Асанәлі: Шай қайнатып келейін. Шекер салып, жан әжем. Өзім құйып берейін, Балдай тәтті бал әжем. Нұрасыл: Әже деген көп шығар, Әжемдей кісі жоқ шығар. Мейірімді бұл кісі, Қандай ғажап күлкісі!. Радмир: Ертегі қандай көп еді, Күнде айтып береді. Қуанады балаша, Әжем менің тамаша!
Енді біз әжемізбен бірге ойын ойнайық. Ол ойын «Ұшты , ұшты» деп аталады. Ұшты, ұшты, ұшты — торғайұшты! (ұшады) Ұшты, ұшты, ұшты — арба ұшты! (ұшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты — үкі ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты, ұшты — түлкі ұшты! (үшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты — бүркіт ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты, ұшты — машина ұшты! (ұшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты — үйрек ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты, ұшты — телевизор ұшты! (үшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты —қарға ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты, ұшты —үй ұшты! (ұшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты — аққу ұшты (ұшады) Ұшты, ұшты, ұшты — сызғыш ұшты! (ұшпайды)
Достарыңызбен бөлісу: |