Рефлексивті-түзетуші
|
Кубизм әдісі арқылы сабақты қорытындылау беріледі.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
Өлеңді нақышына келтіре мәнерлеп айта біледі.
|
Нені игереді:
|
Наурыз мерекесіне байланысты ұғымдардың,бата-тілек сөздердің мағынасын түсініп игереді.
|
Нені біледі:
|
Өлең сөздерін екпінмен мәнерлеп айта біледі.
|
Білім берру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Көктем таңғажайыптары»
Мақсаты:
Көктем мезгілі туралы балаларға түсінік беру;
Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, дүниетанымын кеңейту;
Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:Көктем мезгілі бейнеленген мазмұнды суреттер, жұмыс дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
|
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Ұйымдастыру кезеңі
Көктем келді, көктем келді сағынта,
Бүршік атты алма ағаштар бағында.
Біздің үйге ұя салды, алақай,
Көптен күткен қарлығаштар тағы да.
Дала гүлге оранады,
Түрлі түске боянады,
Нұрлы көктем келген кезде
Табиғат та оянады.
Көктем келді, көктем келді далама,
Қуанып жүр ата-ана да, бала да.
Қар, мұз еріп, жылғалардан су ағып,
Үйрек, қаздар жайылып жүр жағада.
|
Шеңбер
бойына тұрып,
педагогпен
бірге қимылдар
жасайды.
|
|
|
Ұйымдастыру
шылық – ізденістік
|
Кіріспе әңгіме
- Өлең жылдың қай мезгіліне арналған?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Ендеше, бүгін біз «Көктем өрнегі» өлеңімен танысып, жаттаймыз. «Көктем өрнегі» өлеңін мәнерлеп оңып беру.
Көктем өрнегі
Қар еріді, су ақты,
Күндер келді шуақты.
Байтақ дала келбеті
Түкті кілем сияқты.
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда
Құстар әні төгілді.
Жаңбыр жауып басылды,
Күлімдейді көкте күн.
Кемпірқосақ асылды
Өрнегіндей көктемнің.
Сұрақ-жауап
- Көктем мезгілінде қандай табиғат
құбылыстары болады?
- Ең алғаш қандай гүлдер шығады?
- Көктемде қандай жұмыстар атқарылады?
- Көктем мезгілі сендерге ұнай ма?
«Жыл ағашы» ойыны
Мақсаты: жыл мезгілдерінің айларын білу.
Көктемде егілген ағашты «жыл ағашы» дейді. Суретін салдыру.
Түзу сызық (1 жыл дегенді білдіреді)
Бұтақтар (мезгіл)
Кіші бұтақтар (айлар)
Жапырақ (апталар)
Дәптермен жұмыс:
Көктем көрінісін бейнелеңдер.
Көктем мезгілі туралы қандай өлең білесіңдер?
|
Көктемге
Көктем мезгілі
Жаңбыр
жауады, күн
күркірейді
Бәйшешек
Балалардың
жауаптары.
Ойын ойнайды.
Балалардың
жауаптары.
|
|
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Қорытындылау:
«Бұл қай кезде болады?» өлеңімен аяқтау.
|
Көктемде
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жыл мезгілдерін ажырата білу.
Игереді: табиғатты сүйе білуді, қорғауды.
Меңгереді: көктем мезгілі туралы түсініктерді, ай аттарын атауды.
Білім беру саласы: Коммуникация
Кіші сала: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Саяжайға ұшып келген құс
Мақсаты: Қыстайтын құстар туралы ойлау қабілеттерін дамыту. Құстарды айыруға үйрету. Қыстайтын құстарды күтуге тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: құстар-птицы, торғай-воробей, шымшық-снегирь.
Сөздік жұмыс: қыстайтын-зимующие.
Іс-әрекет кезеңдері.
|
Тәрбиешінің қызметі
|
Балалардың іс-әрекеті
|
|
|
І кезең-
Мотивациялық- қозғаушы
|
Балалардың назарын сандыққа аударады.
-Осы сандықта не бар екен?
Сандықты ашып құстардың суреттерін алып шығады.
Балаларға көрсетіп құстармен таныстырады.
|
Балалар сандыққа көніл аударады.
Өз ойларын айтады.
Балалар таңғалады
Суреттерге көніл аударады. Оларды атайды.
|
|
|
ІІ кезең-
Ұйымдастырушылық ізденіс
|
Балаларға сұрақтар қояды:
-Құстар қайда тұрады?
