Гуманистік (Феноменологиялық) парадигма
Басты назарда – оқушының дамуы, оның жеке мұқтаждықтары, тұлғааралық қарым-қатынастар. Түйіні: ізгілікті амал, тұлғалық өсуге көмек беру, өмірге дайындығына назар аудару.
Бұл амалдың негізінде даму, өзіндік даму, өзін-өзі көрсету, шфғармашылық жатыр.
Даму – оқушының берілген тапсырманы шешуде белсенділік пен дербестіктің жоғары деңгейіне өтуі.
Выгодскийдің айтуынша, даму балаға берілетін көмек шамасымен анықталады. Выгодский бойынша, дамудың екі аймағы бар:
Өзекті даму аймағы, яғни БИД (білім, икем, дағды) меңгеріп, оны өздігінен пайдалану аймағы.
Жақын даму аймағы, яғни білім игеру үшін баланың ересектер көмегін пайдалану аймағы.
Сонымен бірге, жалпы даму (әмбебап қабілеттер), арнайы даму (салалық қабілеттер, дарындылық), мәдени даму салалары бар.
Дамудың ең жоғары деңгейі – өзіндік даму.
Бастысы: таным жолын әркімнің өздігінен табуы.
Ұраны: «Таным – күш!».
Педагогикалық процесс диалог немесе полилог бойынша жүзеге асады және импровизацияға толы, біржақты шындық болмайды.
Негізгі ұстанымы: әркімнің дүниені тану құқығын шектемей балалар мен ересектердің құндылық-бағдарлы теңдігі.
Бұл бағыт субъект-субъектілік қарым-қатынасты қалыптастырады.
Мұғлім мен оқушылар іс-әрекеттің мақсатын, оның мазмұнын бірлесе жасап, оны ұйымдастыру мен бағалау формаларын ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, таңдайды.
Негізгі өкілдері: Сократ; Коменский; Песталоцци; Руссо; Дьюи және тағы басқалар.
Олардың көзқарастары бағыттас болғанымен, пікірлері бірдей бола бермейді. Парадигма аясында білім берудің алуан түрлі үлгі, нобайлары қатар жүзеге асырылуда. Бірақ олардың бір бағыттас екендігін балаға деген құндылық қатынас пен баланың дамуы мектептің басты мақсаты екендігін мойындауы көрсетеді.
Парадигма 1991 жылы әр жерде мұғалімдер бастамасымен енгізілді. Осы уақытқа дейін өзектілігін жойған жоқ.
Кейбіреулер бұл парадигманың уақытша құбылыс екенін, кейін менталитетке сай келетін білімдік парадигмаға қайта оралатынын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |