Ұйымдастыру-ізденістер
|
1.«Кім болам?»дидактикалық ойыны.
Ойын шарты:балалардың ішінен «тілші» сайланады.Тілші болып сайланған бала басқа балаларға «Болашақта кім боласың?» деген сұрақты қойып,олардан сұхбат алады.Балалардың қалауы бойынша «тілші» рөлі ауысып отырады.
2.Тыныштық сәтін өткізу.
Көзімізді жұмамыз, өзімізді еркін
ұстаймыз.Көз алдарымызға балалабақша алаңын елестетеміз.
Дәптермен жұмыс
1) Дәптердің 4-5 беттеріндегі суреттер бойынша әңгіме құрастыру.Тірек сөздер:ойын бөлмесі,тәрбиеші,ойыншықтар,ойын алаңы,құм,сырғанау,әткеншек,шелек.
2) Н.Әлімқұловтың «Балабақшам-байлығым»немесе балабақша туралы басқа ақындардың өлеңдерін оқу.
3.Сергіту сәтін өткізу:
Бала,бала,баламыз,бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз
Үйренеміз өнер біз,шетімізден шеберміз
Тақпақ айтып,ән де айтып,би де билеп береміз.
4.Дәптермен жұмыс (4-5 беттері бойынша)
а) Педагог үзік сызықтарды (баланың балабақшаға дейінгі жолын) қалай қосып сызу керектігін және шрихтауды тақтада көрсетеді.5-беттегі үзік сызықтарды қосып сызу арқылы доптардың суретін салу және оларды бояу.Балалардың жұмысын тексеріп,қалай сызу,штрихтау керектігін әр балаға көрсету.
|
Балалар ойын шартын сақтай отырып, ойнайды
Балалар көздерін жұмады,терең тыныс алады.
Денелерін бос ұстап,еркін отырады. Көздерін ашып алған әсерлерін баяндайды.
Тәрбиешінің көмегімен әңгіме құрастырады.
Тәрбиешінің айтқанын қайталай отырып,өлеңді мәнерлеп жаттайды.
Тақпақты жаттап алып,бір бірлеп айтып береді.
Тәрбиешінің көрсеткен үлгісі бойынша үзік сызықпен қосып,сурет салып, оны бояйды.
|