Білім беру саласы: «Денсаулық».
Оқу қызметі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Гимнастикалық қабырға бойымен сатыларды қалдырмай
өрмелеу.
Мақсаты: Гимнастикалық қабырға бойымен сатыларды қалдырмай өрмелеу,
арқан бойымен қолдарын жандарына созып өту, кедергілер арасымен жүру, тізені
жоғары көтеріп жүру, қатты жүгіруді жаттықтыру, жалпы дамыту жаттығуларын
Өз беттерінше команда бойынша орындауды үйретуді жалғастыру. қол-аяқ
қимылын дамыту.
Құрал-жабдықтар: гимнастикалық қабырға, құрсаулар, ойынға арналған
атрибуттар.
Кіріспе бөлім: Кедергілер арасымен жүру, тізені жоғары көтеріп жүру, қатты
жүгіру, шеңбер құрып тұру.
ЖДЖ құрсаумен.
1.Б.қ. түзу тұру, аяқ арасы сәл ашық, қолдарында құрсау кеуде алдында, оң
аяғымен алға бір аттам жасап қолын алға созу, б.қ. келу, сол аяқпен бір аттам жасап жаттығуды жалғастыру. әр аяққа 4 реттен.
2. Б.к. түзу тұру, аяқ арасы иық деңгейінде, қолдарындағы құрсауды басынан
асыра жоғарыда ұстайды, оң жаққа иілу, түзуленіп, сол жаққа иілу, б.қ. келу. 4
регтен.
3. Б.қ. түзу тұру, аяқ арасы иық деңгейінде, қолдарындағы құрсауды алға
созып иілу, түзулену. б.қ келу. 6-7 рет.
4. Б.қ. түзу тұру, аяқ арасы иық деңгейінде, құрсауды алға ұстап отырып тұру.
5. Б.қ. түзу тұру, аяқтар бірге, құрсау жанында құрсау ішіне қос аяқтап секіру,
қайта секіріп сыртына шығу. 8-10 рет.
Негізгі қимылдар: Гимнастикалық қабырға бойымен сатыларды қалдырмай
өрмелеу, арқан бойымен қолдарын жандарына созып өту.
Қимылды ойын: «Аюлар мен аралар».
Қорытынды бөлім: Қатарда жәй жүру, тыныс алу жаттығулары.