-Бұл қандай жабайы әлде үй құстары ма?
-Оларды неге жабайы –деп атайды?
-Жабайы құстар немен көректенеді?
Тақпақ тыңдауды ұсынады.
Құс ұясын бұзбаңдар,
Балапанын алмаңдар.
Құстар біздің досымыз,
Обалына қалмаңдар.
-Тақпақта не туралы айтылған?
- Біз құстарға қыста қалай көмектесеміз?
-Құстар үшін біз не жасаймыз?
-Қандай қыстайтын құстарды білесіңдер?
-Бұл құстарды бір сөзбен айтқанда қалай атаймыз?
Сергіту сәті.
Қане қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Қыстайтын құстар туралы
әңгімелейді.
Дид/ойын «Құстарда жалпы не ұқсас»
Құстардың аудио- дауыстарын қосады.
Қимылды ойын: «Сиқырлы бас киім»
|
Балалардың жуаптары.
Орманда.
Жабайы құстар.
Олар орманда тұрады.
Құстар табиғатта немен көректенетінің айтады.
Балалар тақпақты тыңдайды.
Сұрақтарға жуап береді.
Оларға тамақ береміз.
Құстарға қыста жемсалғыш жасап береміз.
Қыстайтын құстарды атап береді: көгершін, торғай, шымшық, қарға.
Қыстайтын құстар –деп атаймыз. (бәрі бірге және жеке айтады).
Балалар сергіту сәтіндегі қимылдарды орындайды.
Қыстайтын құстар туралы әңгімені мұқият тыңдайды.
Құстардың сыртқы келбетін атайды: қанаты, тұмсығы, құйрығы, табаны, жүні.
Балалар құстардың аудио- дауыстарын тыңдайды.
Балалар ойынға белсенді қатысады.
|
|
|
ІІІ кезең-
Рефлексивті-түзету
|
-Балалар бүгін біз не туралы айттық?
-Қандай құстармен таныстық?
-Қандай құстарды қыстайтын құстар –деп атайды?
Балаларды мақтап-мадақтау. Сабаққа белсеңді қатысқан балаларға фишка беру.
|
Бүгін не білгендерін айтады.
Қыстайтын құстарды айтады. Оларды бір сөзбен әңгімелейді.
Мадақтауға қуанады.
Алған фишкаларына риза болады және бір-біріне көрсетеді.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Қыстайтын құстар туралы ойлау қабілеттерін дамытады.
Түсінеді: Құстарды айыруға үйренеді.
Қолданады: Қыстайтын құстарды күтіп оларға қамқорлық жасайды
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Кім әскерде қызмет етеді?»
Мақсаты: Ойын арқылы балалардың әскери қызмет туралы ұғымдарын кеңейту.
Міндеті: Әскери қызметтерді ажырата білуге үйрету. Септік, көптік жалғаулықтарды қолдана білу машықтарын қалыптастыру. Ақыл-ойын, сөйлеу тілін дамыту. Патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Әкери қызметкерлердің – жаяу әскерлердің, теңізшілердің, ұшқыштардың, атты әскерлердің суреттері немесе ойыншықтары.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің әдіс –тәсілі: ӨТШТ технологиясының ойындары.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: жекелей, жалпы топтық
Сөздік жұмыс: Әскер – солдат – soldier, Отан – Родина - Мotherland
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
+ -
|
|
I.Мотивациялық кезең
|
Шаттық шеңбері:
Қалдарың қалай, балақайлар?
Бүгін ойын ойнауға тамаша күн екен!
|
Отаным
Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар.
Отбасым мыналар;
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар,
Бір туған апам бар
Бір туған ағам бар,
Бәрін жақсы көремін
|
|
|
Тосын сәт
|
Бүгін қандай ойын ойнайды екенбіз?
Ішінде не бар екен?
Кәне қарайық.
Қане, менің артымнан қайталаңдар - Әскер – солдат – soldier
Отан – Родина - Мotherland
|
Сиқырлы сандықшамызды қарайық.
/Сандықты бір бала алып келіп, балалар қақпасын ашады./
/Балалар сандықша ішіндегі ойыншық әскерлерді үстел үстіне қояды/
Өздері әр түрлі екен. Киімдерінің түстері де әр түрлі екен.
