және оқушы. Бірақ педагог пен балаға психологиялық кеңес беруді қажет етеді. Неге мектепте балалар пән мағлұматтарын меңгеріп үлгермейді, неге қарым-қатынаста қиыншылықтарға кездеседі, неге кейде агрессивті, жалқау. Осы және тағы басқа сұрақтар ата-аналар мен педагогтарды ойландырады. Осындай мәселелермен олар психологқа жүгінуге даяр. Ал психолог бұл мәселелерді шешу үшін келесі талаптарды орындауы қажет.

Психологиялық кәсіптілік – бұл психологиялық мәселелерді шеше алу және оларды көріп қорытынды жасау болып табылады.

Л.С. Выготский педагогикалық және әдістемелік айырмашылықтарды көріп, оны психологиялық жағынан қарастырды. Педагогикалық анализдің, педагогикалық үрдістің міндеті – оқыту актісінің дамуы емес, мектептегі оқытудың ішкі даму үрдісіне әсері [14, б. 312].

Ресейлік психологияда нені қалай оқыту керек туралы сұрақтарды Л.С. Выготский, П.П. Блонский, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин, П.Я. Гальперин тағы басқалар қорытып шығарды. Н.Ф. Талызина [21, б. 87], П.Я. Гальпериннің [5, б. 89], ал Қазақстанда С. Елеусізова, Р. Қарамұратова зеттеулеріне сүйене отырып, оқыту мазмұнына байланысты үрдістік бірнеше жағдайларды бөліп көрсетті.

1) Оқытудың негізін базалық білім құрауы қажет;

2) Оқытудың мазмұнына базалық біліммен жұмыс істеу тәсілі жатуы қажет;

3) Білімді меңгеру, оқыту тапсыр-маларын шешу формасында орындалып, бұл оқытуды ешқандай жаттаусыз-ақ қамтамасыз етіліп, есте сақтау қорытынды негізінде қалыптасуы керек;

Мектеп жағдайына қатысты, идиалды нұсқа болып әр бір баланың психологиялық мәселесіне психологты енгізу болып табылады.

Н.Р. Талызинаның оқытуында ұстанған психологиялық мазмұны үшінші типті оқуға жатады. П.Я. Гальпериннің пікірінше бірінші және басты үшінші типті оқыту-бұл танымдық іс-әрекеттерді тітір-кендіріп, өзінің танымдық қызығу-шылығын нығайтады.

Қазіргі кездегі мектептердегі психологтордың алдында мектеп әкімшілігі жағынан танымдықтары мотивтенген балаларды іздестіру тапсырмасы тұрады. Біздің пікірімізше бұл тапсырманы басқалай құрастыру жөн: іздеу емес, танымдық мотивацияны құру. Себебі, танымдық мотивацияны құру арқылы оқушылардың мотивацияларын дамыту дұрыс.

Білім беру жүйесінің мәселесінің мазмұны баланың танымдық ерекшеліктері мен тұлғалық эмоционалды сферасын диагностау мәселесімен тікелей байла-нысты. Бірақта көпшілік мектептің бетке ұстар мұғалімдері «психолог тестер ғана өткізеді» деп ескертеді. Бұл әрине өкінішті.

В.П. Зинченко «Диагностау тек тестерге негізделмейді, оның интерпритациясының өңделуіне негізде-леді» дейді [4, б. 89]. Яғни бұл жағдайда біріншіден қажет ерекшелікті анықтау, екіншіден нені түзету керек соны іздеу. Егер психолог тек сандармен сызбанұсқаларды сызумен ғана шектелсе шындығында бұл психолог психолог емес.

Мектепке қатысты идеалды нұсқа болып әр бір баланың психологиялық мәселесіне психологты кірістіру, алайда бұнда бұл әрекетті қолдану мүмкіндігі аз. Біздің ойымызша, ең мүмкін болар шешім: психологтың мұғалімдермен жұмысы. Осылайша мектептегі психологиялық қызмет туралы ғана емес, психологиялық -–педагогикалық бірлескен іс-әрекет туралы сөз ету орынды.

