Ой тастау: -Қалай ойлайсыңдар,тек ер адамдарға немесе тек әйел адамдарға лайық мамандық бола ма?
Ойын: «Мамандықтың атауын ата»
-Мен әріпті атаймын,ал сендер сол әріптен басталатын мамандықты атаңдар.
-Сонымен «А»,«Д»,«М»,«С».
-Кәнекей,мен сендерге көмектесейін.Сәулетші мамандығы туралы кім біледі?Ол немен айналысады?
(Сәулетші әр түрлі ғимараттардың сұлбасын сызады.Аспазшы дәмді тамақ дайындайды.Дәрігер-адам жанының арашасысы.Құрылысшы адамдарға ыңғайлы,әдемі үйлер салады). -Сонымен,адамдарға барлық мамандық маңызды және қажет.
Ата-аналарының мамандықтары жөнінде әңгіме айту.
Жаупа береді.
Балалар анасы,әкесінің мамандығы туралы айтып береді.
Ойынға барлығы белсенді қатысады.
Өлең жолдарын жаттап алуға тырысады.
Өлең жолдарын қосылып айтып,мазмұнына байланысты
қимыл-қозғалыстар жасайды.
Рефлексия
-Сендердің ата-аналарың да мамандық иелері,солай емес пе?Олардың мамандығы қандай,кім болып істейді?
Өскенде қандай мамандық иесі болғылары келетіні жөнінде ойларын ортаға салу.
Балалардың өз ойынан шығарылған әңгімесі.
Күтілетін нәтиже:
-Балалрға әр түрлі мамандық туралы мағлұмат беріп,білімдерін кеңейту.
-Әр түрлі мамандыққа қызығушылықтарын арттыру.
-Еңбектің барлық түрін құрметтеуге тәрбиелеу,қойылған сұрақтарға жауапты толық,дұрыс беруді дағдыландыру.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Көкөністер мен жемістер.
Мақсаты:Балаларды көкөністер мен жемістермен тереңдетіп таныстырып,ерекшеліктерін айта білуге үйрету.
Міндеттері:Жемістер мен көкөністердің құрамындағы кездесетін дәрумендердің адам ағзасына тигізетін маңызын айта білуге үйрету,адамның табиғатпен тығыз байланысы туралы түсінік қалыптастыру,табиғат сыйларын,оларды еңбек арқылы табатынын есте сақтау.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру,ойын.
Ұйымдастыру:топпен Көрнекілік:суреттер,сюжетті таратпалы карточкалар.
Жылулық шеңбері: Балаларды шеңберге тұрғызып,өлең жолдарын айтады: Ашық менің жүрегім, Ылғи күліп жүремін. Бірге ойнап,бірге жүрер, Достарым көп,білемін!
Дидактикалық ойын:»Ненің дәмі?»Шарты:Көзерін жұмып, қорапша ішінен не алып шықса,соның дәмін татып көкөніс пе жеміс пе екенін айту. Сұрақ қою: -Жылдың қай мезгілі? -Осы кезде нелер піседі? -Көкөністер мен жемістер немен бай? -Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы бар ма? -Қашан жинап аламыз?
Сергіту сәті:
Алма кетті домалап, Көше бойын жағалап, Кім алманы табады, Сол алманың дәмін татады.
«Кім тапқыр?»ойыны арқылы жұмбақ жасырады.
1.Домаланған ала бас, Дәмді шырын,даяр ас. 2.Аспай піскен ,қайнамай түскен.
3.Бақшада өседі,көп өнімдерін береді.
Балалар орындарына отырып,кезек-кезек келіп тұрады.
Күз мезгілі.
Көкөністер мен жемістер.
Дәрумендермен бай.
Жауаптарын айтады.
Балалар шеңберге тұрып қимылдар орындайды.
Жұмбақ жауабын шешеді де сурет арқылы көрсетеді.
Рефлексия
«Көңілді бақша»өлеңін оқу. Шолып едім бақшаны, Көкөніс біткен көңілді. Жасыл,сары,қызыл, көк, Сан алуан көкөніс.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады желімдеп.
Қорытынды:-Өлеңде не туралы айтылған?
Бақшада не өседі?Бақта не өседі?
Өлең жолдарын жаттап алған балалар марапатталады.
Жауаптар береді.
Күтілетін нәтиже:Жемістер мен көкөністер туралы түсініктері қалыптасып,адамдарға дәрумендер пайдасы туралы білу.Табиғат сыйларын аялап,қорғап, қамқоршы болып тәрбиелену.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Құстарға не үшін көмектесу керек.
Мақсаты:Табиғат аясында қауіпсіздік ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:-Адамдар мен жануарлар әлемінің бір-біріне тәуелділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
-Табиғат құбылыстарын бақылағандағы сезімдерін жеткізе білу қабілетін дамыту;
-Табиғаттың бүтіндігін,әдемілігін сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, әңгімелеу,ойын
Ұйымдастыру:топпен.
Көрнекілік:құстар суреттері
Әрекет кезеңі
Тәрбиеші әрекеті
Баланың әрекеті
Жағымды
Жағымсыз
Мотивация
«Кім көп құс түрлерін айтады» дидактикалық ойыннан ойнауды ұсынады.
Ойынға белсенді қатысқандары үшін балаларды мақтап,құстар туралы әңгіме өткізеді.
Ойынға қызығушылық білдіріп,белсене қатысады,құс атауларын еске түсіреді.