Әскер – солдат – soldier
Отан – Родина - Мotherland
|
|
|
II.Ізденушілік кезең
|
Дұрыс айтасыңдар. Камуфляж киген әскерлер – бұл жаяу жүргінші әскерлер. Олар Отанымызды жер бетінде қорғайды.
Көк форма кигендер- ұшқыштар, олардың бастарында құлаққаптары болады. Қалай ойлайсыңдар? не үшін?
Дұрыс. Ал, мына әскерлер кімдер?
Дұрыс айтасыңдар. Енді ойын ойнайық.
Д/О№1: Ақ, қара?
Мақсаты: Түстермен байланыстыра отырып, әскери қызметтің пайдалы және жағымсыз жақтарын айтқызу.
Шарты: Ақ түсті парақты көтерген кезде, әскери қызметтің жағымды жақтарын айтқызу. Қара түсті парақты көрсеткен кезде, жағымсыз жақтарын айтқызу.
Д/О№2: Қайсысы артық?
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: Берілген суреттер ішінен тағайындалуы бойынша артығын табу.
Д/О№3: Кім жоқ?
Мақсаты: Балалардың зейіндік қабілеттерін дамыту.
Шарты: Балаларға әскер ойыншықтарды көрсету, санатқызу. Көздерін жұмғызу, бір ойыншықты тығып қою. Көздерін ашқаннан кейін, қай ойыншық жоқ екендігін сұрау.
|
Балалар ойыншық /немесе суреттер/ ішінен камуфляж киген жаяу жүргінші әскерлерді таңдап, жинап алады.
Бір-біріне хабарлама беру үшін.
Ұшақ пен тікұшақтың ұшу кезіндегі гуілін естімеу үшін.
Мыналар – атты әскерлер, себебі олардың қолында қамшы бар.
Мынылар – теңізшілер, өйткені ақ-қара жейде киіп алыпты.
Балалар ақ түсті парақты көтергенде әскери қызметтің жағымды жақтарын, яғни әскерлер Отанымыз қорғайтындықтарын, ержүрек, қайратты, жігерлі екендерін айтады.
Қара түсті парақты көтергенде жалпы соғыстың жаман жақтарын айтады.
Балалар берілген суреттерден тақтаға шығып, артығын табады:
Жаяу жүргінші әскер, Атты әскер, Ұшқыш. /Артығы – Ұшқыш, себебі ол аспанда жаудан қорғайды, басқасы жер бетінде қорғайды./
Жаяу жүргінші, Теңізші, Музыкант. / Артығы –Музыкант/
Ұшақ пилоты, Тікұшақ пилоты, Теңізші /Теңізші артық/
Балалар берілген бес ойыншықты қарастырады: санын санайды, түстерін айтады, әскери қызметтерінің тағайындалуларын сипаттайды. Көздерін жұмып, беске дейін санайды, көздерін ашқаннан кейін қай әскер жоғалып кеткенін айтады.
/ойын кілем үстінде шеңберге отырғызу арқылы ойнатылады./
|
|
Сергіту сәті
|
Балалар, шаршаған шығарсыңдар? Қане, бір серігіп алайық!
Тәрбиеші балаларға сәйкес қимылдарды көрсетіп тұрады.
|
Мен әскер боламын!
Отанымды қорғаймын!
Солға қарап қарауылда,
Оңға қарап қарауылда,
Қол құсырып тұрмаймын!
Жаяу әскер боламын,
Атты әскер боламын,
Теңізде де жүземін,
Ұшақта да ұшамын!
Отанымды қорғайтын
Мықты әскер боламын!
|
|
|
Д/О№4: Суретті талдау
Мақсаты: Балалардың әңгіме құрастыру дағдыларын дамыту.
Шарты: Тақырыпқа байланысты сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастыру.
Д/О№5: Көп, аз
Мақсаты: Балалардың көптік жағлауды орынды қолдануларын дамыту.
Шарты: Берілген суреттерден көріп тұрғанды атау.
|
Тақырыпқа байланысты сурет бойынша қысқаша әңгіме құрайды.
Берілген суреттер бойынша сөздерге көптік жалғауды орынды қосады.
Әскер/ әскерлер
Ұшақ/Ұшақтар
Жұлдыз/жұлдыздар
Сонымен қоса, қай суретте көп, қай суретте заттар аз екендігін айтады.
|
|
III. Қорытынды
|
Сонымен, балалар, бүгін біз қай қызметпен таныстық?