А.А. Реан психологиялық және педагогикалық күштердің интеграциясы туралы айта келіп, психологиялық қызметті психологиялық-педагогикалық жүйенің бірлескен элементі ретінде қарастыруды ұсынды [3, б. 105].

Психолог жұмысы білім беру жүйесінің түрлеріне (шығармашылық және математикалық мектептер, гимназия, лицейлер) байланысты қызмет міндеттері анықталады.

Психолог өз жұмысын жүргізу үшін ыңғайлы орын қажет. Кабинет – бұл қажетті психологиялық қызметтердің компоненті. Психолог кез-келген мекемеде жұмыс істей отырып, негізгі тапсырмаларды шешеді. Кейбір неғұрлым қажетті іс-әрекеттерге көңіл бөлейік: практикалық психолог ең бірінші психология – педагогикалық шарттарды бақылауға міндетті. Ол балалардың даму ерекшеліктері баланың негізгі даму барысында қалыптасқанын ескеру керек.

Баланың дамуындағы шарттарды талқылау барысында Л.С. Выготскийдің «дамудың жақын аймағы» принципін қолдану дұрыс [2, б. 156]. Бұл принципті қолдау арқылы психология-педагогикалық бағдар дамудың сол деңгейінде бала жақын арадағы уақытта неге жете алатындығын бейнелейді. Педагогикалық тәжірбиеде бұл принциптің негізгі қиындығы «дамудың жақын аймағы». Дамудың жақын аймағы жасөспірімдерде және жоғарғы сынып оқушыларында ересек адамдармен өзін тану, интелектуалды және тұлғалық рефлекция, өзіндік ұйымдастыру мәселесі аумағында құрылады. Дәл осы кезеңде өмірлік көрінісі, өзін-өзі тануы, өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызы-ғушылықтарын сынап көруі қалыптасады.

Педагогикалық ұйымда, сол сияқты жанұяда үнемі әр түрлі қақтығыстар болады, көбінде ересек адамдардың психологиялық хабарсыздығынан, бірін-бірі тыңдай алмауынан, тыңдағысы келмегеннен, түсінбеуден, кешірмеуден болады.

Сондықтан да, тәжірбиелі психологқа балалармен жұмыс істейтін адамдардың психологиялық мәдениетін көтеру қажет.

Психологиялық ағарту – бұл үлкендердің және балалардың психоло-гиялық біліммен қатынасы. Психологиялық ағартудың негізгі мағынасы:

1) Баланың психикалық дамуының сәтті шарттарымен мұғалімдерді, тәрбиеш-ілерді, ата-аналарды таныстыру;

2) Жаңа психологиялық зерттеулерді талқылап көпшілікке таныту;

3) Психологиялық білімдер қажет-тілігін құрып, оны жұмыс кезінде баланың немесе өзіндік тұлғалық дамуда қолдану;

4) Оқушыларды өзіндік таным және өзіндік тәрбие туралы түсініктердің негіздерімен таныстыру;

5) Практик психологтың сол меке-меде керек екендігін түсінуге қол жеткізу.

Психологиялық ағарту әр түрлі формада болуы мүмкін: дәріс, практикалық сабақтар, семинар, әңгімелеу, көрме, әдебиеттерді талқылау тағы басқа. Бұл жұмыстарды барлығын психолог өзі жүр-гізбей-ақ басқа мамандарды шақы-руына болады. Барлық жұмыстардың мазмұнын психолог өзі қамтамасыз етуі, тиіс, және өтетін жұмыс түрлерінің нақты жұмысқа байланысты мәселелері қаралған жөн.

Психологиялық ағартудың ең бір көп тараған түрі психологиялық консультация (кеңес беру). Яғни, психолог консуль-тациялық іс-әрекетті бағдар беру, ағартуды, сабақтарда жүзеге асыру. Бұл маманның клиентке кеңесі, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, нақты бір жағдайдағы адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп түсіндіріледі [9, б. 7].