Олар не үшін керек екен?
Жақсы, енді демалайық.
|
Сүйікті Отанымызды қорғау үшін!
|
|
Күтілетін нәтиже: Әскери қызметтің түрлерімен танысады. Патриоттық сезімдері дамиды. Қай әскер не үшін керектігін түсінеді.
Білуі керек: Әскери қызмет түрлерін, көптік жалғауды орынды қолдануды.
Күні:
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы: «Оң жақта-сол жақта,астында,үстінде,арасында.Биік-аласа». Мақсаты:Балаларды кеңістік қатынастарымен таныстыру.
Міндеттері:Заттың көлеміне қарай салыстыруға үйрету.Логикалық ойлауларын жетілдіру.Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.
Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу,сұрақ-жауап.
Ұйымдастыру:топпен
Көрнекіліктер:тақтаға ілінетін суреттер,үлестірмелі материалдар.
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
Сәлемдесу:
-Жақындарымызбен және туыстарымызбен кездескенде «Қайырлы таң!»,«Қайырлы күн!»,.
|
Тәрбиешіні тыңдайды.
|
|
|
Ізденіс
ұйымдастыру.
|
-Айша,Әлия және Әнел деген үш қыз өмір сүріпті.Айша-ең ұзыны,Әлия оң жақта тұр,Әнел сол жақта тұр.
-Қыздардың қайсысының бойы қысқа?Ең ұзын қыздың аты кім? Айшадан қысқа қыздың аты кім?
-Әр қыздың қай үйде тұратындығын ойлап табыңдар да,олардың үйіне қарындашпен жол салыңдар.
-Биік үй қай жақта?
-Одан аласа үй қай жақта?
-Ең аласа үй қай жерде?
Бір күні Айша,Әлия,Әнел орманға барады.Өзенге жақындап келіп,олар мынаны көрді:өзен жағасында екі ағаш өсіп тұр екен,оның алсасы-шырша да,одан биігі-ұшы әрең көрінетін қарағай.
Суретті тақтаға ілінеді.
-Шырша қай жерде орналасқан?Қарағай ше?
-Орманда қыздардың нені кездестіргенін жұмбақты шешу арқылы табыңдар.
Тәрбиеші аңның немесе құстың тұрған орнын айтады.
Сергіту сәті: «Алыптар мен ергежейлілер»
Бұл орманда алыптар және ергежейлілер өмір сүріпті.
Содан соң бұл қимылды тәрбиешінің йтуымен жылдам орындайды.
Дәптермен жұмыс.-Қыздар орманда серуендеді және толы себетпен үйлеріне қайтты.Айша себетін биік түбірге,Әлия одан аласарақ,ал Әнел ең аласа түбірге қойды.Қай себеттің кімдікі екенін тауып,сызық арқылы қос.
|
Жауап береді.
Сұрақтарға жауап береді.
-Сол жақта.
-Оң жақта.
-Олардың ортасында.
Жауабы:Кірпі,ақтиін, қоян.
Балалар тақтадағы суретке орналстырады.
-қолдарын көтереді,
-аяқ ұшымен тұрады,
-баллар жүрелеп отырады.Жылдам орындайды.
Орындарына отырады.
|
|
|
Рефлексия
|
-Әр қыз не жинады?
Сабақты тәрбиеші қорытындылайды.
|
Жауаптар береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Балалардың кеңістікті бағдарлай білуі;Оң, сол, астында,үстінде,ортасында деген ұғымдарды қосып айта білу.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:»Ғарышка сапар».
Мақсаты:Экологиялық мәдениетті тәрбиелеу.
Міндеттері:-Өлі және тірі табиғат арасындағы өзара байланысты,оның адамның іс-әрекетіне тәуелді екені туралы ұғымды анақтай алуға көмектесу;
-Адамзат,өлі және тірі табиғат нысандары арасындағы өзара байланысты түсінуге,табиғатты тануға деген қызығушылықтарын дамыту;
-Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру.
Ұйымдастыру:топпен.
Көрнекілік:глобус,суреттер
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
Балалардың назарын глобусқа аударады.
Глобустың бір бөлігі неліктен көкшіл түспен бейнеленгенін сұрайды.
Балалардың жауаптарын жинақтайды:
-Глобустағы көкшіл түс-бұл біздің ғаламшарымызды алып жатқан су.Бұл-мұхиттар мен теңіздер (мұхиттарды көрсетеді).Жер ғаламшарындағы ауа мұхиты
туралы не білесіңдер?Ол жайында әңгіме қозғайықшы.
|
Глобусқа назар аудар-
ып,қызығушылық танытады.
Көрсетілген мұхиттар-
ға мұқият қарайды.
|
|
|
Ізденіс
ұйымдастыру.
|
-Біздің ғаламшарымызда ауа қабаты қоршаған.Жақын арада көрінбесе де,аспанға көз салып қарасақ,көкшіл түсті екенін байқауға болады.Сондықтан да біз оны ауа мұхиты деп атаймыз.
Көзімізге көрінбес,
Салмағы да білінбес.
Дем алатын ауаның,
Иісі де сезілмес.
Тыныс алып,жай ғана,
Демді ішке тартамыз.
Қажет бізге таза ауа,
Молдір,тұнық,саф ауа!
(М.Рыльский,ауд.Г.Нурузова)
Өлең жолдарын оқып,балаларға сұрақтарын қояды:
-Өлең жолдарынан ауа туралы қандай мағлұмат алдыңдар?
-Қалай ойлайсыңдар,ауа тыныс алу үшін ғана керек пе?
Сергіту сәті
Сергіті сәтін балалардың қалаулары бойынша өткізеді. Жұмыс дәптеріндегі суретке назаларын аударады:аспан,аспанда ұшқан ұшақ,тікұшақ,құстар,көбелек,инеліктер.Суреттің
төменгі бөлігінде қаланың көрінісі,зауыттың
түтіндеген мұржасы бейнеленген.
Түсіндіреді,сұрақтар қояды:
-Теңіздер мен мұхиттарды қорғап,сақтау қажет екенін білесіңдер ме?Әуе мұхиты да қорғап ,сақтауды қажет етеді.
-Әуе мұхитына қандай зиянды әрекеттер әсер етуі мүмкін?
-Әуе мұхитында зиян келтіретін қандай нысандарды білесіңдер?
Адамдар орнын ауыстыру үшін,алыс жерлерге жету үшін әуе тасымалдау құралдарын ойлап шығарғанын айтады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауды ұсынады,әуе тасымалдау құралдарын қарындашпен айналдыра қаршауды ұсынады.
Адамдардың тасымалдау құралдарын қалай пайдаланатыны жөнінде айтып беруге тапсырма береді.
|
Мұқият тыңдайды.
Өлең мазмұнына қы-
зығушылық білдіріп,
тыңдайды.
Сұрақтарға жауап бе-
реді.
Өздері қалаған жатты-
ғуды жасайды.
Қызығушылық білдіріп,
суретті мұқият қарастырады.
Сұрақтарға жауап береді.
Мұқият тыңдап,
тапсырманы орындайды.
|
|
|
Рефлексия
|
Балаларды екі топқа бөледі.Топтарға сұрақтар қояды:
1.Әуе мұхиты қатты ластанса,қандай жағдай орын алуы мүмкін?
2.Әуе мұхиты таза болған жайғдайда,адамның өмірі қалай жақсарады?
|
Сұрақтарға жауап бе-
реді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
«Әуе мұхиты»дегеніміз не?
«Әуе мұхитын»адамдар қатынас жолы ретінде пайдалана ма?«Әуе мұхитындағы»басты мәселелерді;
Адамдар,жануарлар мен құстар,жәндіктер үшін ластанған ауаның зияны туралы түсінікті.
Өлі және тірі табиғат нысандары мен табиғаттың бір бөлшегі ретіндегі адамдар арасындағы өзара байланысты орната білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің конспектісі
Күні: 28.11.2018
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімдері: Математика
Тақырыбы:. «Саяхат сабагы»
Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту.Балаларға шеңбер,шаршы үшбұрыш деген ұғымдарын қалыптастыру. Балаларға уақытты бағдарлауға таңертең,кеш және кеңістікті ұғымдарын бекіту. «Көп және біреу» ұғымын қайталату
Тәрбиелілігі:Балалардың ойлау,көріп тану,зейінін,есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту,дербес іс-әрекетке тәрбиелеу
үш тілдік компонент: күз-осень- autumn
Қажетті құралдар:ойыншық аю ойыншығы ,алма мен алмұрт суреттері
Әрекеттердің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық
қозғаушылық
|
Жылулық шеңбері.