Егер психолог осындай ұжымда баланың позициясын қорғайтын болса әріптестерінің таң қалулары әбден мүмкін. Төмен дәрежелі тәрбиелеу мен оқыту мекемелерінде психологқа педагогикалық іс-әрекетті атқаруды жүк етіп артады. Көптеген жаңадан істеп жүрген психологтар педагогикалық кеңес өткізіп, жалпы мектеп оқушыларын ата-аналар жиналысында сөз сөйлеп, сынып жетекшілердің орнына сынып сағатын өткізіп, кейде тіпті ұстаздың орнына сабақ өткізеді. Бірақ та ешқандай психолог нашар оқытатын ұстазға, ұжымды басқара алмайтын директорға көмек бере алмайды. Сондай-ақ тағы да психологқа деген таңқалушылықтарын білдіреді. Қалай айтқанмен қай маман иесі болса да өз қателіктерінен үйренеді. Біздің көзқарасымызша психологтың субъек-тивтік статусқа келесі талаптар арқылы қол жеткізуге болады:

- психологтың құқықтарымен толық танысуы арқылы, негізгі психологтың жұмыс формалары, психологиялық қызметтің стратегиясы арқылы педаго-гикалық ұжымның адекватты нәти-желерінің құрылымы;

- эмпатиялы бағасыз қарым-қатынасты, жеке тұлғаның мінез-құлықты іскерлестік позициясымен жеке адамдарға сенім арта білу жағдайларын болжайтын психологтың барлық категориялардағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер ара-сындағы қарым-қатынас.

- ортақ позицияны мектеп жоспары мен бағдарламасын, олардың жүзеге асырылуын, іс-әркетінің нәтижелерінің талдауын анықтаудағы педагогтармен бірлескен әрекеттері.

Психолог үшін – психологиялық қызметтің субъектісін, өзінің жеке даралық ерекшеліктерін, қабілеттілігін, мүмкін-діктерін, әлсіз және күшті жақтарын білу маңызды. Ол өзінің эмоционалдық деңгейін реттеп, өзінің психологиялық функцияларын (ес, зейін, ой) жеделдете білу қажет. Аяғында іс-әрекет субъектісі сияқты өзінің кәсіптік негізгі сапаларын дамытуы керек. Бұл интеллектуальдылық (қызығушылық, логикалық ой, прак-тикалық ақылы), әлеуметтілігі (эмпатия, әлеуметтік контакт жасаудағы талаптары, коммуникативтілігі). Біз үшін ең маңыздысы болып «мен» күші мен өзіндік сын көзбен қарауы, эмоциялық тұрақтылығының жемістілігі.

Психолог балалармен жұмыс істей отырып, ол балалардың типологиялық ерекшеліктері мен жасын білу қажет және онтогенездегі жеке тұлғаның динамикалық дамуы туралы мағлұматтары болуы керек. Оған жұмыс үстінде әртүрлі даму деңгейдегі мінез-құлықтарының, ақыл-ойының, оқушылармен қарым-қаты-насының ауытқуларымен кездеседі және ол оның шығу себептерінің психологиясымен таныс болуы өте маңызды. Баланың дамуы көбінесе жанұясының тәрбиесіне байланысты болғандықтан, психологқа жанұясының тәрбиесін білуі қажет. Балаға көмектесу үшін біріншіден баланың жөнделем деген пиғылы болуы керек, яғни өзінің танымдылығын, өзіндік оқуын, тәрбиесін түзеткісі келу.

Ғалымдар психологтың біліктілігін анықтайтын сегіз негізгі қасиетін бөліп көрсетеді.

Психологиялық көмек көрсетудің мақсаты. Квалификациялы психолог педа-гогтың мақсаттарына бағыт-бағдар жасай-ды, адамға мінез-құлықтың максималды болар варианттарын табуға мүмкіндік береді, жаңа мүмкіндіктерін қарастырады.

Кәсіптік іс-әрекет жағдайларындағы психологтың реакциясы. Квалификациялы психолог кең спекторлы жағдайлар мен мәліметтерден вербальды, вербальды емес реакцияларын тауып алады.