Сәлем саған алтын күн!
Сәлем саған көк аспан!
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған қоршаған орта
Балалар енді келген қонақтарымызбен амандасайық
|
Балалар қоршаған ортамен сәлемдеседі.
-Сәлеметсіздер ме!
|
Ұйымдастыру-
іздестіру
|
-Қазір қай жыл мезгілі ?
-Күз мезгілінің ерекшеліктерін кім айтады?
Есікті тоқылдатып, Қонаққа Аю келеді.Қолында сиқырлы дорбасы бар.
Балалар аюмен амандасады.
Тәрбиеші:Балалар аю орманда келе жатып сиқырлы дорба тауып алыпты. Ішінде не бар екенін біле алмай бизден көмек сұрауға келіпті.Балалар аюға сиқырлы дорбаны ашуға көмектесейік пе?
Ендеше ашып көрейік не бар екенін ашайын десе, ашылмайды.
Балалар мен білемін неге ашылайды екен «Ғажайып еліне саяхатта» тапсырмалар бар соны орындасақ ашылады.
Балалар, ғажайып әлеміне саяхатқа барғыларын келеді ме? Ал ендеше барлығымыз көзімізді жұмып ұшақпен ұшайық.Ал балалар келдік.
Балалар біз «Ойыншықтар әлеміне» келдік
Қанша ойыншықтар көріп тұрсыңдар ?
-Дұрыс айтасыңдар!
Қанша машина бар екен?
Қанша доп ?
Қанша қуыршақ?
Өте жақсы бұл тапсырманыда орындадық! Қорапты ашып көрсек ашылмайды.
Балалар дорба ашылу үшін геометриялық пішіндерді атап беру керек екен.
Мынау қандай геомтриялық пішін?
Шаршының түсі қанадай?
Мынау қандай геометриялық пішін?
Шеңбердің түсі қанадй?
Мынау қандай геометриялық пішін ?
Үшбұрыштың түсі қандай?
Айырмашылықтарын айту
Шаршы домалай ма? Неліктен домаламайды?
Қорапты ашып көрсек ашылмайды.
Ал балалар енді соңғы тапсырманы орындасаңдар дорбамыз ашылады екен.Бұл тапсырма «Сүйікті балабақша»деп аталады.Бұл тапсырманы да орындап көрейік пе балалар?Олай болса балалар біз балабақшаға қай уақытта келеміз?
Қай уақытта қайтамыз?
-Дұрыс айтасыңдар балалар!
Сергіту сәті
Енді тапсырманы орындадындар аю алып келген сиқырлы дорбаны ашайық ішінен қорапша шығарады.
Қорапшаны ашып балаларға сыйлықтар беріледі
Аю :
Балалар сендерге көп рахмет Сауболыңыздар
Тәрбиеші балаларды мақтап мадақтайды
|
Күз мезгілі
Күн суытады, жаңбыр жауады
Сәлеметсіз бе!
дорбаға қарап таң қалады.Дорбада не бар екенін күтеді.Балалар қуана келіседі
ия
Көп ойыншықтар
Бір мащина
Көп доп
Біреу қуыршақ
Шаршы
Шаршының түсі жасыл
Шеңбер
Шеңбердің түсі қызыл
Үшбұрыш
Үшбұрыштың түсі сары
Себебі оның бұрыштары бар
Ия орындаймыз
Таңертен келеміз
Кешке қайтамыз
Балалар қуанып мұқият тыңдайды.
Балалар қуана қорапты ашуға асығады
Балалар қуана қоштасады
|
Рефлекциялық-түзетушілік
|
Қорытынды:
Балалар бізге не келді?
Біз қайда бардық?
Сендерге ұнадыма?
|
Балалар толық жауап беруге тырысады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балаларға заттардың ұзындықтарын,салыстыру жөнінде ұзын-қысқа және биік-аласа ұғымдарын, оң жақ,сол жақ ұғымдарын бекіту. Балаларға уақытты бағдарлауға таңертең,кеш ұғымдарын,геометриялық пішіндерді үйренді.
Игереді : Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге, жұмысты аяғына дейін аяқтауды игерді.
Меңгереді:.Сұрақтарға толық жауап айта біледі.
.
Достарыңызбен бөлісу: |