Психологтың дүниетанымдылығы. Квалификациялы психолог өзінің зерттеуінің қиындығы және оның жеке адамға әсерін түсінеді. Мұндай мәселелерді бір ғана концепция арқылы шешеуге болмайтындығын түсініп, ол жұмыста әртүрлі тәсілдерді қолданады:

1) Психологтың мәдениеттілігінің деңгейі. Квалификациялы психолог клиентінің өміріне еніп, онымен бірге мәселенің шешімін табуға бір жолға түседі, көптеген ойларды, сөздерді және мінез-құлықтарды жасауға бейімді;

2) Құпиялылық (конфиден-циалдылық). Квалификациясы бар психо-логта құпиялылық (конфиден-циалдылық) болады. Ол үнемі клиенттің сұранысын нақты қабылдап, психоло-гиялық ақпа-раттарды қандай ауқымда болмасын дәл қолданады;

3). Іс-әрекет шектілігі. Квалифи-кациялы психолог өзінің кәсіптік іс-әрекетінің мазмұнына үнемі қайта оралып, рефлекцияға түсіріп отырады және өзінің мүмкіндіктерін реальды түрде шектеп бағалайды;

4) Тұлға аралық әсер. Квалифи-кациясы бар психолог өзінің реакциясын педагогқа немесе клиентке әсер ететінін түсіндіреді;

5) Абыройлылық. Квалификациялы психологта бұл өзінің психологиялық көмек беретін концепцияларын шығару негізінде қызмет атқарады.

Психологиялық ағарту – педагог, тәрбиеші, ата-аналардың және оқушы-лардың психологиялық біліммен сусын-дауы. Психологиялық ағартудың негізгі мағынасы:

- тәрбиеші, мұғалім, ата-аналарды баланың психикалық даму шарттарымен және заңдылықтарымен таныстыру;

- жаңа психологиялық зерттеулер нәтижелерін түсіндіру;

- психологиялық білімге деген қызығушылықтарын ояту;

- оқушыларды өзіндік тәрбиелеуге үйрету.

Психологиялық ағартудың форма-лары әр түрлі болады: лекция, сұхбат, семинар. Психологиялық ағартуды психологиялық білімді, өмірлік мәсе-лелерді шешу мәселелеріне қатысты беретін болса, жұмыс эффективті болады.

Е.А. Климов бойынша, психоло-гиялық білімді көтеру – психологиялық ғылым ретінде өсуінің шарты [1, б. 145].

Сонымен психологтың білім беру мекемелеріндегі алатын кәсіптік статусы түрлі жерде әр түрлі. Ол психологтың жұмысты ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты, яғни жұмыс істейтін психолог маманданған, психологиялық білімі жоғары, адам жанын танушы болуы қажет.



ӘДЕБИЕТТЕР

1. Зимняя И.А. Педагогическая психология / И.А. Зимняя. – М.: «Феникс», 1997. - 384 с.

2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании / Е.И. Рогов. – М.: «Владос», 1995. -529 с.

3. Фридман Л.Ф. Психологический справочник учителя / Л.Ф. Фридман, И.Ю. Кулагина. – М.: «Просвещение», 1991. – 287 с.

4. Дубровина И.В. Школьная психологическая служба, вопросы теории и практики / И.В. Дубровина. – М.: «Педагогика», 1991. – 230 с.

5. Зязюна И.А. Основы педагогического мастерства / И.А. Зязюна. – М.: «Просвещение», 1989. – 246 с.

6. Самаукина Н.В. Первые шаги школьного психолога / Н.В. Самаукина. – Дубна: «Феникс», 2000. – 250 с.

7. Кулюткин Ю.Н. Психологические знание и учитель / Ю.Н. Кулюткин // «Вопросы психологии», 1983. - № 3. – 51 – 53 с.

8. Станкин М.И. Профессиональные способности педагога. Акмеологическое воспитание и обучение / М.И. Станкин. – М.: «Флинта», 1998.

9. Андриади И.А. Основы педагогического мастерства / И.А. Андриади. – М.: «Академия», 1999. -160 с.



10. Бендиктов В.А. Представление педагогов о психологической службе / В.А. Бендиктов // «Вопросы психологии», 1986. № 2.

11. Столяренко Л.Д. Основы психологии / Л.Д. Столеренко. - М., 2002. - 720 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет